11:49, 14 Сәуір 2022
Мағзұм Мырзағалиев жаңа қызметке тағайындалды
Президенттің бұрынғы кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» «Самұрық-Қазына» қорының сайтына сілтеме жасап.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімі бойынша, Президент Әкімшілігі және Үкіметпен келісе отырып, Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды", — делінген хабарламада.
Бүгін, 14 сәуірде Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі қызметінен босатылғаны белгілі болды.