Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:14, 07 Тамыз 2024

ІІМ: «Қаңтар оқиғасына» қатысқандарды ұстау бойынша белсенді кезең аяқталды

d
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі Алматы мен Шымкентте қылмыстық топтың мүшелері ұсталғанын мәлімдеді. 

Ағымдағы жылдың тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратурамен бірлесіп, Алматы және Шымкент қалаларында бір уақытта “Дикий Арманның” ұйымдасқан қылмыстық тобының 15 ықтимал мүшесіне қатысты ұстау және тінту шаралары жүргізілді. Топтың жетекшісі мен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, оның басқа мүшелері бостандықта заңсыз әрекеттерді жасауды жалғастырған, деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

ІІМ мәліметінше, олардан 40-тан астам тінту іс-шаралары жүргізіліп, атыс, травматикалық және суық қару, сондай-ақ олардың құқыққа қайшы қызметінің өзге де заттай дәлелдемелері тәркіленген.

Қазір барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жалпы, соңғы екі жылда 140-тан астам осындай топтардың қызметі тоқтатылып, криминалитеттің 550-ден астам өкілі жауапқа тартылған.

Аса қауіпті қылмыстық топтарды, оның ішінде “қаңтар оқиғасы” кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды құрықтау бойынша белсенді кезең аяқталуда, деді ІІМ.