Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:15, 04 Маусым 2020

«Мәңгілік ел» ұстанымының ұстыны – біртұтас алаш идесы

1990 жылғы «Қазақстанныңсуверенитеті» туралы мәлімдемеде қамтылған осы бес түрлі ұлттық ұстанымбұтақтала келіп, 2002 жылғы жерді сату туралы заң жобасынан кейін қазақмемлекеті ұлттық идеядан толық арылып, беймарал мемлекеттің құрылымына көшті.

Соншама азап шеге жүріп аңсаған тәуелсіздік идеясынан неғып соншама тезжеріндік?  «Алаштап» жүріп «Ақ жол»партиясы Айталы ағамыз бастатқан қазақтың марқасқа зиялысын «судан өткеншепайдаланды» да, судан өткен соң, суға лақтырып кетті. Лениннің «буржуазияжалтақ, онда ар-ождан жоқ, пайдакүнемдік мүдде ғана бар» дегені рас болыпшықты.  Кейде маған кеңес тұсындағыБалтық жағалауы, Өзбекстан, қазіргі Бельгия сияқты үнсіз азаматтық мойынсынбауқозғалысын бастап кетсек қайтеді деген ой да келеді.

Мұны әсіресе орыстілдібасылымдар, соның ішінде орыстілді шала қазақтар, «қазақтың қаражүздіұлтшылдығы» (махровый казахский национализм) деп атайды. Таза украиндықтардыңбір күннің ішінде «фашистік ұлтшылдар», «бандеровшіл ұлтшылдар», «қаражүздіұлтшылдар» атанып шыға келгені сияқты, қазақтың мүддесін көздесең бітті, турасондай қарғыс таңбасы басылғалы тұр. Ұлтшылдық  империялық өктемдікке,бір ұлттың өзге ұлтты езіп, қанауынан туындайтын, Ленин айтқандай, ұлттықбуржуазияның ішінде туып, халықтық сыпат алатын күрес жағдайында туындайды.Империялық билеуші ұлттан өзінің ұлттық мүддесін орындауды талап еткен азаматтыұлтшыл деп атайды. Ал қазақ мемлекеті тәуелсіз өмір сүріп отырғанда қай қазақтыұлтшыл деп бөліп тастайсың. Қоғамдық құрылымға, мемлекеттік билікке, жекелегенмәселеге, мысалы жерді меншікке беру керек пе, жоқ па деген сауалға орай, жекетұлғаға қатысты әртүрлі көзқарас болуы мүмкін. Ол саяси партиялар, ұйымдар,қозғалыстар, топтар, тұлғалар арқылы жүзеге асады. Егер де Қазақстандаұлтшылдық бар деп есептейтін болсақ, онда қазақ ұлтының толық тәуелсіздіккеқолы жетпегені, бізді өзге ұлт өкілдері, мысалы халық ассамблеясы, билеп отырдеп есептеу керек. Сондықтан да қазақ мемлекетінде қазақ мемлекеттігініңмүддесін көздеген патриоттар бар ма деген орынды шығар.

  Өз басым тәуелсіз қазақ мемлекетіне қарсыешқашан да қарсы шықпаймын, керісінше, сол мемлекеттің нығаюына барынша күшсаламын. Ал уақытша билікте отырғандардың мемлекет мүддесіне, ұлт мұқтажына,әлеуметтік теңдігіне нұқсан келтіретін қате шешімдеріне қарсы пікір білдіремін.Мұны ұлтшылдық емес, патриоттық парызым деп есептеймін. Ондай азаматтар қазіргіқазақ қауымының 70 пайызын қамтиды. Тек олардың басын біріктіретін және сенімдіқозғалыс пен тұлға ғана жетпей тұр. Мен сондай тұлғаларды іздеп жүрмін. Ен салыпқойғандарым да бар. Күндердің күнінде ондай қайраткер мен қозғалысты халықтыңөзі екшеп шығарады. Мен бұған анық сенемін. Жалпыға ортақ халықтық мүдде соғанеріксіз мәжбүр етеді. Әлгі орта қабаттағы әлеуметтік теңдікке қолы жетпегенжастар соның ұйытқысына айналады.

Кезінде президенттік қызметакадемиясында саяси шешендік пәнінен дәріс беріп жүргенде Ресей ғалымдарыныңболашақ президент қандай қасиеттерге ие болуы тиіс және оған қандай адам келуімүмкін деген болжамдарымен шәкірттерімді таныстырып, сол қорытындыны сақтапқойған едім. Ешкімге белгісіз Путин мемлекет басына келгенде әлгі болжамдытауып алып, салыстырдым. Путиннің өмірбаяны да, құпия әскери қызметі де, өмірсүру дағдысы да болжаммен дәл келді. Міне, саяси болжам деп осыны айтады. Оны Борис Ельциннің өзі де сол кезде ашықайтты және қазір де Ресей элитасы келешек президенттің кандидатурасына лайықтапбірнеше адамды астыртын дайындап отыр. Сенбесеңіз, аса құпия «Россия жобасы»атты бұрынғы құпия жобаны оқыңыз. Бізде ондай ұмтылыс қылмысқа пара-парсаналады. Сонда да бізде келешекте әскери тәртіп пен ұлттық рухты бойына сіңірген, қатаң да әділ билік иесікеледі деп жоримын. Әзірбайжандағы Елшібей сияқты елшіл демократ Қазақстандыжаңа деңгейге алып шыға алмайды. Болашақ президент: енді капитализмдісоциализмге ауыстырамын деп әуре болмайтын, ең бастысы, ұлттық реформа жасауғақабілетті, әлеуметтік теңдік принципін ұстанатын, деколонизациялық бағытқа,ұлттық рухани тәуелсіздікке құрылған ұлттық идеяны ұсынатын, Қазақ елін ұлттықмүддеге ұйыстыра алатын, өжет әрі қолы таза, жасы қырық пен елу бестіңарасындағы азамат болуы тиіс. Ең алдымен, бұрынғы КПСС-тің орнына астыртынколонизаторлық, миссионерлік саясат жүргізіп, билік құрып, сайлау теңдігінбұзып отырған халық ассамблеясы сияқты құрылымдарды жойып, этностардыңпартиялық жолмен – бір, халықтық сайлаумен екінші рет депутат пен сенат сайлап,екі жеп биге шығуына жол бермейтін, оған солардың өзінің көзін жеткізетін,қазақ ұлтының құқын солармен теңестіре алатындай батыл да байсалды, дербес,тәуелсіз ойлау жүйесіне ие тұлға болуы тиіс. Түптің түбінде бұрынғыоқшантайдағы «оқсыз пестондарды» ауыстырып, кәсіпкерлерді ың-шыңсыз өз жағына шығарып, халық мүддесінебет бұрғызатын, мәселені нақты қойып, нақты нәтижеге қол жеткізетін, жалған«жасасындатпайтын», бір бетті, Алаштың бес нысанасын шешуге бағытталған шарақолданатын адам келеді деп үміттенемін. Біз ұлттық идеяны ілгері дамытатын,ертеңгі ұлт тағдыры мен тарихына жауап беретін, оны келер күндерге жалғайтынмәдениет пен мәдениетті зиялылар дайындауымыз керек. Ал біз қалыптасқанмәдениетті үзіп алуға бет алып барамыз.

Қуаныштысы, тәуелсіздіктің ащыда тәтті дәмін білетін, әлеуметтік теңдікті аңсайтын, жер ортақ, ырыс ортақ,намыс ортақ, тіл ортақ, діл ортақ, діл ортақ, ғылым игілікті болсын деп ойлайтын,алайда биліктен де, байлықтан да тысқары, тек мұқтаждықпен өмір сүріп жатқанорта буын мен жаңа буынның сіңірі сияқты зиялылардың ауқымы басым және олардыңмүдделері де біртұтас. Қоғам мен экономика, өмір мен әлеуметтік шындық түбіоларды екшеп отырып биліктің тұтқасын ұстатады. Өйткені алдыңғы қабаттарбұрынғысынша басына алмайтындай, кейінгі толқын бұрынғысынша басындыраалмайтындай қоғамдық, экономикалық, ұлттық қайшылыққа тап болады. Міне, қазаққоғамының нағыз шындығы сол кезде ашылады. Текті де саналы зиялы қауым, міне,сол тұста қажет. Сол қайшылықты шеше алатындай зиялы қауым мен  тұлғаны тәрбиелеп, таңдай алмасақ, ондашынымен құрдымға кеткеніміз. Ол тұлға Алаш идеясын жүзеге асыратындай,зиялылардың ойын біріктіріп, ұлттық қозғалыс дәрежесіндегі қуатты күшкеайналдыратындай деңгейге жетуі тиіс. Мен қазіргі саяси партиялардыңбірде-біреуі осы мәселелерді шешуге қабілетті деп есептемеймін. Түптің түбіндеағымы басқа  жаңа бір қозғалыс өміргекеледі, сол қозғалыстың басында кім тұрса, халық күші соған ауады депесептеймін.

Міне, осындай өзектімәселелерге өзінің көзқарасын білдірген және соны жүзеге асыра алатын партияныңнемесе қозғалыстың соңынан еруге халық дайын. Әйтпесе өздерінің ұстанымы анықемес жалған ұраннан халықтың көңілі қалды.

 

                    «БАС – КЕСІЛЕДІ, ТІЛ –КЕСІЛМЕЙДІ!..»

 

Бүгінгі қазақ қоғамының дерттіқоғам екені анық. Оның дауасын табу үшін операция жасар алдында дәрігерлерадамның ағзасына қалай анализ жасаса, біз де бүгінгі қоғамға сондай тиянақтытүрде талдау жасауымыз керек. Билік ұлттық мемлекеттік құрылымнан бетін бұрып,ұлттық мүддеден тыс қалып, өздерін-өзі қызықтап, құрлықтан бөлінген салындыаралға ұқсап шыр айналып, заман ағысынан, яғни мемлекеттік басқарудан «мен,мен» мен мендік» басқаруға көшті. Биліктің өз халқына ғана емес,  кеше ғана алдында тізерлеп қолын қусырып,онсыз Қазақстан күнін көре алмайтындай өбектеген ОБСЕ-нің өзіне кілт теріс әрішорт бұрылғаны сондай – мойнын үзіп ала жаздап тұр. Ал халық кешірсе де, олар –еуропалықтар мұндай «бетбұрысты» кешірмейді. Түбі не боларын қайдам, әйтеуір,назасы мен жазасы халықтан аулақ болғай. Өйткені кеше ғана «Елі үшін туғанерден айналайын» деп әндеткен халықтың кеудесіне оқ тиді. Мылтық әлі деоқтаулы. Мылтық әлі де халыққа тасадан кезеліп тұр.

Бұрын қатардағы тергеушініңжазықсыз әйелді қылмысқа тартып шырылдатқаны үшін, қатардағы жазалау отрядыныңөзінің әке-шешесіне қарсы оқ атқаны үшін жағамызды ұстаушы едік. Енді оныменгенералдар айналысатын болыпты. Бүкіл монархиялық Ресейдің беделін сақтап қалуүшін аулаға дамбалын іліп қойған кемпірді сотта қорғаған қазақтың жиені, атақтыадвокат Плеваконың: «Сорлы Ресей! Сорың енді қайнайтын болды. Бір кемпірдіңдамбалына бола ар-ожданың төгілді-ау! Енді ол кемпірді соттамасақ болмайды,Ресейдің намысы кетеді. Бишара кемпірдің дамбалы бетіне шіркеу болған сорлыРесей! Соттаңыздар, мырзалар! Кемпірді соттауын соттайсыздар-ау, бірақ Ресейдіңбетіне шіркеу боп жабысқан мына дамбалы құрғырды қалай сыпырып тастар екенбіз?Сол қиын болады-ау», – деген сөзі естеріңізде шығар. Күні кеше теледидарданЖаңаөзенде өткен наразылық шеруінің басты себепкері, яғни қазақтың басты жауы –күйеуі мен баласы Желтоқсандағы қанды оқиғада жауапқа тартылған шынашақтай ғанасорлы келіншек екен, оның «Жойылсын!» деген үндеу қағазын таптық, өзін қолғаалдық, енді жауапқа тартамыз», – деп жариялаған аса сұсты, погоны алтынгенерал-майордың айыптауын естігенде, Плеваконың осы сөзі есіме түсті.

Жаңаөзендегі жаңа шеруге күйеуімен  баласы үшін арашаға түскен әйел, анакінәлі екен. Шынында да, неткен масқара! Күйеуін қорғаған – әйел, баласы үшінашынған ана – Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіп төндірген барып тұрғанарандатушы қылмыскердің өзі болып шығып тұр. Ал «күйеуі мен баласына араша түсу– әйелдің басты парызы» деген пайғамбардың хадисі әлгі генералға «дінифундаментализмнің астыртын уағызы» сияқты көрінетіні анық. Кетпектей генералдыңәлгі айыптауы кейуананы соттатуын соттатып тынады-ау. Бірақ азамат басыменмұқым жұрттың алдында күйеуі мен баласын қорғаған шынашақтай ашынған әйелді (сол генералдың өзі де бір ананыңбаласы, бір әйелдің күйеуі ғой) арандатушы есебінде теледидар арқылы жариялауықандай төменетектік десеңізші! Азаматтығын былай қойғанда, еркек, генерал дегенаты бар емес пе?!

Қазақстанның басты жауы –оппозиция да емес, оралман да емес, күйеуі мен баласына араша түскен әйел деемес, мемлекет құрып отырған ұлтқа қарата биліктің қолданып отырған ұлтсыздыққанегізделген саясаты.

 Эпосы жоқ ұлт – өткенiн ұмытқан, мәңгiлiкаңсары жоқ, тәуелсiздiкке ұмтылмаған рухани тәуелдi ұлт. Ондай халықтың ертеңiде күмәндi. Шүкiр, бұл жағынан алғанда түрiк, оның iшiнде қазақ қауымының дамысы көп жұрттан жоғары. «Мәңгiлiк ел» нысанасы есте жоқ ескi заманнан бастап,қазiргi күнге дейiнгi түрiк руханиятының алтын өзегiне айналып отыр. Бiздiңдәуiрiмiзге дейiнгi тарихи оқиғаларды жырлаған «Алып Ер тоңа», «Көкбөрi»,«Ергенеқон», «Шу батыр», алғашқы мыңжылдықтағы тұлғаларды әпсаналаған «Оғыз қаған», «Едiл», «Қорқыт ата», «Жетi қаған»дастандарындағы негiзгi желi де «Мәңгiлiк ел» нысанасына арналған. Бұл қасиеттiтақырып  жыраулардың жыры мен «Елайырылған», «Қайың сауған», «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама», «Елiм-ай»арқылы  «зар заманға» жалғасып барып,Абайдың «Қалың елiм, қазағым, қайран жұрты» мен «Оян, қазаққа!» ұласып, Алаштыңортақ ұранына айналды. Дәуiр мен дәуiр, заманнан заман алмасқан сайын,  көшпелi түркi жұртының санасындағы «Мәңгiлiкел» нысанасы да тарихи шындыққа суарылып, нақты сыпат алып, «ел» деген  ұлттық ұғымға ие болды.

Сол ерлiктi «мәңгi тасқа басты»(«Күлтегiн», «Тоныкөк», «Құла шор», «Тариат», Талас, Орхон, Есiк, Селенгiескерткiштерi), «алып ерлерiне сынтас орнатты» («Құтлығ қаған»),  «ағашқа кертiп жазды» («Түрiктер», 36-бет),қайыңның тозы мен көнге түсiрдi. Оған сыймаған әпсаналарды М.Хайдар Дулатиайтқандай, аңызбен, эпоспен жеткiздi. Өткен жылы ғана Сайрамнан табылған бiздiңжыл қайыруымыздан бұрынғы iлкi заманда бәдiзделген қаңлы жазуында да  (Орталық ұлттық мұражайда тұр) сол «мәңгiлiкелдiң» аңсарлы аманаты шекiлген. Көк түрiк қағанатының түбiне жеткен ұйғыр ханы«Мойыншордың» құлпытасындағы: «Озмыш тегiндi ұстадым (қағанаттың соңғы қағаны –Т. Ж). Қатынын онда алдым. Түрiк халқы одан әрi жоқ болды», – деген үкiм де«мәңгiлiк елдi» жоя алмады. Қайта өзi тылсымның тұңғиығына сiңiп кеттi де,түрiктер Оғыз-Қыпшақ қағанатына айналып, бұрынғыдан да жалы күдiрейiп, тарихсахнасына қайта шықты.

Мiне, көшпелi түрiк әлемiнiңқұдiретi де сонда. Өйткенi «Мәңгiлiк ел» нысанасының «рейхтық»,«ағылшындық-америкалық» үлгiден айырмашылығы – онда тектiк шекара бар. Олнәсiлдiк жiкшiлдiктi оятпайды, бiрақ атамекеннiң азаттығын, ататегiнiңтазалығын, түрiк ұлтының рухани және дәстүрлiк, тiлдiк тәуелсiздiгiн бастықасиет ретiнде ұстанады. Бұл нысананы әлемнiң барлық ұлт пен ұлыстарына  «үлгi» ретiнде таңбайды.

Демек, «Мәңгiлiк ел» – түркi тегiнiңтұтастығы мен тәуелсiздiгiнiң кепiлдiгiн қамтамасыз етуге арналған  тазалық пен еркiндiк идеологиясы. Ал ұлттықтәуелсiздiк – исi түрiк әлемiнiң рухани еркiндiк нысанасы. Түрiктiк еркiндiкпен бас еркiндiгi, мал мен жан еркiндiгi «Мәңгiлiк ел» нысанасының тұрмыс-тiршiлiктегi өмiрлiк сыпаттары. «Баскеспек болса да, тiл кеспек жоқ». Бұл – дала демократиясының қасиеттi қағидасы.Барлық iшкi-сыртқы саясат тек осы тұрғыда ғана жүргiзiлдi. Түпкi нысана – жаудыдос, досты – тату ету, татудың басын бiрiктiрiп,  түрiктiң еркiн елiн құрау, оны құдiреттiқағанатқа айналдыру. Ресми мәлiметтерге сүйенген дерек бойынша анықталғанәлемнiң түкпiр-түкпiрiнде сақтаулы тұрған 15 мың түрiк сына жазуының барлығыныңда негiзгi тақырыбы – осы «Мәңгiлiк ел» нысанасы. Ал мұндай мақсат қоймағанұлыстың өмiр сүруге құқы да жоқ.

Өйткенi көк түрiк қағанатыныңтүбiне жеткен де сол алауыздық болатын. Өзге емес, бақталастық пен тақ таласынқоздырған қағанаттың көсемi Тоныкөктiң қызы, Күлтегiннiң туған жеңгесi, Бiлгеқағанның қатыны (ханым деген сөз), Озмыш қағанның шешесi  Бөпе ханым жеттi. Өзара қырқысудан мезiболған Құлашор қолбасшы ыза кернеген кезде Мойыншордың әскерiне жалғыз шауып,үш рет ат ауыстырып мiнiп, ақыры дұшпанның қолынан қаза тапты. Бөпетабғаштардың «ханымы» атанып,  екi ұлынанбiрдей айырылып, өмiрiн табғаш қорғанының iшiнде өткiздi. Бұл да «мәңгiлiкелдiң» шырқын бұзғаны үшiн Тәңiрiмнiң жiберген зауалы болса керек.

 ТҰЛҒАНЫ ТАНЫМАСАҚ – ЖАҚСЫҒА ЖАРЫМАЙМЫЗ

        

Әлем кеңiстiгiндегi санажүйесiнiң саңылауы ашылғаннан бергi адамзат атаулының мәңгiлiк нысанасынаайналған және бүгiн де, ертең де, келер замандарда да  түйткiлi түйсiгiнен кетпейтiн мәңгiлiк алаңымол аңсардың бiрi – билiк тұтқасы  жәнесол билiктiң иесi туралы әпсаналық уағыздар. Қадымнан қазiрге дейiнгi дүниетарихы осы бiр қасиеттi де  қажеттi  және сондай қатал да қанқұйлы мәселенi шешужолындағы ғарасат майдандарының қақтығысынан тұратын  сахнасияқты. Бесiктегi баланың еңбегiнде бүлкiлдеген «меннен» басталып, тақтыңтөрiндегi «менмен»  тұйықталатынпсихологиялық пиғыл мен философиялық пайымдаулардың өзi қазiргi кезеңде бiрiнiң толғамын бiрi қайталап,тек  ұғымдық және терминдiкжаңғыртулардың тоғысына айналып, тығырыққа тiрелген жайы бар.

 Дүние ғұламалары әлмисақтан берi  күштi де әдiл билiктiң тұтқасы туралытолассыз толғанып келе жатқанымен, монархия, диктатура, демократия деген  билiктiң үш түрiнен өзге, мемлекеттiк басқаружүйесiн ойлап тапқан жоқ. Қоғамтанушылар мен дiни миссионерлер ұсынған «адамдарбiр-бiрiмен санаса отырып, саналы түрде бiр-бiрiне тәуелдi өмiр сүретiн  бүкiл әлемдiк нысана» жөнiндегi идеяныңхалықаралық идеологияға айналғанына ширек ғасыр өтсе де, жалпыға ортақ билiктiңүлгiсi әлi күнге дейiн тұжырымды түрде тиянақталмай келедi. «Ғаламдастыруүлгiсi», «Әлемдiк саясат форумы», дүниежүзi президенттерiнiң  «Монблан-форумы» iспеттi саяси қозғалыстардыңөзi әлi де ниет пен тiлек дәрежесiнен аса алмай жатыр.

 Бұл аңсар әлi талай ұрпақтың ақылын сауып, санасын сарқатынысөзсiз. Оған күмән жоқ. Исi адамзат әлемдiк абсолюттiк әдiл билiк иесiн танып,табу үшiн қаншама сарсаңға түспедi. Алайда ондай былғақты дерттiң дауасыныңтабыла қоюы неғайбыл. Бiрақ оған ұмтылмаса қоғам да, өркениет те тоқырайды.Тәуелсiз ұлт пен  дербес мемлекеттер өмiрсүрiп отырған кезде бүкiләлемдiк абсолюттiк билiк ешқашан да орнамайды. Ол үшiнисi адамзатқа ортақ рухани мүдде қажет. Нәсiлдiк, тектiк, ұлттық, таптық, дiниалшақтықтар қарама-қарсы тайталаста тұрған шақта ондай  «қиялдағы патшалықтар» өмiр сүруге дәрменсiз.Кешегi социалистiк қоғам да соның бiр «елесi». Демек, билiк дегенiмiз – жайғана әкiмшiлiк-әлеуметтiк қана ұғым емес, ол тамырын Тәңiрiден тартатын танымдық киелi нысана.         

Бұл талпыныстардың барлығы да көне түркі жазбаескерткiштерiндегi  «Мәңгiлiк ел»нысанасын еске салады. Бүгiнгi ғаламдастыру идеясының  түпкi тамыры сонда жатыр. Сол «Мәңгiлiк ел»үлгiсiн жете зерттеген көне қытай қайраткерлерi бiздiң жыл қайыруымыздан 400жыл бұрын, 100 жыл соғысып жүрiп қазiргi орталық мемлекеттi құрды. Бесiншiғасырда Едiл патша әлемдiк қайта қоныстанудың көшiн бастап, Римнiң құлдыққоғамын құлатып, Еуропадағы империялық билiктi қалыптастырды. Көк түрікқағанаты сол «мәңгiлiк елдiң» әлемдiк алғашқы үлгiсi едi. Арғы тегi Алтын Ордамырзаларына апарып тiрейтiн князь Трубецкийдiң еуразиялық идеяны ұсынуы дасондықтан. Кезiнде оған төбе шашы тiк тұрған саясатшыл ойшылдардың өзi қазiрбұған ерекше ден қойып, «Мәңгiлiк ел» нысанасы туралы пайымды көзқарастарбiлдiре бастауы таным шындығын мойындаудың бiр белгiсi. Атты әскер, желектiнайза, үзеңгiлi ер-тоқым, дөңгелектi арба арқылы сол дәуiрдiң даму деңгейiнжаңа сатыға көтердi. Мұның барлығы қазiргi замандағы атом бомбысының дүниегекелуiмен тең  құбылыстар болатын. Бұрынжеке пiкiр ретiнде айтылып жүрген Едiл мен Шыңғыс хан, Ақсақ Темiр «әлемдiкөркениеттiң билiк үлгiсiнiң негiзiн қалаушылар» деген ой ендi ғылыми тұжырымесебiнде ұсынылып жүр. Өйткенi түрік тектес осынау тұлғалар құрған қағанаттанкейiн әлемдiк билiк санасы өзгеше сипатқа ие болып, жаңа қоғамдыққұрылымның  (формация) негiзi қаланыпты.

Кешегi жыраулар мен зар заманақындарының, Абай мен Мағжанның түпкi рухани тұтқасы да сол «елдiк, қағандық»идеология. Абай тiптi бұл нысананы барынша ашық бiлдiрiп, «Не болады өңшеңноль, билемесе бiр кемел» деп тереңдетiп әкеттi. Себебi түріктiк таным бойыншақағансыз, хансыз ел – ең тексiз, қасиетсiз жұрт. Ондай ұлысты кемсiте сөйлеп:«Хан сайлап, хан сыйлап көрмеген қара табан құл», – деп   қарайды.  Ал хан сайлаған елдi «Бiлге қағандары болған, алып қағандары болған  ел екен. Әмiршiлерi де бiлге болған екен.Бектерi де, халқы да сенiмдi екен. Сол үшiн елiн сонша ұзақ билеген екен. Елұстап, төрелiк еткен қағанды халық екен» («Күлтегiн», үлкен жазу) деп,асқақтата қадiр тұтқан. Қағанды ел – еркiн ел, төңiрегiмен терезесi тең ел.Тәуелсiз ел ғана – «мәңгiлiк ел». 

 Сондаймәңгiлiк қасиет пен билiкке ие қағанаттың тарихи мұрагерiнiң бiрi – қазақ ұлты.Себебi мұрагерлiктiң басты шарты – бас еркiндiгi. Ал кез келген қазақ«Тебiнгiден ала балта суырысып, тепсiнiсiп келгенде тең атаның ұлы. Бiрiненекiншiсiнiң дәрежесiн артық етсе – Тәңiрi еттi». Тәңiрдiң өзi берген билiккеталас жүрмейдi. Сондықтан да  қазақ қауымыешқашан да құл ұстамаған және құлдық қоғамды басынан кешпеген. Тәңiрiмнiң өзiбәрiн тең жаратқан. Кез келген қара өлеңшiнiң өзi «арғы атамнан қаракөк үзiлгенжоқ»  деп, топ алдында емiн-еркiн көсiлтежөнелуiнiң өзiнде  сондайтанымдық-әлеуметтiк, тектiк,  теңдiкпсихологиясы жатыр.

 «Қаракөк» деген ұғым – қасиеттi тектiң баламасы, «мәңгiлiкел мен мәңгiлiк билiк иесiнiң» ұрпағымын деген киелi  ұғым. Түрік қағандарының осындай ерекшежаратылысы туралы аңыздар еуразиялық елдерге де тарап, «голубой кровь» дегентермин қалыптасты. Қазiр бұл атаудың түрік қауымынан ауысқанына ешқандай тектiтұқым  қарсы уәж айта алмайды. Тарғытайда, Алып Ер Тоңа да, Оғыз қаған да, Едiл де, Бумын да, Күлтегiн де, Шыңғыс ханда Көктен жаралған, яғни «мәңгiлiк көктiң» тұқымы. Ендеше, ол қасиет ешқашан даүзiлмейдi. Қағанға қарсы келу – Көкке, Көк тәңiрiне қарсы келу. Ондай мемлекетсөзсiз жойылады.

  Демек, қадым заманнан бастап, бүгiнгi күнге дейiнгi еларманы – хан сайлау, яғни Абай айтқан «бiр кемелге  татымды толық билiктi» беру. Бұл көшпелiәскери демократияның – көк түрік қағанатының көкейкестi киелi мақсаты, сонаутүп-тұқиянымыздан келе жатқан елдiк аңсар. Ел ағасын таңдап сайлау және соғанбүтiндей бойсұну – «мәңгiлiк ел мен мәңгiлiк билiктiң» басты шарты.  Абайдың «Танымадық, жарымадық, Жақсыға бiрiргелi. Қолына алып, пәле салып, Аңдығаны өз елi» деуiнде осы ұлы аңсардыңсарыны жатыр. Билiктiң дәмiн бала жасынан татып өскен дала данышпаны  билiктiң бiр қолда болғанын және сол билiкиесi бүкiл жамағатын «өз бауырым» деп қарауын армандайды. Негiзсiз армандап отырғанжоқ. «Мәңгiлiк елдiң» иесi Бiлге қаған өз жұртына: «Тәңiр тектi тәңiрi жаратқанмен Түрк бiлге қаған бұл шақта таққа отырдым. Сөзiмдi түгел  естiңдер, бүкiл жеткiншегiм, ұланым, бiрiккен әулетiм, халқым!» – деп («Күлтегiн»,кiшi жазу), барша елiн бауырына баса сөйлейдi.

 Мiне, «мәңгiлiк елдiң» билiк иесiне қоятын еңбасты талабы – осы. Елiне емiренбеген ер ел басқара алмайды. «Елiм!» деп айтуүшiн де ерекше құқық пен пәрмен, мейiрiм-қайырым, әдiл билiк берiлуi тиiс.Өйткенi «қаған – елдiктiң белгiсi» (Сонда). Бұл қасиеттi нысана мың үш жүзжылдан кейiн де  жалғасын тапты. ТәуелсiзҚазақ елiнiң Ата заңындағы «Президент – мемлекет тәуелсiздiгiнiң кепiлi»деген  анықтама сонау көне түркi қағанатытұсындағы «Мәңгiлiк ел» нысанасымен тiкелей астасып жатыр және ол заңды да.Бұл,  жалпы, қазақ ұлтының қандай телiмгетүссе де, рухани тамырының заманалар бойы үзiлмей келе жатқанын танытатынтұспалды тарихи тұжырым. Әлемдiк ғаламдастыру жүйесi тұсында ел есесiнжiбермейтiн саяси, тектiк, танымдық, ұлттық мүддемiздiң күретамырлы мақсаты даосы болса керек. Мұндай қасиеттi кепiлдiксiз жат жұртпен қауымдасуға ұмтылу«Тоныкөк» ескерткiшiндегi: «Хандығыңды тастап… ханыңды тастап бағындың.Бағынғаның үшiн Тәңiрi сенi өлiмшi еттi. Түрк халқы қырылды. Әлсiредi, жойылды.Түрк-сiр халқы жерiнде тiршiлiк қалмады», – деген ескертудiң керiн құшу дегенсөз. Тәуелсiздiк тұжырымдамасындағы «саналы түрде жақындасу» деген пiкiр тексаясат үшiн ғана айтыла салмағанын есте ұстауымыз қажет.

 «Байырғы түрк өркениетiнiң жазба ескерткiштерiндегi»басты өсиет пен одан алатын тағылымның бiрi де, бiрегейi де – «мәңгiлiк ел» мен«мәңгiлiк билiк» нысанасы. Бұл екеуi  деелдiктiң  кепiлдiгiн бiлдiретiн киелiұғымдар. Сол ұғымдарды елдiң еркiндiгi мен игiлiгiне жұмсау үшiн «мәңгiлiкбилiк иесiне» бес түрлi қасиеттi парыз жүктейдi. Ең ұлы аманат – «Жер-судыиесiз қалдырмау, халқын құтты қонысқа қондыру». Қандай да тарихи сiлкiнiстермен тебiнгiнi басынан өткiзсе де: «Елсiреген, қағансыраған халықты, күңденген,құлданған халықты, түрк иелiгiнен айырылған халықты ата-баба мекенiне қайтаорнату». Түрк жұрты атажұртында «Өтүкен қойнауында отырса ғана мәңгiлiк елдiгiнсақтайды» («Күлтегiн»). Ол үшiн билiк басында «бiлгiр қағандар, алып қағандар,ақылды кiсiлер, батыл кiсiлер» жер-су үшiн Тәңiр атынан кепiлдiк беруi тиiс.«Мәңгiлiк билiктiң» екiншi шарты, бүгiнгiше айтқанда, елдi экономикалықтәуелсiздiкке жеткiзу. «Алтын, күмiс, дақыл, жiбек берiп алдаған, сөзi тәттi,бұйымы асыл елдiң» ырқында кетiп, «қызыңды күң, ұлыңды құл етiп алмау». «Аздыкөбейту, ашты – тоғайту, күңiңдi – күңдi, құлыңды – құлды ету». Үшiншi  кепiлдiк – ел бiрлiгiн сақтау. Өйткенi«Бектерiнiң, халықтарының ымырасыздығынан, табғаш халқының тепкiсiне көнгендiгiнен, арбауынакөнгендiгiнен, iнiлi-ағалының дауласқандығынан, бектi халқының жауласқандығынантүрк халқы елдiгiн жойды», алғашқы түрк қағанаты құлады. Егер де ауыз бiрлiгiболса, қағанын тыңдаса, «Төбеңнен Тәңiрi баспаса, астыңнан жер айырылмаса, түркхалқын, ел-жұртын кiм қорлайды?»  («Күлтегiн»).Ешкiм де.

Мiне, байырғы көне түркiөркениетiнiң  жазба ескерткiштерiн қайырабiр оқығанда ойға оралған, Тәңiрiнiң өзi аян берген «Мәңгiлiк ел» нысанасының бiр тармағының қысқаша тәпсiрi ментағылымы осындай. Ондағы бабалар өсиетi бүгiнгi күннiң көкейкестi мәселелерiментiкелей астасып жатқаны ұрпақтар арасындағы тарихи-танымдық сабақтастықтыаңғартады. Астананың төрiне орнаған Күлтегiннiң көктасы бiздiң «Мәңгiлiк ел»туралы тарихи жадымызды жаңғыртып, рухымызға рух қосады, өткенiмiздiұмыттырмай, ертеңiмiзге еңсемiздi биiктетiп апаруға тың күш бередi деп сенемiз.

Ал әзiрше түйiндеп айтарымыз: қазiргi Қазақ елiнiң алдындағыбасты мақсат пен бағыт та сол «Мәңгiлiк ел» нысанасы болмақ. Бұл идеябiздiң  тәуелсiздiгiмiздiң де тұтқалытұжырымдамасы. Елiмiздi де, жерiмiздi де, аспанымызды да, еркiндiгiмiздi де,дiн мен тiлiмiздi де «жерде адам жаратылғаннан берi» «Мәңгiлiк ел» дегенқасиеттi ұғым мен мәңгiлiктiң әбiлһаят кәусарына  суарған  Тәңiрге, Ұмай анаға, жер мен суға тағзым.

 Тұрсын ЖҰРТБАЙ 

Тегтер: