Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:24

«Лукойл» шетелдегі активтерін сатуға келісті, бірақ Қазақстаннан кетпейді

Лукойл
Фото: Zima Nadezhda/Zoonar/IMAGO

Ресейлік «Лукойл» компаниясы шетелдегі бірқатар активтерін америкалық Carlyle инвестициялық қорына сату жөнінде келісімге келді.

 Алайда мәміле Қазақстан аумағындағы активтерді қамтымайды.

Компанияның мәліметінше, «Лукойл» тобы еліміздегі жобаларын өз иелігінде қалдырып, қолданыстағы лицензиялар аясында жұмысын жалғастыра береді.

Қазіргі уақытта келісімнің аяқталуы үшін бірнеше реттеуші органның мақұлдауы қажет. Олардың ішінде АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) да бар.

Сонымен қатар «Лукойл» басқа ықтимал сатып алушылармен де келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.

Тегтер: