Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:02, 15 Тамыз 2022

Мәдениет қызметкерлеріне арналған UMAI сыйлығы тағайындалды

None
None

Қазақстанда мәдениет қызметкерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдауға бағытталған UMAI сыйлығы тағайындалды.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. 

Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 млн теңгені құрайды.

Сыйлық театр өнері, музыка өнері, хореография өнері, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сынды 4 бағыт бойынша беріледі және 19 аталымды қамтиды.

Әр номинацияның жеңімпазы 2 млн теңге және «Үздік музыкалық-драмалық спектакль» және «Үздік балет спектаклі» номинацияларының жеңімпаздары 10 млн теңге алады.

Министр жақын арада министрлік тарапынан бұл туралы толық ақпарат ұсынылатынын атап өтті.

Тегтер: