Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:09

ІІМ Алматы полициясындағы тексерістерге қатысты пікір білдірді

1
Фото: ашық дереккөз

Бауыржан Әленов Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан кейін қалада жүргізіліп жатқан тексерістер мен өзге өңірлерден келген патрульдер туралы қауесеттерге жауап берді.

Әлеуметтік желілерде басқа облыстардан келген полиция көліктерінің колонналары туралы видеолар таралып, кейбір тұрғындар мұны «полиция қатарын тазалау» деп бағалаған.

Алайда ІІМ мұндай пікірлерді жоққа шығарады.

«Бұл – жоспарлы жедел-профилактикалық шара. Ешқандай “тазалау”  болмайды», – деді Әленов.

Оның айтуынша, мұндай шаралар тек Алматыда ғана емес, Астана мен басқа да ірі қалаларда жүргізіліп жатыр.

Дегенмен ішкі тексеріс жүріп жатыр

Сонымен қатар үш адамның өмірін қиған резонансты жол апаты ішкі тексеріске түрткі болған.

Журналистер Zeekr көлігінің жүргізушісінің «ықпалды қамқоршылары бар ма?» деген сұрақ қойған.

«Бұл дерек тексеріліп жатыр. Қазір Алматыда ІІМ-нің арнайы комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Бірқатар басшылар қызметінен босатылды», – деді Аленов.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда, бірақ күзетпен ауруханада жатыр.

Әл-Фарабиде өзгеріс болмай ма?

ІІМ әзірге әл-Фараби даңғылындағы қозғалыс ережелерін немесе жылдамдық режимін өзгертуді жоспарлап отырған жоқ.

Министрлік өкілдері мәселе жолда емес, жүргізушілердің тәртібінде екенін атап өтті.

Айта кетейік, жол апаты түнгі уақытта Медеу ауданында болған. Zeekr маркалы электрокөлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соғысқан. Салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы (екі жас қыз) оқиға орнында қаза тапқан.

Zeekr көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол конвоймен медициналық мекемеде күзетуде. Жағдайы тұрақталған соң уақытша ұстау изоляторына жеткізілмек.

Тегтер: