Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:39, 06 Наурыз 2025

Макрон: "Ресей Украинамен тоқтайды дегенге кім сенеді?"

1
Фото: Celal Gunes/Anadolu/picture alliance

Ресейдің Украинадағы соғысы «жаһандық қақтығысқа» ұласып, Еуропаның қауіпсіздігіне қатер төндіре бастады, деді Франция президенті халыққа жолдауында. Париж еуропалық одақтастарын ядролық қарумен қорғауды қарастырады.

Франция президенті Эммануэль Макрон халыққа арнаған теледидарлық үндеуінде ол Ресейдің Солтүстік Корея сарбаздары мен ирандық әскери техниканы қолдану арқылы Украинадағы соғысты «жаһандық қақтығысқа» айналдырғанын атап өтті. Сонымен қатар, Макронның айтуынша, Ресей өзінің әскери әлеуетін белсенді түрде арттыруда. "Ресей Украинамен тоқтайды дегенге кім сенеді? Ресей қазірдің өзінде Франция мен Еуропаға қауіп төндіріп тұр", - деді Франция президенті.

Макрон Америка Құрама Штаттарының «біз жақта қалатынына» сенгісі келетінін, бірақ Еуропа керісінше дайын болуы керек екенін атап өтті. Франция басшысы Дональд Трамп президенттік қызметке кіріскеннен бері Ресей мен АҚШ арасындағы жақындасуды «жаңа дәуір» деп атады.