Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:23, 19 Қазан 2022

«Күзгі жапырақтарға тиіспеңіз...»

None
None

Қарағандыдағы экологиялық музей мамандары күзгі сенбілік кезінде жапырақтарды жағуға тыйым салынғанын айтып дабыл қағады.

Экологтар ҚР Экологиялық кодекске сай қалдықтар мен қоқыстарды рұқсатсыз жағып жіберуге тыйым салатынын мәлімдейді. Бүгінде Қарағанды қаласындағы экологиялық музей мамандары тазалық жұмыстарын жасау барысында тұрғындардың күзгі қурап түскен жапырақтарды жағып жіберу жайттарын жиілетіп жібергенін айтады. Экологтар «табиғаттың үздіксіз үдерісі мен заңдылығына сай жапырақтармен алысып керек емес, олар жер астына сіңіп, ары қарай өзіндік процесін жалғастыруы керек» деп дабыл қағады. Қарағанды өңірінде сенбілікте, әсіресе жер үй аумағының мамандары жапырақтарды жинап алып өртеп жіберуді әдетке айналдырған. Тұрғындар қурап жатқан жапырақтардан осылай оңай құтылудың жолын қарастырады. Сенбілік жұмыстары оң нәтиже көрсеткенмен уақыты жетіп солып қалған жапырақтарды өртеуден қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келеді. Бірінші  кезекте ауа қабатына қалдықтарды жағу барысында түтінмен зиянды заттар тарап, ол адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді. Әрі қураған жапырақтарды жөнсіз тұтатып жаға берудің салдарынан ауыздықталуы қиын өрт тұтануы мүмкін. «Күзгі жапыраққа от қойып, оның көзін құрту үлкен қателік. Табиғаттың өзіндік бұлжымас заңы бар, біз адамдар өз әрекетімізбен сол заңға қарама-қайшылық тудырып, жер анаға кесірімізді тигізіп жатырмыз. Жапырақтардан құтылудың жалғыз жолы – оларды жер астына көміп тастау керек», – дейді экологтар.

Қурап қалған жапырақ жер қабатына сіңіп, шіріген соң топырақ құрамына пайдалы болып қалады. Сонымен қатар қураған жапырақтар топырақ астындағы жәндіктерге қорек болып табылады, әрі қураған жапырақ қалдықтары ағаш тамырларының қыста үсіп қалмауына ықпал етеді. Осылайша экологтар табиғаттың бұлжымас заңдылығына кесір тигізбеуге шақырады. Сондай-ақ экологтар жапырақтарды жағуды қоймаған жандарға полиция шақырып, оларға айыппұл арқалату керек екенін ескертеді.

Тегтер: