Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:00, 16 Шілде 2023

Маман Титан экипажы өлімінің жаңа нұсқасын айтты

None
None

«Титан» экипажының қазасы сарапшылар бұған дейін мәлімдегендей, бірден болған жоқ.

Өлім алдында су асты қайығының жолаушылары бір минуттай қиналған. Сүңгуір қайықтар жөніндегі испан сарапшысы Хосе Луис Мартин осындай қорытындыға келген. Бұл туралы Daily Mail жазды.

Маманның айтуынша, қайғылы оқиға шамамен 1700 метр тереңдікте борттағы электр қуатының істен шығуы себеп болған. Осыдан кейін батискафта тас қараңғылық орнаған. 

Батискаф содан кейін тұмсығы төменге қарап, оқ сияқты құлдилай сүңгіген.  Бұл 48 секундтан 71 секундқа дейін созылды. салдарынан қысымға шыдамаған батискаф шар сияқты жарылып кеткен.  

«Титан» батискафы Атлант мұхитындағы 1912 жылы батып кеткен «Титаникке» саяхаттаған. Су астындағы кеменің ішінде бес адам  - британдық миллиардер Хамиш Хардинг, француз теңіз ардагері Поль-Анри Нарджоле, «Титан» негізіні қалаушы Стоктон Раш және пәкістандық кәсіпкер Шахзада Давуд және оның 19 жастағы ұлы Сүлейман болған.

Тегтер: