Мамайды түлен түртті ме?

Күнікеше Ақорданың алдына шығып алып, «Халықтың несиесі кешірілсін» деген талапқойған Жанболат Мамай Нұр-Сұлтанды біраз шулатты.
Ақыры оны келіссөзге шақырып,Ақорданың ішіне алып кеткен. «Жанболат Мамайдың бұл тірлігін түсіну қиын. Басқаемес, дәл осы несиелердің кешірілгенін талап ету мүлдем орынсыз» деген пікірлержеліде желдей есіп тұр.
Желідегі көп блогер-журналистердің пайымымынау: егер билік Жанболат Мамайдың «халықтың банктерден алған несиелерінкешіріп, жауып бер» деген ұсынысын орындайтын болса, онда билік мемлекеттікбюджет есебінен (халықтың салығынан жиналған қаржымен) олардың банк алдындағықарызын жауып беруге тиіс болады. Сонда ұтысқа шығатын кім? Банк! Алданатынкім? Халықтың өзі!
Бұл өзі билік пен Жанболат Мамай арасындағыкелісілген жұмыс емес пе екен деген күмән мен сауал қылтияды. Рас, бюджет деген– халықтың ақшасы. Егер ол нағыз өзгерістерді шын аңсаған саясаткер болса, негеәлемде бірде-бір мемлекет қолына алмайтын жалаң айқайшыл ұрандардың орнына нақтысаяси әлеуметтік реформалар ұсынбайды?
Әлеуметтік желіде жазылған пікірлергеқұлақ түрсек, желідегі жұрт былай дейді: «Жанболаттың осы ісінен-ақ оныңсауатсыздау адам екенін көруге болады, мұндай идея дені сау ешкімнің басынакелмейді. Біреулер миллиондап банктерден кредит алып шалқидыекен, той, құдалық, қымбат телефон алады екен. Неге оны ел бюджетінен, қордантөлеуіміз қажет? Бір рет кешірді билік несиені, енді қашанғы кешіреді? Әркімөзі жауап беруі тиіс». «Халықтыңнесиелерін жаппай жабу деген дұрыс емес. Банктен «ертең қайтармей кетемін»деген арам ниетпенкредит алған алаяқтар да бар. Егерәки олардың кредитін құрдан-құр жауып бересалатын болсақ, мұның несі әділеттілік?» «Мұның артында мүдделі топ тұруы мүмкін. Банктердің ондаған жылдан беріала алмай жүрген қаржысын тез қайтарып алуға мүмкіндік туып тұр. Ал банктердіңиесі кім екені баршаға аян». Серік Боқан, Жолымбет Мәкіштің пікілерді де осыған саяды.
Халықтың кредитін жартылай болсын жауыпбермес бұрын, осы мәселені жан-жақты зерттеп алуымыз керек еді. Жанболат Мамайхалықты сабасына түсірудің орнына наразыларды одан ары көбейтіп жіберді. Халыққазір кредитті жабудан қиындық көріпжатқан жоқ, 200 мың теңгенің үстіне 200 мың теңгедей қосып төлетіп жатқанбанктердің өсімқорлығынан көбірек қиналып жатыр. Бұл салаға несие беретінбанктердің пайызын азайтатындай жаңа несиелік жүйе, жаңа реформа керек. Қазір біздіңбанктеріміз несие алатындардың қалтасын қағып, соңғы тиынына дейін санап алыпжатыр. Банктер халықты қанаушы тапқа айналды. Негізінен, әлеуметтік наразылыққасебеп болып жатқан осы мәселе. Соңғы тиынын өсімқорлардың қолына санап беріп,алған ақшасын екі есе етіп қайтарған адам көшеге шықпағанда, қайтеді?!