Лебедева қарсыласып бақты

03.10.2018, 19:28

216

        Лебедеваның допинг-сынамасынан да шикілік шыққаны, туринабол  препаратының ізі табылғаны жұртшылыққа ерте белгілі болды. Алайда ресейлік спортшы екі жыл бойы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге тырысты. Ол Лозаннадағы (Швейцария) Спорттық төрелік сотына апелляция жіберді, бірақ ол өтініш кері қайтарылды. Лебедеваны екі жылға айыптау туралы шешім биылғы 5 қыркүйекте шықты, бірақ жаза мерзімі допинг анықталған уақыттан, яғни 2016 жылдың 12 қыркүйегінен басталды. Оның 2008 жылдың 18 тамызынан 2010 жылдың 10 тамызына дейін барлық жарыстарда көрсеткен нәтижелері есептен шығарылды. Лебедева өзінің рұқсат етілмеген препараттарға жүгінгенін мойындаған жоқ, бірақ өз сынамасынан табылғанын да терістемеді. Кейінірек спортшы ақтығын дәлелдеуден де бас тартты.    Осындай даулы шаруадан кейін ақыры күміс медаль шынайы иесіне көшті. Енді Ольга Рыпакова – олимпиаданың үш жүлдесін де иеленген тәуелсіз Қазақстанның алғашқы спортшысы. Оның нәтижесі мынадай: Бейжің – күміс, Лондон – алтын, Рио-де-Жанейро – қола!     Естеріңізге саламыз, ұзақ уақытқа созылған допинг дауынан кейін Бейжің жүлделерінен отандастарымыз Илья Ильин (ауыр атлетика, алтын), Таймураз Тигиев (еркін күрес, күміс), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, қола), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, қола), Ирина Некрасова (ауыр атлетика, күміс) жүлделерін қайтарып берді. Ал қарсыластарының допинг-сынамасы оң нәтиже берген соң, ауыр атлет Алла Важенинаға – алтын, балуан Нұрбақыт Теңізбаевқа күміс жүлде табыс етілді.Фото: zampolitЕсалы Өстемір
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 05:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 12:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 08:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 08:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 07:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 10:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00