Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:02, 13 Қазан 2023

Маман Астанада жоғарыдан құлап кеткен альпинистердің қателігін атады

альпинист
Фото: из открытых источников

Астанада биіктіктен құлаған альпинистер қауіпсіздік шараларын сақтаймыз деп қателесуі мүмкін, - дейді елордалық Төтенше жағдайлар департаменті құтқару бөлімшесінің басшысы Павел Володин.

"Біз альпинистер салынып жатқан ғимараттың тоғызыншы қабатында болғанын білеміз. Олар құрылыс саласында жұмыс істейді. Әр ұйымда қауіпсіздік журналы болады, ал қызметкерлер соның ішіндегі нұсқаулықты оқып шығуы керек", - деп есептейді маман.

Құтқарушының айтуынша, төрт альпинист арқандарын бір тіреу нүктесіне байлаған болуы мүмкін, бұл өлімге әкелетін қателікке алып келген.

"Әдетте олар екі арқан пайдаланады: бірі - негізгі арқан, екіншісі - қауіпсіздік арқан. Қауіпсіздік мақсатында оларды әртүрлі құрылымдарға бекіту керек. Егер негізгісі үзіліп кетсе, альпинистерді қауіпсіздік арқаны құтқарады", - дейді Володин.

Маманның айтуынша, отандық альпинистерді кәсіби маман деп айту қиын, өйткені Қазақстанда альпинизмді оқытатын мемлекеттік мекемелер жоқ.

"Оларды кәсіби альпинистер деп айту қиын, өйткені Қазақстанда оларға үкімет бекіткен тиісті лицензия бермейді. Негізінде барлық альпинистер өзін-өзі оқытады. Кәсіби мамандарды мектептер мен оқу орталықтары дайындайды. Мысалы, халықаралық ұйымдар бар. Биіктікте жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін оларға өте жоғары талаптар қойылады. Бұл курстарды бітіргендер бүкіл әлемде жұмыс істей алады", - дейді Павел Володин.

Айта кетейік, 12 қазанда күндіз Астанадағы құрылыс нысандарының бірінде төрт альпинист биіктіктен құлап, біреуі сол жерде жан тапсырған болатын. Кейіннен биіктіктен құлаған тағы бір альпинист ауруханада көз жұмды.

Елордалық полицейлер құрылыс алаңында жұмысшылардың құлауы бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі «Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.