Махачкалада су тасқынынан үш қабатты үй құлады
Махачкала қаласында нөсер жауыннан кейін болған су тасқыны салдарынан үш қабатты тұрғын үйдің іргетасы шайылып, ғимарат құлаған.
Тұрғындар эвакуацияланды
Қала әкімдігінің мәліметінше, Айвазовский көшесіндегі тағы төрт көпқабатты үйде құлау қаупі сақталып отыр. Осыған байланысты 300-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
«Тұрғындардың бір бөлігі уақытша орналастыру пункттеріне жеткізіліп, қажетті көмек көрсетіледі. Қалғандары туыстарының үйіне уақытша орналастырылады», – делінген хабарламада.
Интерфакс дерегінше, құлаған ғимарат – тұрғын үйге жапсарлас салынған қосымша құрылыс болған.
Жауын салдарынан су басып, ғимарат опырылып түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Солтүстік Кавказда наурыз айының соңынан бері нөсер жауындар жалғасып, су тасқындары күшейген.
Ең көп зардап шеккен өңір – Дағыстан:
-
ондаған мың адам жарықсыз қалған;
-
автожолдар жабылған;
-
теміржол инфрақұрылымы бүлінген;
-
Махачкалада көптеген көшені су басқан.
Ал Шешенстан аумағында сел мен жауын салдарынан:
-
17 көпірге зақым келген;
-
ондаған үй қираған.