Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:54, 15 Шілде 2020

Л. Бюрабекова: ауруханаларға құны 3 млрд теңгеге жуық медициналық препараттар таратылуда

Денсаулық сақтаувице-министрі Людмила Бюрабекова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіндедәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек туралы айтып берді.

Оның сөзіне қарағанда, Үкімет бөлшексекторды сұранысқа ие препараттармен толықтыру бойынша барлық шаралардықабылдауда. Бөлшек саудаға шығарылатын дәрі-дәрмектерді жеткізу процедураларыжеңілдетілді. Бұл процесті жеделдетуге мүмкіндік берді.

«10 шілдеде Мәскеуден екі азаматтықбортпен жеткізілген 55 тонна дәрі коронавирустық инфекция мен пневмонияныемдеуге арналған препараттарға бір айлық қажеттілікті қамтамасыз етеді. Олардыңішінде вирусқа қарсы және дене қызуын төмендететін препараттар, антикоагулянттармен антибиотиктер, Сондай-ақ, 150 мыңға жуық азитромицин, миллионға жуықцефтриаксон, 150 мың данасы тамифлю, 50 мың арбидол және басқа да қажеттімедициналық препараттар. Дәрі-дәрмектер өңірлік дәріханаларға біркелкіүлестірілді. Осы аптада Үндістаннан ұшақ келеді. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етужәне дәрілік заттарға деген сұранысты толықтай қанағаттандыру үшін мұндайшаралар ай сайын ұйымдастырылады», — деді Л. Бюрабекова.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың ақпаратыбойынша, сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілгенкөлемін көрсететін стационарлар мен емханаларды дәрілік препараттарменқамтамасыз етумен «СК-Фармация» айналысады. Вице-министрдіңатап өтуінше, қазіргі уақытта бірыңғай дистрибьютор ауруханаларға құны 3 млрдтеңгеге жуық медициналық препараттар таратуда, сонымен қатар 3 айға қажеттірезерв құру үшін отандық өндірушілерден және импорттаушылардан дәрілік заттарсатып алынуда. «Алдағы уақыттанауқастардың болжамды саны бойынша бірыңғай дистрибьютор барлық ауруханалардыжыл соңына дейін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қоймаларды толтырады», — деді Л.Бюрабекова.

Тегтер: