Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:25, 20 Қазан 2022

Лидер қайдан шығады?

None
None

Бар болғаны – мемлекет басшысы ғана ауысыпты. Кеңес заманынан қалған бір анекдот еске түсіп кетті: Бір колхозда жиналыс боп жатыр екен.

Күн тәртібінде екі мәселе. Бірінші мәселе – сарай құрылысы, екінші мәселе – коммунизм құру туралы. Төраға сөз алып, былай депті: « – Жолдастар, ақша жоқ, шеге жоқ, тақтай жоқ, сондықтан бірден екінші мәселеге көшейік!»

Бізде қазір тура солай болып тұр. Екі мәселе бар: президент сайлауы мен «жаңа Қазақстан» құру. Біздің төрағамыз да «бәсекелестік жоқ, кандидаттар жоқ, сайлау дейтін сайлау да жоқ, сондықтан бірден екінші мәселеге кірісейік» дегендей жағдайда отырмыз.

 «Әлемде қым-қуыт жағдай болып жатыр, жағдай тұрақсыз, сын-қатерлер төніп тұр» деген ескі ертегілер әлі айтылып жатыр. «Демократияны қайтесіңдер, осы жүйемізден басқа тура жол жоқ бізге» деген ескі сарын. Сын айтқанды «тыныш кемемізді шайқап жатқан» террорист дейді. Ұлттық қауіпсіздік деген түсінікті әлі де биліктегі элитаның қауіпсіздігімен байланыстырып келеді. Айтылып-жазылатын сын – ұлтқа қауіпті емес, биліктің өзі үшін қауіпті.

Елде цифрлық автократия орнап жатыр. Жүйеге қарсы адамдарды полицияның күшімен кысумен бірге, әлеуметтік желілер арқылы буллинг пен боттардың көмегімен, бұзу мен бұғаттау деген әдістерге көшті. Бұл салада Қытай әлемдік лидер еді. Кешегі Астанадағы саммитте ақпараттық-технологиялық қауіпсіздік саласында ынтымақтасу туралы келісім бекерге жасалған жоқ. Саяси бақылауды күшейту үшін Қазақстан да Қытайдың адамның түрін танитын жүйесін қолдануға тырыспақ.

«Сендерге демократия берсек, ертең елдің астан-кестеңі шығады», – деп қорқытқанды біздің идеологтар жақсы көреді. Ал шындығында, елдегі апаттар мен қиындықтарды дарынсыз жемқорлар басқаратын қазіргі автократиялық жүйенің өзі тудырып отыр. Қаңтар оқиғасы осыны көрсетті емес пе? Қазақстанда шынайы лидер жоқ деген тезис – жалған. Өздері ешкімге тең мүмкіндік бермесе, лидер қайдан шығады?

(Досым Сәтпаевтың YouTube-тегі «Гиперборей» арнасындағы сөзінен)

Тегтер: