Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:18, 13 Шілде 2023

Маман Алматыдағы өрттің басты себебін атады

None
None

Атмосфераның өкпесі саналатын ормандардың өртке орануы жер шарының экологиясына кері әсер етері түсінікті.

Ауаның ластануынан бөлек экожүйенің бұзылуына алып келеді. 2019 жылғы Сібір ормандарындағы өрт, 2023 жылғы 8 маусымда басталған Абай облысындағы өрт төтенше жағдай қызметінің жұмысының олқылығын айшықтап бергендей. Одан бөлек қалалардағы өрт кезінде де техниканың жетіспеушілігінен немесе тағы да басқа себептерден адам шығындары болып жатқанын көріп отырмыз. Осы мәселеге байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне телефон шалып, сұхбаттасып көрдік.

– Алматы қаласы құтқару департаментіне көбіне қандай жағдайларға тап болған қоңырау көп түседі? Күнделікті қанша қоңырау қабылдайсыздар? Қанша шақыртуға шығады?

2022 жылғы көрсеткіш бойынша 101 және 112 телефондарына 1 млн 375 мың 756 қоңырау келіп түскен.Құтқарушылар 2977 шақыруға шығып, 675 адамды эвакуациялаған және 124 адам құтқарылған. Төтенше жағдайлардың 98 процентін өрт құрайтынын тағы да айта кетуіміз керек. Бірақ Алматы қаласында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы өрт саны 6 процентке азайған. Олардың көбі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан, газ үстіндегі астың қараусыз қалуынан шығады екен. Сонымен бірге автокөлік өрттері де тіркеледі. Орташа есеппен тәулігіне Алматы қаласы ТЖД 112 желісіне азаматтардан 3 мыңнан астам қоңырау түседі. Оның ішінде 101 желісіне – азаматтардан 300-ден астам қоңырау келеді. Тәулік ішінде орташа есеппен өрт сөндіру қызметі өрт туралы шақыртуларға 15-20 рет шығады.

–  Абай облысындағы өрт кезінде техниканың және арнайы құрал жабдықтардың жетіспеушілігін көрдік. Тіпті қызметкерлердің аздығы білінді. Сіздің департаментте бұл мәселелердің күйі қандай?

–  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі әртүрлі функционалдық мақсаттағы 183 бірлік өрт сөндіру автокөліктерімен қаруланған, оның 54% негізгі мақсатқа, 18% арнайы мақсатқа, 27,8% қосалқы мақсатқа арналған. Қазіргі уақытта өртке қарсы қызмет гарнизонының жабдықталуы негізгі норманың 95%-ін құрайды. Яғни ресми норма бойынша 192 бірлік көлік болуы керек. Әкімдіктің қолдауымен өрт сөндіру бекеттерін салу және техника алу мәселелері кезең-кезеңімен, жүйелі түрде шешіліп жатқанын айта кеткен жөн. Мысалы, Алматы қаласына 35 өрт сөндіру депосы қажет. Қазір 19 депо жұмыс істеп тұр. 1 депоның құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта 15 өрт сөндіру депосын салу жоспарланған. Өрт сөндіру бөлімдерінде күн сайын орта есеппен Қызметтік жеке құрамыннан 220 адам, 58-60 техника кезекшілікте болады. Ауқымды төтенше жағдайлар кезінде төтенше жағдайлар қызметі қызметтің жетілдірілген нұсқасына ауысады. Кезекшілік кестесін өзгерту арқылы құтқарушылар санын екі есе арттырады. Сондай-ақ қолда бар барлық резервтік құрал-жабдықтар да жұмысқа жұмылдырылады. Олардың барлығы арнайы киімдермен және құрал-жабдықтармен жабдықталған.

–  Өрттің алдын алу жұмыстары қалай жүргізіледі? Дрон секілді немесе басқа да жаңа технологияларды пайдаланасыздар ма?

Туристерді таулы орман алқабында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы хабардар ету және өрттерді анықтау үшін таулы орман алқабын патрульдеу және бақылау үшін департамент 2 ұшқышсыз ұшатын аппаратты, сонымен қатар дауыс зорайтқышы бар «Дабыл» көлігін пайдаланады. Сонымен қатар өрттің алдын алу мақсатында патрульдік жұмыс кестесі бекітіліп, демалыс және мереке күндері орман шаруашылығымен бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

Тегтер: