Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:41

Лукашенко: Беларусь соғысқа дайындалып жатыр

Лукашенко
Фото: dumskaya.net

Александр Лукашенко Беларусь армиясының кешенді тексеру қорытындысы бойынша өткен жиында елдің соғысқа дайындалып жатқанын мәлімдеді.

Беларусь басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Лукашенко «бейбіт кезең болмайды» деп атап өткен. Оның сөзінше, қарулы күштер дәл осындай жағдайлар үшін құрылған және ел кез келген қауіпке жауап беруге дайын.

«Біз соғысқа дайындалып жатырмыз. Егер біреу ббізге шабуыл жасаса, біз жауап береміз», – деді Лукашенко.

Жиын барысында әскери тексеріс «бұрын-соңды болмаған ауқымды әрі қатаң» деп бағаланған. Әскерилер ұрыс жағдайына барынша жақын сценарийлерде, ауа райы мен уақытқа қарамастан сынақтан өткен.

Әскер санын 500 мыңға дейін арттыру мүмкін

Лукашенконың айтуынша, қажет болған жағдайда Беларусь армиясының санын жарты миллион адамға дейін көбейтуге болады. Ол мұндай шаралар аймақтағы геосаяси жағдайдың күрделенуімен және Беларусь шекарасына жақын қауіптердің артуымен байланысты екенін айтты.

Сондай-ақ ол Беларуське жасалған шабуыл «үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына» әкелуі мүмкін екенін ескерткен.

КХДР-мен жаңа келісім

25 наурызда Лукашенко алғаш рет Солтүстік Кореяға ресми сапармен барып, елдің көшбасшысы Ким Чен Ын-мен келіссөздер жүргізді.

26 наурызда тараптар достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Беларусь тарапы бұл құжат екі ел арасындағы қарым-қатынасты «жаңа деңгейге көтереді» деп мәлімдеді.

Ким Чен Ын Беларуське қолдау білдіріп, Батыстың қысымына қарсы екенін айтты. Лукашенко өз кезегінде екі елдің халықаралық мәселелер бойынша ұстанымы ұқсас екенін жеткізді.

Ресеймен байланыс контексті

Беларусь пен КХДР Ресейге Украинадағы соғыс аясында қолдау көрсетіп отыр. Пхеньян Мәскеуге оқ-дәрі мен әскери күш жіберсе, Минск 2022 жылы Ресейге өз аумағын Украинаға қарсы әскери операция үшін пайдалануға берген.