Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:34

Кувейтте АҚШ-тың үш ұшағы құлады

1
Фото: ашық дереккөз

Пентагон мәліметінше, ұшақтар қателік салдарынан Кувейт тарапынан атып түсірілген. Барлық ұшқыштар сәтті түрде катапультамен секіріп, аман қалған.

Кувейт Қорғаныс министрлігі 2 наурыз күні АҚШ-тың бірнеше жойғыш ұшағы «құлағанын» хабарлады. Экипаж мүшелерінің барлығы сәтті катапульталанып, ауруханаға жеткізілгені айтылған.

Әлеуметтік желілерде америкалық жойғыш ұшақтың апатқа ұшыраған сәті түсірілген кадрлар тарады. Журналистердің анықтауынша, бейнематериал АҚШ-тың Кувейттегі «Әл-Салам» базасынан 10 шақырым қашықтықта түсірілген.

Қалған ұшақтардың нақты қай жерде апатқа ұшырағаны туралы ақпарат нақтыланбаған.

Кейінірек АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) F-15E үлгісіндегі үш жойғыш ұшақтан айырылғанын растады. Мәлімдемеде ұшақтар Кувейттің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Иран шабуылына тойтарыс беру кезінде қателікпен атып түсірілгені көрсетілген.

Алты ұшқыштың катапульталанғаны, олардың жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалағаны хабарланды.

Айта кетейік, 28 ақпаннан бері Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы одақтастарына, соның ішінде Кувейтке де соққылар жасап келеді. Кувейт аумағында АҚШ Әскери-әуе күштерінің ірі базасы орналасқан.