Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:28, 04 Наурыз 2024

Лукашенко санкцияны Қазақстан арқылы айналып өткісі келеді

Елші
Фото: из открытых источников

Беларусь пен Қазақстан санкциялық қысым қаупіне қарамастан ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарын таба алады. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанның Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Байжановпен кездесуінде мәлімдеді.

Лукашенконың айтуынша, екі ел бірлесе жұмыс атқарса, санкцияны айналып өтуге мүмкіндік бар. 

– Егер біз Беларусь пен Қазақстанды қызықтыратын бағытта қозғалатын болсақ, біз санкцияларды ғана емес, кез келген кедергілер мен қиындықтарды еңсере аламыз. Сіз білуіңіз керек: сіз бізге доссыз және сіздің дипломатиялық миссияңызда мүмкіндігінше қолдау көрсететінімізге сеніңіз.

Ерлан Байжанов, өз кезегінде, Беларусь басшысына кездесу мүмкіндігі үшін алғыс айтып, мұны Александр Лукашенконың Қазақстанмен қарым-қатынастың екіжақты күн тәртібіне жеке көңіл бөлуінің ерекше белгісі деп санайтынын мойындады.

Дипломат ел мен кәсіпорындарды аралауды жалғастыруға ниетті екенін және оның әсері «ең маңызды» екенін айтты:

– Біріншіден, Беларусьтің технологиялық дамуы мен өнеркәсіптік әлеуеті және, әрине, адамдары маңызды. Бас инженерден бастап, қарапайым жұмысшыға дейін барлығы қарым-қатынасты әрі қарай дамытқысы келеді, деді елші.

Сонымен қатар, Лукашенко алдағы уақытта Қасым-Жомарт Тоқаевтың Белорусь республикасына баратынын айтты. 

Фото: president.gov.by.