09:45, 01 Шілде 2024
Құжатсыз жүрген 20 шетелдік Қазақстаннан шығарылды
Алматының көші-қон қызметі, қаладағы тұрғын аудандардың бірінде жүргізілген рейд қорытындысы бойынша 41 шетел азаматының заңсыз жұмыс істеп жүргенін анықтады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Олардың 20-сы Қазақстаннан шығарылған.
«Олар рұқсат беру құжаттарынсыз заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Олардың 20-сы соттың ұйғарымымен Қазақстан Республикасынан шығарылса, екеуіне әкімшілік айыппұл салынды, тағы 19 құқық бұзушы жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-таратуға орнатылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушілерге шара қолдану жұмыстары жүргізілуде», - деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.