ІІМ Нұрай Серікбай ісіне қатысты видеожазбаның таралуына түсініктеме берді
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласының тұрғыны Нұрай Серікбайдың қаза болуына байланысты қылмыстық істегі видеожазбалардың интернетке тарап кетуіне қатысты ресми түсініктеме берді.
Ведомство мәліметінше, сөз болып отырған бейнематериалдар — қылмыстық іске қатысты құпия тергеу материалдары. Аталған видеолар қыздың қаза болуынан жарияланған.
ІІМ вице-министрі Игорь Лепеха бұл видеожазбаның таралуына қатысы бар бұрынғы полиция қызметкерінің әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді. Ол бұл туралы Сенаттағы брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып айтты.
Бұған дейін жәбірленуші тараптың адвокаты Сержан Нұрпейісов құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкеріне қатысты шағым түсіріп, тергеу материалдарын заңсыз таратты деп айыптаған болатын.
Бейнежазбада Нұрай Серікбай күдіктіге ешқандай шағымы жоқ екенін мәлімдеген.
Вице-министр Игорь Лепеханың айтуынша, мұндай әрекеттерге мүлде жол берілмейді.
«Оның мұндай әрекет жасауға құқығы болмаған. Қылмыстық іс қозғалды, және бұл жағдайға тиісті құқықтық баға беріледі», — деп атап өтті вице-министр.