Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:44, 15 Қыркүйек 2025

Макгрегор Ирландия президенттігіне үміткерліктен бас тартты

1
Eurosport

Әйгілі ирландиялық спортшы Конор Макгрегор ел президенттігіне сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді. Ол өзінің шешімі туралы әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлаған.

«Бұл соңы емес. Менің саясатқа қызығушылығым, елімнің тағдырына бейжай қарамайтындығым өзгерген жоқ. Бірақ дәл қазір сайлауға түсуге ниетім жоқ», – деді спортшы.

Макгрегор бұған дейін бірнеше рет саясатқа қадам басу мүмкіндігін меңзеп, тіпті президенттікке үміткер ретінде қарастырылатыны туралы қауесет тараған еді. Оның бұл мәлімдемесі көпшіліктің назарын аударып, түрлі пікір тудырды.

Спортшы өз сөзінде ирландиялықтар үшін маңызды әлеуметтік және саяси мәселелерге үн қосуды жалғастыра беретінін атап өтті.

Тегтер: