16:25, 26 Шілде 2024
«LEGO» брендінің атауын жамылған контрафактілік өнімдер тәркіленді

2024 жылғы 25 шілдеде Алматы қаласында әділет органдары «LEGO» тауар белгісін заңсыз пайдалану бойынша контрафактілік өнімді өткізу фактісінің жолын кесті.
«Lego Juris A/S» компаниясы өкілінің өтініші бойынша Алматы қаласының көтерме сауда базарларының бірінде көтерме саудамен айналысатын «Б» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында балалар конструкторларында «LEGO» тауар белгісін заңсыз пайдалану анықталды, делінген хабарламада.
Нәтижесінде: 4 миллион теңгеден астам сомаға 3145 контрафактілік өнім алынды.
Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша іс жүргізу шаралары қабылдануда.
Істің материалдары кінәліні одан әрі жауапқа тарту үшін сотқа жіберілетін болады.