Бүгін, 14:45
«Күйеуімді қамап, бизнесін тартып алды»: «Оңтүстік Мұнайгаз» басшысының әйелі дабыл қақты

«Күйеуімді қамап, бизнесін тартып алды» деп «Оңтүстік Мұнайгаз» басшысының әйелі дабыл қақты.
Шымкенттегі «Оңтүстік Мұнайгаз» компаниясының директоры Андрей Шилковтың жұбайы Елена Шилкова Астанада адвокаттарымен бірге баспасөз мәслихатын өткізді. Ол жұбайына қарсы қозғалған қылмыстық істің заңсыз екенін және компанияны рейдерлік жолмен тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді.
Шилкованың сөзінше, кәсіпорынға көз тіккендер құқық қорғау органдарының атын пайдаланып отыр.
«Біздің дауысымызды естісін деп мәжбүрлі түрде қоғам мен журналистерге шықтық. Күйеуімді қамауға алып, енді компаниясын тартып алмақ. Бұл әрекет Бас прокуратураның атын жамылып жасалып жатыр», - деді ол.