Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:29, 26 Қаңтар 2022

Мәә!!! Не деген байлық?

None
None

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев тек өзіне ғана есеп беретін қаптаған қорлар арқылы миллиардтаған долларға бағаланатын байлыққа иелік етеді екен.

Коррупция мен ұйымдасқан қылмысты зерттейтін OCCRP орталығы, қазақстандық «vlast.kz» және «kloop.kz» басылымдары сұмдық деректерді ашыпты.

Назарбаевта не жоқ дейсіз: банктер, элиталық отельдер, фабрикалар, қоймалар, телеарналар мен, кемінде, 100 миллион доллар тұратын неше-түрлі ұшақтар. Миллиардтаған қолма қол ақша да бар. Бұл активтердің жалпы құны, кемінде, сегіз миллиард доллар деседі. Не деген байлық ә?

Назарбаев қорлары бұл жалғанда қожайыннан басқа ешкімге есеп бермейді екен. Нұрсұлтан президент болып тұрғанда, төрт жекеменшік қайырымдылық қорын құрып, солар арқылы активтерін басқарған деседі. Қазақстан халқына жәрдемдесу үшін деп құрылған қорлардың ірі компаниялары, ірі компаниялардағы үлестері бар. Кейбір қорлар Қазақстан үкіметінен қаржыландырылған. Қазір Назарбаев қорларының қолындағы кәсіпорындар саны көптеген халықаралық конгломераттардан да асып түседі.

Мұншама жасырын байлығы барын бұрын көпшіліктің білмеген себебі – ол кісіні сынау өте қауіпті іс болатын. Қазақстан отыз жыл бойы шет елге табиғи байлығын сатып келсе де, ел халқының жағдайы бір түзелмеді. Оның орнына президенттің отбасына жақын адамдар мен шенеуніктердің үрім-бұтағынан тұратын миллиардерлер тобы пайда болды. 2019 жылы Назарбаев президент тағын тастаса да, ештеңе өзгермеді.

ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы деген жекеменшік қор 2011 жылы ашылып, 2021-де жабылыпты. Жекеменшік «Назарбаев қоры» мен «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» 2009 және 2010 жылы құрылған. Сосын, тағы «Демеу қоры» мен «Елбасы қоры» бар. Олар – 2013, 2021 жылдары ашылған.

2010 жылы «Назарбаев университеті» құрылды, елде мемлекет тарапынан мол қаржыландырылатын «Назарбаев зияткерлік мектептері» ашылды, 2010-2021 жылдары зияткерлік мектептерге 5 миллиард доллар бөлініпті. Қазақстандық балалардың аздаған бөлігін ғана қамтитын мектептер үшін бұл тым көп ақша.

Назарбаевтың қорларындағы қаражатты Қазақстан халқының игілігіне бере салса ғой? Ол миллиардтарға талай игі істерді жүзеге асыруға болар еді, ә!

Тегтер: