Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:00, 05 Қаңтар 2026

Мадуроны «алып қашудың» артында мұнай нарығындағы мүдде жатыр

Мадуро жұбайымен
Фото: из открытых источников

Сарапшы Нұрболат Нышанбайдың айтуынша, әлемдік мұнай саудасы доллармен жүргізілуі тиіс деген «петродоллар» теориясы бар.

 Алайда 2018 жылдан бастап Венесуэла мұнайды тек доллармен емес, юань, еуро және рубльмен де сата бастады.

Сарапшының сөзінше, Дональд Трамп Венесуэлада Ресей мен Қытай ықпалындағы компаниялармен жұмыс жалғасатынын, бірақ енді мұнайды АҚШ сататынын ашық мәлімдеген.

Венесуэланы Украина немесе Иракпен салыстыруға болмайды. Себебі елдегі мұнай қоры 303 млрд баррельді құрайды. Бұл – әлемдік қордың 20 пайыздан астамы. Көрсеткіш бойынша Венесуэла Сауд Арабиясы мен Катардан да алда.

Сарапшы мұндай жағдай бұған дейін де болғанын еске салды. Атап айтқанда, 2000 жылы Саддам Хусейн, 2009 жылы Муаммар Каддафи доллардан бөлек есеп айырысу жүйесін енгізуге талпынған.