Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:45

Мағжан Ілиясов АҚШ-тағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды

Мағжан Илиясов
Фото: gov.kz

 Мағжан Ілиясов Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар ол Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі, Исландия мен Ирландиядағы елші қызметтерінен босатылды.

 Мағжан Ілиясов — 1996 жылы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері және халықаралық қатынастар университетін бітірген.

1998 жылы Нидерландтағы Гаага қаласында орналасқан Клингендаль халықаралық қатынастар институтында дипломаттарға арналған арнайы курстан өтті. 2013 жылы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінде білім алып, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.