Лукашенко жетінші рет президенттік қызметке кірісті

Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті қызметіне кірісті.
Ұлықтау рәсімі Минск қаласындағы Тәуелсіздік сарайындағы Салтанат залында өтті.
Оң қолын Конституцияға қойып, Александр Лукашенко белорус тілінде ант берді.
«Беларусь Республикасының Президенті лауазымына кірісе отырып, Беларусь Республикасының халқына адал қызмет етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге және қорғауға, Беларусь Республикасының Конституциясын сақтауға және қорғауға, маған жүктелген жоғары міндеттерді қасиетті және адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», - деді ол.
Үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында өткен сайлаудың қорытындысы бойынша Александр Лукашенко Беларусь Республикасының Президенті болып сайланды. Оның кандидатурасына барлығы 5 136 293 дауыс берілді, бұл дауыс беруге қатысқан азаматтар санының 86,82 пайызын құрады.
"Әлемнің жартысы біздің "диктатурамызды" армандайды - біздің халқымыздың нақты істері мен мүдделерінің диктатурасы", - деді мемлекет басшысы "Ал сөз бостандығымен бәрі жақсы. Бізде демократия өзін оның эталоны деп атайтындарға қарағанда көбірек", - деді Лукашенко.