Мәңгілік ел ұстанымының ұстыны - біртұтас Алаш идеясы

АЛҒАУ СӨЗ
Бүгінгі қазаққауымының танымы мен көзқарасы – былтырғы немесе күні кешегі көзқарас емес.
«Руханижаңғыру» – жаңғыра-жаңғыра «ұлы даланы даңғазаға» айналдырып, оны қусыра келіп«жеті қырлап», ақыры тұйық тылсымғатіреліп тынды. Дәл қазір исі қазақ қоғамы жаңа идеяны – аңсарлы идеяға саңылау іздеп, толғанып, кейде дағдарып, сананыңсабылысында жүр. Алға жетелейтін, ұмтылдыратын, ұлтты тұтастандыратын, рухыноятатын идеясыз ешқандай мемлекет ілгерібаспайды. Сөзсіз тоқырауға ұшырайды. Тәуелсіздіктен бергі 30 жылда халықсенбейтін, ұлттың көзін бояйтын, мойынсынуға ғана бойсұндырған «мемлекеттік»деп аталған жалған идеясымақтар көп болды. Ол халықты өзіне тартқанның орнынажеккөрініске айналды, кері итерді. Тек «Мәңгілік ел» деген идея ғана ықыластыаударып, елді үмітті етіп еді, ол жай ғана алдарқату, әдемі тіркес болып шықты.Өйткені ешқандай негізсіз жасалған жасанды ұран ақыры жаңғырыққа айналып тынды.Кезінде ұлтты үміттендірген, сонау Көк түрік заманынан аңсарға айналған«Мәңгілік ел» идеясы Алаш идеясының да ұстанымы болатын. Кезінде Алаш рухын ұлтбоп ұйытар-ау деген дәмемен біз осы бір мақаланы жазып едік. Өкінішке қарай,толық жариялауға ешқандай баспасөздің жүрегі дауаламады. Мұндағы «Мәңгілік ел»идеясын желеу етіп айтылған ұлттық бірлік мәселесі Алаш жұртының алдында кешегікүні де шешілмеді, бүгін де, әзірге алғамақсат етіп қойылған жоқ, демек, ондағы тұтқырлы түйткілдер ертеңгі қазақ қоғамыныңалдында да тұратыны анық.
Қайталап айтамыз: дәлқазір қазақ қауымы толқымалы, толғаулы, дамудың тоғыз жолының торабында тұр.Ұлт боп ұйытуға негіз қалайтын, кешегіні талдап, бүгінгіні саралап, ертеңге жолбастайтын торапты құбыламыз қайсы? Жалаң жаңғырыққа айналдырмайтындай етіпқалайтын іргетасымыз қайсы? Өткеннің несін аламыз, бүгіннің несін түзетеміз,ертеңге не бағыт сілтейміз? Міне, қазақ қауымының дәл осы күндері шешетінмәселесі – осы. Мұны бүгін шешпесе, ертең кеш болады. Енді екі-үш айдан кейінмүлде басқаша саяси бағыт өрши өрістеуі мүмкін. Сондай сәттегі сынға Қазақ еліқашанда дайын тұруы керек. Сондай шағымды сәттерде ой салар-ау деген мақсатпенкөк түріктер өркениетіндегі «Мәңгілік ел» аңсары мен Алаш ұстанымының ұштасатын тұстарын бүгінмен байланыстыраайтылған ойларымды «Жас Алаш» арқылы оқырман назарына ұсынып отырмын. Мүмкін,бір ойдың ұшығын ұстатуға септігі тиер. Онда менің де аңсарымның орындалғаны.
ТұрсынЖҰРТБАЙ
БҰЛ «БІРЛІК – АҚЫЛҒА БІРЛІК ПЕ,МАЛҒА БІРЛІК ПЕ»?
Сонымен, ширек ғасырдан астам уақыт бойы қазақтың санасындағы ұлы аңсар –«Мәңгілік ел» деген ұлттық ұстанымға, мағыналы әрі нақты мақсаты мен міндетіәлі де толық анықталмаған ұғымға ұюға бет алды. Қоғам да, қоғамдағықауымдастықтар да, саясат серкелері де бұл ұстанымды ұнатқан, мойынсынатын,мемлекеттік билік идеологиясы жүйесіне қолданатын сыңай танытты. Әдеттегідей«жасасындатудан» да кенде емеспіз. Алайда сол жасасындар кейде маған кеңес тұсындағы саяси науқандардың әлдебіржаңғырығын күйтабақтан қайта естіртіп тұрған мағынасыз дабыра сияқты болып таестіледі.
Ашығын айтсам, «Мәңгілік ел» ұстанымы жөнінде «ду қол шапалақтау мендаурығу» бар, бірақ қойылған мақсат, белгіленген міндет, жүзеге асыратыніс-әрекеттің тетігі, жұмыс кестесі нақты көрсетілмеген. Әрине, саясиформулировка тұрғысынан алғанда өте сәтті әрі ауқымды, аңсарлы. Мағынасы дасырлы, жанға да жақын ұғым. Бірақ сол «Мәңгілік елдің» егетін дәні қайсы,мәңгілік елдің негізін қалай және неменқалаймыз?
Ең бірінші, осы уақытқа дейін орын алып келген жанама жалаң «жасасындар»мен жалған статистикалардың пердесін қалай ысырып тастаймыз? «Шынның көзінбояған» (Абай), дәрменсіздік пен жалтақсаясаттарға қашан тосқауыл қоямыз? Қашан күмәнді кілтипанның бетін ашып, онытарихи, экономикалық, саяси тұрғыдан саралап, талдап, шешім қабылдаймыз? Қайміндетті мұқым ұлт болып алдыңғы ретте жаппай жұмыла атқаруға тиістіміз?«Мәңгілік елге» жеткізетін тура бағытымыз бен баспалдағымыз қайсы? Соны анықтапалуымыз қажет. Дәл қазір жүріп жатқан «Мәңгілік ел» туралы қилы деңгейдегісаяси, мемлекеттік, партиялық, ғылыми, қоғамдық, ұйымдық, ұжымдық, үйірмелікталқылауларда соның беталысы анықталып, шын мәніндегі мұқым ел сенетін ұлттықидеяға негіз етіп ұйытсақ елдігіміздің ертеңгі іргесін мәңгілік нығайтқан боларедік.
Мұны сөз басында шұқшия қадағалапайтып отырған себебім – еліміздің дамуы мен дағдарысының дауасын көрсететінстатистикалық мәліметтерге менің өте қатты кәдігім де, күмәнім да бар. Өзгенібылай қойғанда, осыдан бір-екі жыл бұрын парламент депутаттары статистикакомитеті төрағасының «өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың алатын орташажалақысы 60-70 мың теңге» деген мәліметіне шамданып, шалқасынан түскені есімде. Олар өздерінің қолындағы«саясатпен боялған» статистиканы малданып: «Сен бізді арандатып цифрды қасақанажасырып тұрсың. Біздің жұмысшылар айына 200-300 мың теңге алады», – депдаурығып, төрағаға саяси айып тақты. Ертеңінде нақты мағлұматты қайта анықтап келген төраға парламентмүшелеріне: «Сіздердің қолдарыңыздағы ақпарат қайдан алынғанын білмеймін.Статистика мен цифр – саясат емес. Оңтайына қарай өзгертуге келмейді. Кешегі 70мың теңге жалақы бүгін де 70 мың теңге қалпында қалады», – деген соң ғана депутаттар деміктерін басты.Демек, олар мемлекеттік бюджетті екінші немесе үшінші бір жалған статистикаға жүгініпбекітіп жүрген болды ғой. Тура сол жылы Германияның дүниежүзілік мұнай өнімдерінің табысын кестеге түсіріпотыратын статистикалық есептеу орталығы «Қазақстанның тәуелсіздік алғаннанбергі шетке сатылған тек қана мұнай өнімдерінен түсірген пайдасына онда өмірсүретін 16 миллион адамды 42 жыл бойы күніне төрт сағат қана жұмыс істетіп, емін-еркін асырауға болады» деген мәліметжариялады. Сонда бір мемлекеттің үш түрлі статистикалық көрсеткіші бар ма?Екеуі жалған-ақ болсын, сонда шындығы қайсы, қай статистикаға жүгініп «Мәңгілікел» ұстанымының ұстанымы жасалды?
Дамыған 50 елдің қатарына қосылудыңқарқыны нарық бәсекесі иелерінің өзара,бақталаса, иықжұлыса жағаласатын жаһандық ырғағының екпініне байланысты.Қалайда барыңды өз еркіңше базарлауға жібермейді, бермесең – зорлықпен ырықсыз ұсындырады, алмасаң – мәжбүрлікпен тықпалап береді.Тек соның екі арасында бәсекелесе отырып бопсаға шыдап, өз мүддеңді қорғап,өткізіп, «мықтының қолын» (Абай) әдепті түрде қағып тастап үйренуің керек. Бұл– қазіргі атжалман нарыққа негізделген күндес (оны өздері «ойын» деп атайды)саясаттың да заңы.
Оның үстіне Қырым оқиғасынанкейін «Мәңгілік ел» ұстанымында ашық,шұғыл және батыл шешілуге тиісті Еуразиялық одақ пен Еуразиялық экономикалықодақ деген халықаралық әңгіме саяси сахнаға шығып, көңілдегі күдікті де,күбірткіні де көбейтті. Мұның астарында не жатыр, оның негізгі бағыттары,шарттары, баптары, құрылымдары, жүзеге асырылу жолдары, жалпы, мемлекеттіктәуелсіздігімізге кепілдігі қандай? Бұл біз ұмтылып отырған Дүниежүзілік сауда орталығына мүшелікке өтудің кезектідайындық сатысы ма? Әлде Еуразиялық одақ дегеніміз – Кеңес Одағы деген сөздің өңін аударғанбаламасы ма, жоқ, тек экономика туралы ғана шарт жасалмақ па? Ол экономикалықшарт экономикалық тәуелділікке алып келмей ме? Бұл осыдан бір жарым жыл бұрын«біріккен мемлекетаралық парламент» туралы Нарышкиннің интернет арқылы тарапкеткен бопса жарияланымының басыбайлы экономика туралы жалғасы емес пе екен? Олжобада: шекара ортақ, қорғаныс ортақ, әскер ортақ, билік ортақ, сайлау дажалпыға ортақ, экономиканы республикалардың үстінен құрылған мемлекеттікқұрылым билеп реттеп отырады, сол бойынша (Кеңес Одағы кезінде Байбаковбасқарған атышулы экономика және жобалау комитеті сияқты) әр аймаққа тиесіліқаржы бөлінеді, яғни әрқайсымызға өз қалауына сәйкес сыбаға үлестіреді-міс делінетін емеурін бар еді.
Ал мына Еуразиялық экономикалықодақтың құрылымы жөніндегі: «Интеграциядает возможность убрать таможенные барьеры и повышает конкурентоспособность.Поэтому у нас здесь чисто прагматический интерес – развивать страну, подниматьэкономику и увеличивать ВВП. Что касается нашей политической независимости, тоэто константа, и Казахстан никому не отдаст суверенитет. Но определенныеэкономические полномочия мы добровольно будем передавать наднациональныморганам, как это делается, например, в Европейском союзе, где Еврокомиссиярешает таможенные вопросы, регулирует процессы в сфере торговли, тарифов,транспортировки нефти и газа, электроэнергии, железных и автомобильных дорог.Все вопросы в нашем будущем союзе будут решаться на основе консенсуса.Окончательные решения будут приниматься с согласия всех трех государств.Поэтому здесь никакого волнения не должно быть, это выгодно всем участникам, ав условиях кризиса – тем более. Интеграционный процесс будет продвигаться, иэто тоже вопрос укрепления нашей независимости», – деген (әдейі түпнұсқада алып отырмыз)түсінікті қалай түсінеміз?
БұлЕуразиялық одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ, біздің түсінуімізше, яғнитүсіндіруінше, Абай айтқандай, бұл «бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес»болса керек. Ал «бірлік – ақылға бірлік емес, малға бірлік болса», онда:«Малыңды беріп отырсаң: атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып тірлік қылады.Бірлік сатылса – антұрғандықтың басы осы» (Абай) Еуразиялық одақ болғаны.«Ағайын алмай, бірлік қылса керек» еді. Ал Еуразиялық одақ пен Еуразиялық экономикалықодақтың мына «бірлігі» қай бірлік?!.. «Ұлттық мүддеден жоғары мекеме»(«наднациональный орган») дегенімізқандай үкімет, кімнің үкіметі, кімнің шылауында, кімнің мүддесін қорғайды? «Өзеркімізбен беретін белгілі бір экономикалық өкілдік» (определенныеэкономические полномочия мы добровольно будем передавать наднациональныморганам) барлық табыс көзін – сауданы, бағаны, мұнай мен газды тасымалдауды,электр қуатын, теміржол мен автокөлік жолын реттеп отырса» (регулирует процессыв сфере торговли, тарифов, транспортировки нефти и газа, электроэнергии,железных и автомобильных дорог), сонда біздің үкімет пен министрліктер жұмыссызқалмай ма, әлде құжат дайындап беріп отыратын кеңсеге айнала ма? Егер әлгі«өзіміз еркімізбен берген» (ал кім өз еркімен бас билігін, ырысын, қазынасының кілтінбереді және осыдан 300 жыл бұрын да «өз еркімізбен» бодандыққа өтіп, оныңсазайын тартып көрмеп пе едік) мына «бірлік» нағыз «антұрғандықтың басы осы» емес пе?!..
Демек, «ұлттық мүддеден жоғарымекеме» Қазақстан үкіметінің қаулы мен қарарына бойсұнбайды, демек, біздіңпарламент пен мәжіліс қабылдаған заң құжаттары да оларға жүрмейді, кеден меншекара бақылауынан да, қорғаныс жүйесінен де, қауіпсіздік шараларынан да тысқаламыз. Ендеше, ешқандай өкілеттігі мен өкімі, пәрмені мен дәрмені жоқ биліктің үш бірдей құрылымы мен 97 мыңмемлекеттік басы артық қызметкерді (Ә.Бәйменовтіңмағлұматы бойынша)таратып жібермей,негебюджеттіңесебінен«тегінасырауға» тиіспіз? Әлде мемлекеттікмекемелер мен қазыналық мекемелердегі қызмет орнына жарияланып жатқанқысқартулар мен мораторийлар соған астыртын дайындық па? Ұлттық идея ретінде туетіп жалаулатып отырған «Мәңгілік ел» ұстанымындағы ұлттық бірліктің бастыкүретамыры болуға тиісті мына «түсінік»бойынша, тәуелсіз мемлекеттің бүкілфункциясы жаңадан құрылмақ «ұлттық құрылымнан жоғарғы» комиссияның, яғнибұрынғыша айтқанда, «бүкілодақтық экономикалық жобалау комитетінің» қолынакөшеді деген сөз ғой. Ендеше, бұл «антұрған бірлік» «Мәңгілік елді» қай мұратына жеткізеді, әлдебұл ұлттық ұйытқыны ірітетін саяси жоба ма?
Міне, осындай кәдік пен күдіктер,«Мәңгілік ел» ұлттық ұстанымын жүзеге асыру тұрғысынан алғанда, ашық жауап беруді талап етіп отыр. Ол үшін,яғни «Мәңгілік ел» ұстанымының саяси және ұлттық бағытын ұстануымыз үшін еңалдымен дәл қазіргі шешуші сәтте мемлекет ұсынып, шешуге ұмтылып отырғанЕуразиялық одақ пен Еуразиялық экономикалық одақтың саяси, мемлекеттікмақсат-міндеттері, құрылымы, даму бағдары, экономикалық тиектері, мемлекеттік қауіпсіздік тетіктерінақты көрсетілген жобаның шарттары келешектегі «Мәңгілік ел» азаматтарыныңалдына жария етілуі тиіс. Жалпы қоғам мүшелері, әр саладағы тәжірибеліәскерилер мен қауіпсіздік мекемелерінің, мемлекеттік шекара мен жер комиссиясының,ауыр өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, ғылым мен мәдениет саласының мемлекетқайраткерлері, мәмілегерлер мен халықаралық құқық мамандары, заңгерлер менэкономистер белсене қатысып, түрлі комиссиялардың пікірлері «Мәңгілік ел» ұстанымына тоғысқан соң барып саясаткерлердің сол нәтижелерді тиянақтауға кіріскені жөн еді. Албізде әуелі еш нәрсеге негізделмеген жалаң саясат ұсынылып отыр.
Өйткені мына жобаланып отырған Еуразиялық одақ пен Еуразиялықэкономикалық шартта: Қазақстанды руханижәне экономикалық тәуелді ету туралы Ресейдің ХІХ ғасырдың соңында қабылдаған ережелерімен заңдарының, патша мен архиепископ қол қойған жарлықтарының бүгінгі тілмен жазылған доктриналық жәнезаңдық нұсқалардың қолтаңбалары мен белсендіықпалы аңғарылады, яғни «Күңкілдеп берер сазаңды», – деп Абай айтқандай,«күңкілдеп жүріп» сазамызды беруге бейімделіп кеткен сыңайлы. Оған Кедендік одақтың шарттары толық дәлел.Мысалы, Кедендік одақтың атқарушы кеңесінің шешімінсіз енді Қазақстан үкіметіэкономика, баға туралы ешқандай қаулы шығара алмайды. Шешім қабылдау үшін жиналатын дауыстың 69пайызының 57 пайызы – Ресейге, 7 пайызға жуығы ішкі өнімі Қазақстаннан гөрібасым – Белоруссияға, 4 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі. Демек, біз қазіргі жағдайдың өзінде толық экономикалықтәуелді елміз. Біз аңсаған «Мәңгілік ел» – тәуелсіз мемлекет осы ма еді? Абай данышпанның:
«Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өзырқың», –
деп айтып отырғандағы «ырығы» да– осы ырық. Жердің астына, үстіне,аспанына иелік ете алмасаң – ырықтың кеткені сол емес пе?!.. Республикамыздағытүрлі заңды, заңсыз қозғалыстар тура осы табиғи байлықтардың әділетсізбөлінуіне тікелей байланысты туындап отыр. Олардың талабы: «Ата-бабамыз қанынтөгіп, жанын беріп қорғаған жердің астындағы байлыққа қонған жаттың шыбынынқағып отыра алмаймыз» деген әділ талап. Мен бұл сөзді олардың өз ауыздарынанестідім.
Біз «жасасындатып» жүрген Еуразияидеясы – Еуропадан, Африкадан, Австралиядан бодандық үлестерін ала алмай, оданкүдерін үзген ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыстық масондардың идеясына негізделген. Ол доктринаныңбасты мақсаты – Ресейдің шығыстағыүстемдігін орнату. Яғни, тағы да сол Абай айтқандай, «есті қашырмай»(үркітпей), еппен «құлдатып, қор қып жіберу». Еуразияшылдардың рәмізіндегі екібасты самұрықтың қарқарасына кергі бедерленген. Дугиннің тұжырымдамасында«православиелік славян империясын орнату» деп анық жазылған. Сонда біздің жанығып жүрген Еуразиямыз –қандай Еуразия?!.. Бұған жауап беруге тиісті біздің ұлттық зиялыларымыз, тағы дасол Абай дегдар айтқандай күйде: «Тура сөзін айта алмай, Қит етуге бата алмай,Қорлықпенен шіруге, Аз ақшаға жалданып, Өнбес іске малданып, Жол таба алмайсандалып» жүрген жоқ па?
Халық, зиялы қауым кезіндетәуелсіз мемлекеттің идеологиясы мен экономикалық тәуелсіздігіне белсене араласа алмады. Ал қазіргі қоғамдықжағдай мүлдем басқа. Ленин айтқандай, «халық бұрынғысынша өмір сүреалмайтындай, орындаушы билік бұрынғысынша басқара алмайтындай» халге жақындапқалды. Бұлай құмыға сөйлеуіміздің себебі– егер осылай ықтай берсек, онда Абай айтқандай:
«Танымадық,
Жарымадық,
Жақсыға бір іргелі.
Қолына алып,
Пәле салып,
Аңдығаны өз елі», –
деген күйді басымыздан кешетінімізге назар аудару.Дәл қазіргі кезеңде «өзінің елін өзі аңду» науқаны – мемлекеттік режимдеңгейінде алаңдата бастады.
Бұл жасыра алмайтындай ақиқат.Билік неге «өз елін өзі аңдып», қоғамдық пікірді тұқыртуға көшті, негеоқшауланып, шешімді томаға-тұйық қабылдап, тоңмойынданып барады? Бүгінгіхалықтық қозғалыстың беті жаппай билікке тіке бұрылып, бетпе-бет келуге беталды. Қазір халықтық қозғалыстыңнышандары бар. Бірақ олардың жекелеген оқиғаларға қатысты көзқарастарыболмаса, жоғарыдағы жалпыұлттық мүддені қамтитын тұжырымдамалары әлі анық емес.Сондықтан да бұрынғыдай дайындықсыз, шарасыз, амал-құралсыз қалмас үшін«Мәңгілік ел» ұстанымы арқылы тәуелсіз мемлекеттің барлық мұраты мен мұқтаждығынажауап беретін жалпы ұлттық даму тұжырымдамасын жасау керек. Онда сонау «Мәңгілікелді» аңсаған көшпелі дәуірден бастап, кешегі біртұтас Алаш идеясының әртармағы қамтылып, оны бүгінгі мемлекеттік құрылыммен, идеологиялық,экономикалық бағытпен, ішкі-сыртқы саясатымен, қауіпсіздік шараларымен тиянақтытүрде салыстыра отырып, ертеңгі ұстанатын билік нысанасы анықталуы тиіс.
Бұл – жалпыға ортақ арман. Ашығынайтайын, дәл осы бір шетінді де шағымды кезеңде билік біртұтас Алаш идеясынқамтитын көкейкесті мәселелерге орай қандай көзқарас ұстанады – халықтыңқолдауы да соған тікелей байланысты. Өйткені қазір қабылданған шешім мен бағыт алдағы онжылдықтардың жолынашады не «қайыс ноқтаны» қайта кидіреді.
Өз басым Алаш идеясын ту еткен кез келген қозғалысқа, оппозициялық немесебилік партиясын қолдауға дайынмын. Алайда олардың мынадай ұлттық мәсележөніндегі ұстанатын саясаттары анық болуы тиіс. Саясат – өктемнің қаруы,әлжуаздың қияли қисыны мен амалы. Бізге әлі өктемдік біте қойған жоқ. Сондықтанда біздің алдымызда екі жол тұр. Біріншісі: аға сұлтандыққа сайланар алдындаҚұнанбайдың Шалғымбай төреге: «Мықты болсаң – бопсаға шыда», – дегенін естеұстап, кеткен және кететін есемізді даулап бәсекеге түсу. Ал екінші жолы –балалардың шайтантаспаларындағы (мультфильмдегі) азулы мысыққа қарата мүттәйіммәуленнің: «Ағатай, тату өмір сүрейікші», – деп мүләйімсігеніндей, монтаны күйкешу. Тәжірибелі қайраткерлеріміз бен дипломатымыздың бірнешеуі таяуда өткен бір үлкен ғылыми конференциядаіргеміздегі елдің жай кеңесшілері біздің түрлі салалық министрліктердіңлауазымды қызметкерлерін – министрдің орынбасарларын кеңселерінің алдында жартысағат бойы күттіріп қоятыны туралы мәлімет айтты. Өйткені олар әлгі қатардағышенеунікпен иық тірестіре бопсағашыдаудың орнына бүгежектеп, емтихан тапсырған өренжілердей басын төмен салыптұратын көрінеді (мұндайда қайран Жұмабай Тәшенов пен Ілияс Омаров, Жанбаевқайда кеткен деген ой келеді). Ал осындай бүгежек кадрлар қандай одақтық шартжасауға дәрменді? Мен де мұндай деректің төрт-бесеуін білемін. Кедендік одақтың кезінде Өмірзақ Шөкеевтіңбетін қайырып, оны «мықтының ығымен» қалай жасқағаны және үлес пайызын қалайтөмендеткені, сол кезде Гүлжан Қарағұсованың парламентте: «Жыл сайын Қазақстан70 миллиард теңгеден айырылады», – деп шырылдағаны, екі күннен кейін: «Менатқарушы билік жағындамын», – деп жуасиқалғаны туралы мәліметтер ақпарат бетінен әлі өшірілген жоқ. Дәл қазір де «солмәймөңке» – сол мәймөңке күйінде сияқты. Қазіргі атқарушы билік осындайкүштінің бопсасына дайын ба? Әй, қайдам.
Осы Еуразиялық экономикалық одақ туралы сындарлы ғылыми конференцияда билікпен заңдық құқықтарға, халықаралық келісімдерге араласып жүрген бір ғалым әліқол қойылмаған, ниет хаттамасы күйінде ғана күші бар шарт туралы: «Ендікөнбеске амал жоқ. Сондықтан бұл одаққа Армения, Өзбекстан, Әзірбайжан, Венгрия(?) сияқты елдерді тартып, тынысымызды кеңейтіп алуға ұмтылуға тиіспіз», –деді. Міне, Абайдың: «Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып, Қу тілмен қулықсауған заңы құрсын», – деген жалған саясаты, «Біздің доспыз, асықпыз дегеніміз– жалғандықпен жалғанған көңіл жібі»деген жалған достығы, яғни одақтастығымыз «бопсасы» осы. Қазірдің өзінде«мықтының көлеңкесінен ығып, ықтасындап» (тағы да Абай) отырмыз, ертеңбетпе-бет келгенде жерге кіріп кетпейміз бе?! Ысылған саясаткер Қасым-ЖомартТоқаев шекара анықтау және бекіту кезіндегі бопсаға шыдамаған боркеміктер жіберген мұндай өкінішті «мәймөңкелерді»өзінің «Күншуақ пен көлеңке» атты мемуарында ашына жазған болатын. Сондағы әлгі«Мәңгілік елге» апаратын жолымыздың бір амалы, яғни «төзімділік» –«толерантность» саясаты дегеніміз осы «мәймөңкелік» пе?!
Жоқ, бұл – дәрменсіздіктің, пәрменсіздіктің, басыбайлылықтың, руханидағдарыстың басы. Дәл қазіргідей түрлі шағымды саяси, экономикалық таңдау жолытоқырай тоғысып тұрғанда бұдан шұғыл құтылып, «Мәңгілік ел» ұстанымындағы әрбір жалған формулироваканы сылып тастап,оның баптарына ұлттық, экономикалық, саяси, мемлекеттік, рухани, мәдени мағынамен салмақ беретін, жауапкершілік жүктейтін міндеттерді енгізуіміз керек. Онсыз«Мәңгілік ел» ұстанымы мемлекеттің, қоғамның, ұлттың, әлеуметтің алдында еш нәрсешеше алмайтын дәрменсіз, кезекті «жасасындату» ғана болып қалады.
Мұқым қазақ ғылыми ой иелері менсаяси қайраткерлерінің дәл қазіргі сәттегі кезек күттірмей күн тәртібіне қоятын мәселесі – Еуразиялықодақтың немесе Еуразиялық экономикалық одақ шарттарының жобасы және нақты қаймәселе бойынша қандай шарттар қойылды, онымен тікелей кім айналысып жатыр –соның барлығының баспасөзде ашық жариялануын талап ету. Сондағы әр баптыталдап, қоғамдық талқылаудан өткізіп, ең соңында оны «Мәңгілік ел» ұстанымына негіздеп барыпхалықаралық шартты қол қоюға ұсыну. Бұл сол мақсатты тікелей жүзеге асыру үшінқұрылып отырған жаңа үкімет мүшелерінің жекелей өз бетімен шешетін және шеше алатын құзырлы мәселесіемес. Себебі мемлекеттің тәуелсіздігімен астасып жатқан саяси мәселені шешуүкіметтің міндетіне жатпайды. Ол – орындаушы билік. Ал саяси одақ – ұлттыққауіпсіздік, яғни ұлттық тәуелсіздік,демек, мемлекеттік тәуелсіздік, ұлттық тәуелсіз экономика, ұлттық руханитәуелсіздік (тіл, дін, діл), тәуелсіз дербес заң жүйесі мен тәуелсіз ғылыммәселесін қамтиды. Біз ұстануға ұмтылыпотырған «Мәңгілік ел» – осы бесеуініңбасын біріктірген ұлттық киелі таңдау. Оның ұйытқысы – біртұтас Алаш идеясы.
Ал осы «Мәңгілік ел» және Алашидеясы дегеніміз не? Ғаламдық сана мен ойлау жүйесiне жүгiнсек, «Мәңгiлiк ел» ұғымының идеологиясы қазақ қауымына таныс. Бүкiләлемдiк жер бөлiсi жыл қайыруымызға дейiнгi,одан кейiнгi замандарда да жүргiзiлген. Әрине, тәуелсізмемлекеттің жалпы ұлтқа ортақ және оның мәңгілік бөлінбейтін ортақ меншігіболып табылатын жер және территория тұтастығы бірінші қатарда тұрады. Бүгінгібіз ұлттық ұстаным ретінде ұстанып отырған«өлiмшi халықты тiрiлткен...”[1] «Мәңгiлiк ел» нысанасының түпкі ұлықазығы да осы. Араға ықылым замандар салып барып қайта ұлтымыздың аңсарындаайналып, мемлекеттік ұстын болып жаңара ұсынылып отырған «Мәңгілік ел» ұстанымы– ұлтымыздың түпкі аңсары.
ЖЕР ЖЕГІСІ – ЕЛ ЖЕГІСІ
«Мәңгiлiкелдiң» түпкі ұлы ұйытқысы – жер мен су. Өйткенi Тәңiртауды түркі жұртына Тәңiрiмнiң өзi еншi етiпбергендіктен де, «керуен жүргiзушiлерден басқалардың» табаны баспауы тиiс,өзен-суы жаттың шөлiн қандырмауы және оны қаған – мұрагерiне, ата – баласына,ана – қызына» аманат қалдыруы тиіс. Сондықтан да «Тариат» көне жазба ескерткiшiнде: «Түстiктегi шекара мен Алтайтауының батысын, Көгман тауының терiстiгiн сақтаңдар! Өйткенi Тәңiрiден жаратылғантәңiр тектi халықты құраған» Тәңiртау бұл деп өсиететкен қасиетті мекен, яғни осы жер. Оның себебін «Күлтегiннің» кiшi жазуында: «Егерқазiр баяғы кексiз түрiк қағаны Өтүкен қойнауында отырса, онда ел мұңсызболады. Ел тұтатын жер осы Өтүкен қойнауы. Өтүкен қойнауында отырсаң Мәңгi елдiгiңдi сақтайсың. Онда түрiкхалқы тоқ», – деп түсіндірген. Соны білген ата түркі оғландары «төрт бұрыштан»(анталаған) «дұшпандарға» ... сарбаздармен аттанып, төрт бұрыштағы халықты көп алды, бәрiн бейбiтеттi, бастыны еңкейттi, тiзелiнi бүктiрдi. Iлгерi Қадырқан қойнауына дейiн,керi Темiр қақпаға дейiн жайлады. Екi аралықта жүрген иесiз көк түрiктер осылайқоныстанды. Қоныстандырғандар – бiлге, алып қағандар мен бiлге, алып әмiршiлер»болды («Күлтегiн», үлкен жазу).
Сөйтіп, мәңгi алаңсыз мекендейтiн «мәңгiлiк елмен жер» туралы әпсаналар, міне, осылай, тасқа қашалған өсиетті аманатретінде исi түрiк қауымының аңсарынаайналды. Ел жаңарып, ұрпақ жаңғырса да, осынау қасиеттi арман олардыңжүректерiне рух боп ұялады. Соның нәтижесінде Қорқыт баба мен Асан қайғыiздеумен өткен өлiм-жiтiмсiз ел мен жер– Жерұйық пен Жиделiбайсын жұрты туралы аңыздар туды, ол аңыз «мәңгiлiк елдiң» ныспылы нысанасына айналды.Жер – «мәңгiлiк елдiң» киелi кепiлi. Жыл санауымыздан бұрынғы IV ғасырда өмiрсүрген Мөде тәңiрқұты дұшпандары арандату мақсатында одан астындағы атын,қойнындағы қатынын сұратқанда олардың айтқанына көнедi. Ал ешкiмге керексiз сортаңжердiң пұшпағын сұратқанда, «Қатын мен хайуанды ел үшiн қиюға болады. Орнытолады. Ал жер – Отанның белгiсi, елдiң мәңгiлiк еншiсi. Ат пен қатын табылады,жер табылмайды. Соғысамыз», – деп намыстанып, түн қата аттанып, жауын жержастандырады. Құнанбай да: «Ел өседi, жер өспейдi», – деп, Шыңғыстың ұлтарақтайпұшпағы үшiн өмiр бойы ағайындарымен жағаласып өттi.
Мөдемен Құнанбайдың арасын екi жарым мың жыл бөлiп тұр. Бiрақ та жерге дегенкөшпенділердің құрметі мен елдiк саясат өзгермеген. Оның басты себебi – атаданбалаға аңсар ретiнде көшкен «мәңгiлiк елдiң» нысанасы. Ал бiз күннiң ашығында,айдың аманында атақоныстың өңiрiн өз қолымызбен жыртып бердiк. Біз етегімізден кесіп берген тура сол жержаттың қолында кетпесiн деп байырғы түрiк қағандары: «Өтүкен қойнауындағы СүңгiБашқан жайлауына тақ пен сарай орнатты. Мың жылдық, түмен күндiк жазубелгiлерiн осында жалпақ ауыр тасқа жаздырды. Өйткенi онда көктегi Көк Тәңiрiжарылқаған түрiк елi өмiр сүрдi, елдiгiн құрды. Төменде қара жер жарылқады, сол жер үшiн төрт бұрыштағы халықкүш-қуатын сарп еттi. Жаулары өз үлесiнен айырылды» («Тариат» жазуы).
Бiрақзаман бiр төңкерiлiп түскенде тақ та, сарай да, «мың жылдық, түмен күндiк жазу»да жаттың уысында қалды. Осы тұрғыдан алғанда жер жөнiндегi «мәңгiлiк ел»нысанасында тасқа қашалып тұрып жазылған: «Адамға өлiм бар, елге өлiм жоқ», – дегенқасиеттi қағиданы ешқашан да жадымыздан шығармауымыз керек. Аталарымыздыңөсиетiне жүгiнсек, жат қолына кеткен ел мен жер – «өлiдүние». Қазақ ұлтының сөгiлген қабырғасы бiтiп, босқан «бүдіні» (елi)бүтiнделiп, кеткен жер мен ел есесi әлi толық қайтып болған жоқ. Демек, бұл даелiмiздiң ертеңi үшiн тiкелей қатысы бар тәмсiл.
Демек,сол өркениеттің бүгінгі жұртында бұл идеяның қайта түлеуі заңды, дәстүрліқұбылыс. Бұл идея тәуелсіз мемлекеттік құрылымды орнатуға ұмтылған «Алаш»партиясы мен Алашорда үкіметінің біртұтас Алаш идеясында нақтылай тұжырымдалды.
Көнетүркі жазбаларындағы бұл үлгi бүгінгі «Мәңгiлiк ел» үлгiсiнің қормалды.«Мәңгiлiк ел» нысанасы – «аспан мен жер,су жаратылғалы» Тәңiртауының сағасын мекендеп келе жатқан, «жетi рет жержаңартқан» (Шәкәрiм) көшпелi түрiк жұртының, оның тікелей мұрагері – бүгінгі Қазақелінің ұлы арманы, түркі-қазақ әлемi менруханиятының ұйытқысы. Демек, жер мен су болса ғана қазақ қауымы мәңгiлiк ел қалпынсақтап қалмақ. Өйткені «мәңгiлiк ел» нысанасы көшпелiлердiң рухани кеңiстiгiнiңқасиеттi болмысы. Оның мәңгiлiк сыпатына Тәңiр мен Ұмай ана, жер мен сукепiл. Мұндай ғаламдық кеңiстiкдеңгейiндегi кепiлдiкке ие болған түрiк жұртының құрып кетуге кеше де ешқандайқұқы жоқ болатын, бүгін де «құлданып, күңденіп кетуге» құқы жоқ, ертең де«жойылып, сіңіп» кетуге қақысы жоқ.
