Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:15

Лукашенко «американо» кофесінің атауын беларус брендіне ауыстыруды ұсынды

Лукашенко
Фото:скриншот

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минск қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының біріне барып, кофе «американо» атауын беларус брендіне өзгерту туралы ұсыныс айтты. 

Беларусь президентінің ресми Telegram-арнасы «Пул первого» Лукашенконың Минскідегі мейрамханалардың біріне барған сәтінен видео жариялаған. Сол жерде президенттен қандай кофе ішкісі келетінін сұраған.

Сонда Лукашенко:

«Американо атауын беларус брендіне өзгерту керек. Әзірге жақша ішінде “американо” деп жаза тұрыңдар. Адамдар үйренген соң, кейін толық ауыстырамыз», – деген.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Беларусь президенті 8 наурыз қарсаңында әйелдермен кездесу кезінде де ерекше мәлімдеме жасаған еді.

Ол әйелдерге:

«Егер бір ер адам сендерді ренжітсе, мүмкіндік тауып маған TikTok арқылы жазыңдар. Бізде TikTok бар ғой, мен оны әр таң сайын оқимын. Кейде күлкілі жағдайлар да болады. Бірақ біреу сендерді ренжітсе, маған жазыңдар – міндетті түрде жауап беремін», – деген болатын.

Тегтер: