Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:47, 15 Маусым 2020

Мамин мен Сапарбаев мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды

Үкімет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған.

Премьер-министр Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбев мінген тікұшақтан шыққан ақауды арнайы комиссия тексереді, деп хабарлайды «Жас Алаш»Азаттық рухы сайтына сілтеме жасап.

 Бұл туралы «Қазавиаспас» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі хабарлайды.

«Тікұшақ Жамбыл облысындағы Қордайда тәртіпсіздік болған аумақты айналып жүргенде есептегіш гидравликалық жүйе істен шыққан. Бортта Премьер-министр Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев болды. Оларда бәрі жақсы. Барлығы дін-аман екінші бортқа отырғызылды. Енді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, яғни Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі ақауды анықтау үшін комиссия құрады. Комиссия тікұшақтың бұзылу себептерін анықтайды », — деді ІІМ ТЖК «Қазавиаспас» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Анар Хамитова

Еске салайық, Премьер-министр Асқар Мамин  12 маусымда Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған болатын.

Тегтер: