Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 16:41

«Ливия ісі»: Францияның заманауи тарихындағы ең маңызды сот ісі басталды

саркози
Фото: из открытых источников

Ливия диктаторы Каддафи 2007 жылғы сайлау науқанын заңсыз қаржыландырғаны үшін Францияның бұрынғы президенті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиге қарсы Ливияның сол кездегі билеушісі, диктатор Муаммар Каддафидің 2007 жылғы президенттік сайлау науқанын қаржыландыруға қатысты «Ливия ісі» деп аталатын сот процесі бүгін басталды.

Француздық RFI медиа-компаниясы өз веб-сайтында жазғандай, «Париж қылмыстық сотында 2025 жылға жоспарланған сот процесі Францияның заманауи тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болмақ».

Прокуратураның мәліметінше, Муаммар Каддафи Саркозидің 2007 жылғы сайлау науқанын қолдау үшін шамамен 50 миллион еуро берген. «Бұл сома француз заңнамасында белгіленген шектен айтарлықтай асып түседі», - деп көрсетеді RFI.

Францияның бұрынғы президентіне тағылған айыптар арасында жемқорлық, сайлау науқанын заңсыз қаржыландыру, мемлекет қаржысын жымқыру және қылмыстық ұйымға қатысу бар. Егер кінәсі дәлелденсе, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Саркозидің өзінен басқа бұл іс бойынша тағы 11 айыпталушы, оның ішінде үш экс-министр бар.

Тегтер: