Маминнің тапсырмасы халықты дағдарыстан құтқара ма?

Өткен аптада үкімет басшысы Асқар Маминкарантинге байланыстыуақытша тоқтаған салалардың қызметін жандандырубойынша жүйелі дайындық жүргізуді тапсырды.
Сөйтіп, үкімет мәмілесімен карантиннензардап шеккен кәсіпкерлерге осы жылдың қазан айына дейін несие төлемдерін кейінгешегеруге мүмкіндік берілетін болды.
Жалпы,пандемия кезеңіне өткелі бері Мамин үкімет мүшелеріне, министрлерге жағдайдықалыпқа келтіруге тапсырма бергіш болып алды. Мысалы, әр аймақта келеңсіздіктерорын алса, халыққа дәрі-дәрмек жетпей, ас-ауқатынан тарығып қарапайым халыққиналып жатса, үкімет бірден жергілікті әкімдікке тапсырма береді. Артынша олпроблема үкіметтің емес, әкімнің проблемасы тәрізді болып қалады да, жергіліктібилік мәселені шешу үшін жанығады да жүреді. Бұл бізде әу бастан қалыптасқанқағида екенін жақсы білеміз.
Мәселен, елде пандемия кезіндесаудагерлер азық-түлік, тауар бағасын шарықтатып жіберді. Осы сәтте үкіметәкімдерге «бағаны бақылай алмағандарың орындарыңнан кетесіңдер» деп дөң-айбаткөрсетіп, аймақтардағы бағаны қалыпқа келтіруге тапсырма берді. Сол-ақ екен,аймақ әкімдері «атқа қонып», базар аралап, саудагерлерге шүйлігіп, «бағаныөсіргендердің басы кетеді» деуге дейін барды. Ал нарық заңына сәйкес, бағанықолдан тежеп ұстаудың арты қандай болатынын Мамин үкіметі білмейді емес, біледі.Тауарды қымбатқа сатып алған кәсіпкер үкіметтеннемесе әкімнен қорқып, қалай оны арзанға сатсын?!
Бұл қадам делдалдан жұмыртқаны20 теңгеге сатып алып, өзі оны базарға апарып 10 теңгеден сататын Қожанасырдыңоқиғасына ұқсас әрекет емес пе?! Осылайшабіздің елде инфляция шарықтап, икемге көнбей жатса, оны тежеу мақсатындакөңілге қонбайтын тапсырмалар беруде атқарушы билік алдына жан салмайды. Аләкімдер өз деңгейінде мұндай тапсырмаларды орындаған кейіп танытып жатады.
Тапсырма беруде және оныорындатуда үкіметтің сөзі әкімдерге өтіп-ақ тұр делік, ал қазір үкіметтің тіліналмайтын «тілазарлар» да баршылық. Мәселен, қазіргідей қиын кезеңде үкіметхалықты қиындықтан құтқару мақсатында екінші деңгейлі банктерге қарапайым елдіңнесиесін үш айға кешіруді тапсырды. Арнайы қабылданған қаулы немесе жарлық емес,тек қана тапсырма болғандықтан ба, екінші деңгейлі банктер мұндай тапсырмаларғапысқырып та қараған жоқ. Бұл жайында «Жас Алашта» бірнеше мәрте зерттеліп, жазылдыда. Бірақ «халықтың көзі һәм құлағы саналатын басылымдар сынап жатыр-ау» деп,сыннан қорытынды шығара қойған банктер некен-саяқ. Банктердің бұған дейін деелді ойлағаны шамалы еді, қазіргідейқиын кезеңде халықты ойлаған банк мекемесі саусақпен санарлық. Тіпті қайсыбірбанктер елдің несиесін белгілі бір уақытқа дейін кешірген сыңай танытқанымен,уақыты келгенде оның үстіне өсімпұл қосып төлетуге тырысып бағуда. Ал енді олардыңкейбіреуінен несиені төлемеген қарапайым адамдардың шоттары бұғатталуынабайланысты үкімет «көмекке» деп берген 42 500 теңгені ала алмай отырғанжайттар да кездеседі. Қалай десек те, несиені кешіру акциясын банктер «үкіметтіайтты, біз көндік» деген ниетпен қабылдай қойған жоқ.
Несиені кешіру туралы тапсырма неліктен банктердің оң жамбасына келмейотырғанын экономика ғылымының докторы,профессор Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ былай деп түсіндірді:
– Банк секторы – экономиканың күретамыры. Осы күретамырды біз енді-ендіаяғынан тік тұрып келе жатқан мемлекет кезінде жекеменшіктің қолына беріпқойдық. Біз жіберген негізгі қателіктің бірі осы болды. Есіңізде болсын, тәуелсіздікалған тұста банк жүйесін жекеменшіктің қолына беруге келгенде бас қатырыпойлану керек еді. Себебі әр мемлекет өзінің қаржылық саясатын оңтайлы жолғақойып, халқының әлеуетін көтеру үшін оған арнайы бір құрал-жабдық қажет. Міне,мұндайда бірден-бір пайдаланатын құрал банк жүйесі екені белгілі. Ал біз осы қаржылыққұралды тым еркінсітіп жібердік. Мемлекеттік бақылауды азайтып алдық. Сондықтанбұл арада тағы да сол мемлекеттік бақылау, қадағалау мәселесінің шеті шығады.
Маманның пайымынша, біз банк жүйесін жасақтауда әлі де болса басқанықойып, білікті мамандарға қол жеткізе алмай отырмыз. Мәселен, Жапонияда банктерарнайы мамандарды қызметке іріктеу кезінде әрқилы көзқарастағы, әртүрліпікірдегі адамдарды жұмысқа алуға тырысады екен. Бұл ретте жапондардың ойы«қандай да бір мекемеде әрдайым пікір қайшылығы болып тұруы керек, сонда олмекеменің жұмысы алға басады» дегенге саяды.
– Логикалық түрде ойласақ, пікір қайшылығы болған жерде қоғам дамиды.Бізде, керісінше, тек банк саласы ғана емес, кез келген мекемеде командалықжүйемен жұмыс істеу деген бір дерт бар. Бұл дерт соңғы кездері, әсіресе, қаржысаласында асқынып бара жатқанын мойындауымыз керек. Тамыр-таныстық дендегенжерде қаржы саясаты дамымайды. Біз банк секторын жандандыру үшін алдымен осыкомандалық тұрғыда жұмыс істеуден арылуымыз керек. Бұл саланың әлеуеті сондағана артады. Екіншіден, елдегі банктерді үкімет қатаң бақылауға алып,жекеменшік үлесті азайту керек. Сонда ғана банктерге үкіметтің сөз өтімдіболады, – дейді Бейсенбек Зиябеков.
Маманның пайымынша, кез келген салада мемлекеттік үлес басым болуықажет. Олай етпесе, үкіметтің тапсырмасы құлаққа ілінбейді. Бұдан барып әр саланы енжарлық пенбойкүйездік иектей береді. Ал мұндай әрекеттердің халықты қиындықтанқұтқармайтыны белгілі. «Үкімет тапсырма бермес бұрын, осыларға сөзім өте медегенді бір сәт сарапқа салып алу керек. Тапсырманы орындамайтындары белгіліболса, нақты қаулы шығарып, тіпті заңға өзгерту енгізіп, ырыққа көнбегендерінтезге сала алатындай пәрмені болуы тиіс. Тек қана тапсырма емес, осындай мысыбасатын шешімдер ғана елді дағдарыстан алып шығады. Бізде тапсырма беріледі,бірақ оны орындау жағы кемшін тартып жатады. Сондықтан енді арнайы заң шығарып,қаулы қабылдайтын әрекетке көшкен жөн», – дейді әлеуметтанушы Жандос Мұртаза.
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