Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 14:47

Магдебургтегі шабуыл құрбандарының саны алты адамға жетті

Магдебург
Фото: Michael Probst/AP/picture alliance

2024 жылдың желтоқсанында Магдебургтегі Рождестволық базарға келушілерді көлік қағып, жарақат алған 52 жастағы әйел ауруханада қайтыс болды.

20 желтоқсанда шабуылшы Сауд Арабиясының 50 жастағы дәрігері, исламнан бас тартқан және 2006 жылдан бері Германияда тұрып жатқан Талеб А. көлікпен Магдебургтің Ескі базар алаңында (Альтер Маркт) жиналған көпшілікті қағып өтті. Бес адам қайтыс болды, оның ішінде 9 жасар бала бар. 200-ден астам адам жарақат алды.

Талеб А. Магдебургтен 50 км қашықтықтағы Бернбург қаласында тұрып, Германияда психиатр және психотерапевт болып жұмыс істеген. MDR медиа-компаниясының хабарлауынша, Талеб А. соңғы жылдардағы әлеуметтік желілердегі жазбаларында Германия билігі мен полициясын Сауд Арабиясымен «Еуропаны исламдандыру» үшін ынтымақтасады деп айыптады. Шабуыл болған күні ол қоғамды, полицияны және неміс билігін сынға алған өте хаотикалық мазмұндағы төрт бейнені жариялады, деп хабарлайды MDR.

Қазіргі уақытта оқиғаны зерттеп жатқан Германия билігі қылмыстан исламшылдық себептермен жасалған теракт белгілерін көрмей отыр.