Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:45, 11 Қазан 2024

МӘМС-тің басшылық құрамының өкілдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

п
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде басшылық құрамның өкілдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ мен оның өңірлік филиалдарының басшылық құрамының 11 лауазымды тұлғасы мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды, делінген хабарламада.

Жоғары аудиторлық палата Қорда жүргізілген тексеру іс-шараларын биыл шілдеде аяқтады. Нәтижесінде ҚР-ның бюджет және өзге де заңнамалары бойынша, сондай-ақ ұйымның ішкі нормативтік құжаттарынан бұзушылықтар анықталған.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мен ӘМСҚ басшылығына лауазымды адамдардың жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны және жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарту тапсырылды.

Қорытындысы бойынша ӘМСҚ мен оның өңірлік филиалдарының басшылық құрамының 11 өкілін, оның ішінде Қордың басқарма төрағасының бір орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды. 

Тегтер: