Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:46, 25 Қыркүйек 2025

Лавров пен Рубио Нью-Йоркте Ресей–Украина соғысын талқылады

1
Фото: Telegram/MariaVladimirovnaZakharova

24 қыркүйек күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясы аясында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио кездесті.

Кездесу бір сағатқа жетпей аяқталғаны жөнінде Meduza басылымы хабарлады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің мәліметінше, Рубио келіссөз барысында «президент Трамптың қантөгісті тоқтату және Мәскеу Ресей–Украина соғысын тұрақты шешу үшін маңызды қадамдар жасауы тиіс» деген үндеуін тағы қайталады.

Өз кезегінде Ресей сыртқы істер министрлігі Лавров пен Рубио «Украина дағдарысын шешу жолдары бойынша пікір алмасқанын» мәлімдеді.

Лавров әңгіме барысында Ресей АҚШ-пен «дағдарыстың түпкі себептерін жою бойынша күш-жігерді үйлестіруге дайын екенін» жеткізіп, «қақтығысты созуға бағытталған кез келген схемаларды» қабылдамайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Сергей Лавров пен Марко Рубио бұған дейін, 10 шілде күні Малайзия астанасы Куала-Лумпурда кездескен болатын.