14:15, 26 Мамыр 2025
Макрон жұбайынан шапалақ жеді ме? Әлеуметтік желілерде “ерекше” кадр таралды

Франция президенті Эммануэль Макронның жұбайы Брижит Макронның оғаш қимылы бүгінде тек әлеуметтік желілерде ғана емес, әлемдік БАҚ-та да қызу талқыланып жатыр.
Жағдай Вьетнамға жасалған ресми сапар кезінде болған. Макрон мен әйелі ұшақтан түспек болған сәтте камера күтпеген кадрды түсіріп үлгерген. Брижит қолымен Эммануэль Макронның бетін қағып жібереді.
Бұл — шын мәнінде шапалақ па, әлде жай ғана ауызын жабуға тырысқан әрекет пе, нақты айту қиын. Бірақ видео қоғамның қызу назарына ілікті.
БАҚ бұл сәтті “отбасылық кикілжің” деп сипаттаса, кейбір басылымдар протокол қызметінің сәтсіздігіне назар аударуда. Себебі, ұшақ есігі алдын ала, уақытынан бұрын ашылып кеткен.
Елисей сарайы бұл жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірмеген.