Лондон Башар Асадтың әйелін қабылдаудан бас тартты
Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың әйеліне салынған санкциялар оның туған жері Ұлыбританияға оралуына мүмкіндік бермейді. Бұл туралы британ билігінің өкілдері мәлімдеді.
Асма әл-Асадтың күйеуімен ажырасып, отбасы қуғында жүрген Ресейден кетуді жоспарлап отырғаны туралы хабарлардың тұсында Британ үкіметі Асадтарға қарсы күшіне енген қатаң санкцияларды, оның ішінде сапарға тыйым салу мен активтерді бұғаттауды жүзеге асырды.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми: «Мен оның санкцияланған адам екенін және бұл жерде қабылданбайтынын растаймын», - деді.
Бұған дейін Түркияның Haberturk басылымы Асма Асадтың Ресейдегі тұрмыс жағдайына көңілі толмай, өзі туып-өскен, Корольдік колледжінде білім алған Лондонға бару үшін ажырасуды сұрағанын хабарлаған. Басылымның мәліметінше, Асма Асадтың өтініші қарастырылуда.