Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:30, 11 Қаңтар 2022

«Лаңкестер шетелдерден келген»

None
None

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен сөйлескенде «Қазақстанға қарсы шабуыл жасағандардың көбі Орталық Азия елдерінен, соның ішінде Ауғанстаннан және Таяу Шығыстан келген» деп мәлімдеді.

Мемлекет басшысы «Мұның террорлық шабуыл екеніне ешқандай күмәнім жоқ. Бұл – Қазақстанға қарсы жақсы ұйымдасқан, әбден дайындалған агрессиялық акт. Олардың пиғылы біздің аумақты бақылауда ұстайтын хаос аймағына айналдыру, содан кейін билікті басып алу болды. Сондықтан Қазақстанда лаңкестікке қарсы операция басталды» деді.

Лаңкестік оқиғаның салдарынан мемлекетке келген экономикалық шығын 2-3 миллиард доллар болуы мүмкін. Бұл туралы да осы кездесуде айтылды. Мемлекет басшысы қайғылы оқиғаны агрессиялық акт деп бағалап, заңсыз әрекеттен 1300 кәсіпкерлік нысанға залал келіп, 100-ден астам сауда орны мен банктер тоналғанын, 500-ге жуық көлік өртелгенін атап өтті. 

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан келген бітімгерлер әскери операцияларға қатыспайтынын, олардың міндеті стратегиялық нысандарды қорғау екенін хабарлады. Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишель біздегі жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін баса айтты.

Тегтер: