Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:10

«Лукойлдың» Қазақстандағы үлестері Венгрияға өтуі мүмкін

Лукойл
Фото: Zima Nadezhda/Zoonar/IMAGO

Ресейлік «Лукойл» компаниясының активтері төңірегіндегі даулы оқиға толастар емес.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл активтерге жетекші америкалық мұнай компаниялары да қызығушылық танытып отыр.

Венгрияның мұнай-газ компаниясы MOL АҚШ шенеуніктеріне «Лукойлдың» шетелдегі активтерін сатып алуға мүдделі екенін жеткізген. Айта кетейік, АҚШ-тың санкциялары ресейлік өндірушіні халықаралық активтерін 13 желтоқсанға дейін сату туралы шешім қабылдауға мәжбүрледі. Reuters дерегіне сүйенсек, «Лукойл» қазіргі таңда Exxon Mobil, Chevron және Таяу Шығыс инвесторларымен келіссөз жүргізуде. Бұған дейін АҚШ Қаржы министрлігі швейцариялық Gunvor компаниясын ықтимал сатып алушы ретінде қабылдамай тастаған. 

Ресейден тыс орналасқан «Лукойл» активтеріне Еуропадағы мұнай өңдеу зауыттары, Қазақстан, Өзбекстан, Ирак және Мексикадағы жобалардағы үлестер, сондай-ақ жүздеген жанармай бекеттері кіреді. MOL компаниясын әсіресе Еуропадағы НПЗ, АЗС желісі және Қазақстан мен Әзербайжандағы өндіруші активтер қызықтырып отыр.

MOL да, АҚШ әкімшілігі де журналистердің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Reuters мәліметінше, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан қараша айында Дональд Трамппен кездесіп, MOL жоспарларын талқылаған. Бұл визит Будапештке ресейлік мұнай мен газды сатып алуды жалғастыру үшін санкциялардан бір жылдық жеңілдік алуға мүмкіндік берген.

Сонымен қатар, MOL АҚШ санкциялары салынған сербтік NIS мұнай өңдеу зауытын сатып алуға да ұмтылып отыр.

Тегтер: