Лукашенко Николай Статкевич туралы: «Біз оны елге қайтардық»

Беларусь басшысы Александр Лукашенко оппозициялық саясаткер, бұрынғы саяси тұтқын Николай Статкевичтің елден кетуден бас тартқанына қатысты пікір білдірді. Оның сөздерін «Зеркало» басылымы жариялады.
Лукашенконың айтуынша, 69 жастағы саясаткер босатылған сәтінде өте әлсіреп, денсаулығынан айрылған және түрмеде қайтыс болып кетуі мүмкін еді. Ол Статкевичтің Литваға шықпай, қайтадан Беларусьқа оралуды таңдағанын айтпды.
«Шекараға барды, бейтарап аймаққа шықты. Литовтар: “Сен Беларусьқа қайтқың келе ме? Қайтып барсаң түрмеге түсесің ғой”, – деді. Ол: “Барамын”, – деп жауап берді. Содан кейін біз оны алып кеттік. Қалай тастап кетеміз? Ақыр соңында ол – біздің адам. Дұрысы – біздің азамат», – деді Лукашенко.
Алайда Беларусь басшысы саясаткердің қазір нақты қайда екенін ашып айтпады.
52 саяси тұтқынның босатылуы
Николай Статкевич – 2010 жылғы президенттік сайлауға қатысқан бұрынғы кандидат. Ол 11 қыркүйекте АҚШ пен Беларусь арасындағы келіссөздерден кейін босатылған 52 саяси тұтқынның қатарында болды. Сол күні босатылғандардың басым бөлігі Литваға депортацияланды. Бірақ Статкевич елден кетуден бас тартып, бірнеше сағат бойы Беларусь пен Литва шекарасындағы бейтарап аймақта тұрған. Кейін Литва шекарашылары ооның Беларуссияға қайта оралғанын хабарлады.
Бұрынғы саяси тұтқын Михаил Дедоктың айтуынша, билік босатылғандарға Беларусьтан кету-кетпеу туралы таңдау бермеген:
«Бізден ештеңе сұраған жоқ. Қолымызға ешқандай қағаз бермеді, әңгімелеспеді. Бастымызға қап кигізіп, КГБ-ның СИЗО-сынан шығарып, автобусқа отырғызды да алып кетті», – деген Дедок.
15 қыркүйекте «Наша Ніва» басылымы дереккөзіне сілтеме жасап, Статкевичті қайтадан колонияға қайтарғанын хабарлаған болатын.