КВИ: Бір облыс қайта «қызыл аймаққа» енді, 13 адам қайтыс болды
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Ақмола облысында санитарлық эпидемиологиялық жағдай қайта нашарлаған.
Сол себепті бұл өңір «қызыл аймаққа» қайта енді деп хабарлайды,-«Жас Алаш».
Айта кетейік, 8 желтоқсанда елімізде 683 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы анықталған.
«Сары аймақта»: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр.
«Жасыл аймақта»: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары.
Сондай-ақ Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан 13 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
7 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, қайтыс болған 12 адамда коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы расталған. Тағы бір марқұмда коронавирус анықталмағанымен, дәрігерлер оған КВИ белгісі бар пневмония диагнозын қойған.
9 желтоқсандағы жағдай бойынша, елімізде 22 353 адам коронавирустан емделіп жатыр (19 371 КВИ+ және 2 982 КВИ-). Олардың ішінде 4 404 науқас стационарда ем қабылдаса, 17 949 науқас амбулаторлық ем алып жатыр.
КВИ+ және КВИ- жұқтырғандар арасында:
- 349 науқас ауыр халде;
- 85 науқас аса ауыр халде;
- 60 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.