Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:01, 04 Қаңтар 2022

Мамин Үкіметі отставкаға кете ме?

None
None

Барыс жылының басы жаңаөзендіктердің наразылығымен басталды. Сұйытылған мұнай газының бағасын төмендетуді талап етіп, көшеге шыққан халық бірнеше күннен бері тарамай өз талаптарын қоюда.

 Бұған дейін ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев газ құнын литріне 120-дан 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылданғанын айтқан болатын. Алайда халық газ бағасын 50 теңгеге дейін түсіру талабынан қайтар емес. 

Мамандар «жалпы еліміздегі қымбатшылық халық наразылығын туғызып отыр. Жаңаөзендіктерге қолдау білдіріп, Ақтөбе мен Алматы қаласындағы алаңға жиналған халық наразылығы соның айғағы» деген пікірде. Тіпті әлеуметтік желіде «қымбатшылыққа жол берген Мамин үкіметінің отставкаға кетуін» талап етіп жатқандар да көп. Осы орайда дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы да желідегі парақшасында «Мамин өкіметі отставкаға кетуі тиіс.

Себебі:1. Экономика құлдырап, қымбатшылық салдарынан халық қатты кедейленіп, қарызға белшеден батқан.

2. Жанар май мен газды уысында ұстап тұрған монополистер егін науқаны көктемде, жиын-терін кезі күзде бағаны қолдан шарықтатып, шаруашылық иелеріне қиыншылық тудыруда. Жалпы газ бен жанар май бағасы барынша арзандатылуы тиіс. Себебі қымбат жанар май тасымалдау бағасына тікелей әсер ететіндіктен барлық салада қымбатшылықты нәтиже беруде.

3. Көптеген сала жемқорлыққа белшеден батқан. Пандемия кезінде бөлінген милиардтаған қаржы талан-таражға түсіп, тиімсіз қолданылды. Мыңдаған азаматтың өліміне жол берілді. Халықтың наразылығы күннен күнге артуда. Оның арты өте қиын жағдайларға әкелері сөзсіз. Сондықтан жаңа өкімет құрылып, білікті де білімді жаңа леп келуі қажет.

P.S.S.Барлық арандатушылық әрекеттерден сақ болу қажет. Қоғамдық тәртіп сақталуы тиіс!» деген пікір қалдырыпты. 

Ал Мамин үкіметі мұндай өзгеріске дайын ба?

Тегтер: