12:20, 30 Қыркүйек 2025
Малы қырылған ауыл тұрғындары шенеунікті бұлақ суын ішуге мәжбүрледі
Малы қырылған ауыл тұрғындары шенеунікті бұлақ суын ішуге мәжбүрлеген.
Шығыс Қазақстан облысында бір ауылдың малы жаппай қырылып қалған. Тұрғындардың сөзінше, малдар бұлақтан уланған. Жергілікті халық бұлаққа улы заттар жақын маңдағы алтын өндіретін кәсіпорыннан түсуі мүмкін деп болжап отыр.
Судың қауіпсіздігін дәлелдеу үшін ауыл жұрты шенеунікті бұлақтан су ішуге мәжбүрлеген.
Мамандар оқиға орнына барып, мал өлексесін сойып зерттеді. Қырылған малдан қауіпті ауру бар-жоғын анықтау үшін сынамалар алынған. Нәтижелер 4 қазанда белгілі болады. Алдын ала жүргізілген талдау топырақ пен судан рұқсат етілген мөлшерден артық көрсеткіш таппаған.