Алашорданың орнатайын дегені де сондай мәңгілік аңсарғаұйыған ұлттық демократиялық мемлекет.Ал Алаш идеясының басты аманаты – жерді ұлттың игілігіне мәңгіаманатқа қалдыру. Қазақ мемлекеті үшін ең басты мәселе – жер, жер және жер.Өйткені жер – Отан, жер – экономика, жер – қорғаныс, жер – рух, жер – мәдениет,жер – намыс. Жерсіз мемлекет өмір сүре алмайды. Әр ұлт, әр сарбаз өз елін«менің жерім» деп қорғайды. Жерінен айырылған мемлекет өзінің бостандығынан,тәуелсіздігінен айырылады (айтпақшы, біздің әнұранымыздағы Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің елім, менің жерім!»деген жыр жолдарындағы «жер» дегенсөз неге алынып тасталды?). Жер – мемлекеттің меншігі және Отан деген ұғымныңбасты кепілі. Ендеше, «Мәңгілік ел»ұстанымының қасиетті қағидасы да осы жерге негізделуі тиіс. Сонда сонау көнеаңсармен – бүгінгі аңсар, бүгінгі аңсармен – ертеңгі аңсар өзара мәңгіұштаспақ. Әйтпесе бүгінгі ұзын-ырғасы 13-15 латифундистің меншігіндегі жер «мәңгілікелдің» мекені бола алмайды. Қырымдағы қитұрқының тонын сыртына аударып: «Жер –өзіміздің жекеменшігіміз. Сондықтан да оны қай мемлекеттің құрамын қаласақ, соған бағындырамыз. Солүшін референдум өткіземіз», – десе, Біріккен Ұлттар Ұйымы да, Еуропалық одақ таештеңе дей алмайды. Өйткені олардың басты қағидасы жеке капитал мен жекеменшіктіқорғауға құрылған.
Демек, бұл мәселеге қайтыпоралып, жерге жекеменшік мәселесін бүкілхалықтық референдум арқылы шешпей, «Мәңгілікел» ұстанымы да тиянақталмайды. Өйткені«Мәңгілік елдің» мәңгілік мекендейтін,оны асырайтын, паналайтын тұрақты жері болуы керек. Қазақстан жерінің 77 пайызы латифундистердің қолында. Сонда«Мәңгілік еліміздің» Өтүкені, Жиделібайсыны, Жерұйығы қайда? Біз кімнің жерінбасып жүрміз? Қазақстанның фаунасы мен флорасының алтын қоймасы саналатынқорықтарға тиесілі аң аулау шаруашылықтарының 90 пайызынан астамын «бауырластарымыз бауырмалдықпен» бауырынабасып, меншіктеп алғаны туралы нақты деректі оқығанда Арқангер мен Алматықорығындағы қанды қырғын есіме түсті. Егерлердің мылтықсыз жүрмейтіні белгілі,демек, олар қару-жараққа да ие.
Енді осы сөздеріме нақты жанамамысалдар келтірейін. Мен осыдан бес жыл бұрын Торғайдағы Ахмет Байтұрсыновтыңатамекені Ақкөлге бардым. Бұл – 2000шаршы шақырым аумақтағы құрдымда жатқанкөл. Яғни Арқалыққа дейін – 600, одан Торғайға дейін – 500, Торғайдан әрі қарай170 шақырым жерде орналасқан, торғайлықтарды ашаршылықтан аман сақтап қалған көл. Сол көл 2006 жылы жекеменшіккесатылып, Торғайдағы 17 кеңшардың халқы балықсыз қалыпты. Торғай жері сарытопырақтыболып келетіндіктен, онда сабағы қоға, басы бидайық сияқты қоқа деген өсімдікқана өседі. Оны мал жемейді, егін салуға келмейді. Яғни халықтың күнкөріс көзі– балық аулау ғана. Кейінгі жылдары сол Ақкөл тартылып, балығы шіріп, жағағашығып қалыпты. Ақкөлдіктер: «Ең қорлығы сол – биылғы жазды өзімізге қызығын көрсетпейотырған біреудің балығын тегін жиып, өртеумен өткіздік», – дейді. Сөйтсек, әлгі көлиесі балықты өзі де аулап жарытпайды, жергілікті тұрғындарға да аулатпайдыекен. Содан кейін су тартылып, балықтар шіри бастаған. Балық шіріген жердеіндет тарайды. Сонда жалғыз күнкөрісінен айырылған ел не істейді?
Тағы бір мысал. Бір жылдары Шығыс Қазақстанда өскен шөп адам бойынан асыпкетті. Ал сол жылы Семей өңіріндегібасты мәселе шөп тапшылығы болды. Алтайдың сілеміндегі адам бойынан асатыншөпті шабуға болмайды. Өйткені ол біреудің жері. Кімнің жері? Әйтеуір, қазақтыкі емес. Өйткені бәйектің дені Ертістің арғыбетінде. Сондай-ақ Қазақстанның көпаймақтарында сол жылы егін бітік шыққанымен, орылмай қалды. Неге? ӨйткеніҚазақстанның солтүстіктегі қаратопырақты аймақтарындағы бүкіл егін аумағыныңдені 7-11 латифундистің меншігі. Солтүстіктегі облыстардың барлық элеваторлары«жат қолында» (Ғ.Мүсрепов). Ал олар, әрине, шағын серіктестерден гөрілатифундистердің өнімін көтермелеп сақтағанды жөн көреді. Ауыл шаруашылығыминистрінің бұл мәселені шешуге шамасы жетпейді. Өйткені ана жер Кулагиндікі,мына жер Терещенконыкі, үшінші бір жер Мәдиновтікі, төртіншісі… Мен өз сөзімніңдәлелін алдын ала айтайын, қазақ жерінің аумақты көлемін әртүрлі бүркеншікатпен меншіктеп алғандардың дені – Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері.Ассамблеяға саясатпен айналысуға құқық берген соң, ассамблея мүшелері жер саясатымен еркін және белсенді түрдеараласуға бет алды. Бейне бір патшазаманындағы жерді отарлау, бөліп беру саясатын жүргізген земствоның міндетінқолына алған сияқты.
Осындай бір алқа-қотан отырыстапікір айтылған тұста қазақтың ой қормалы, оқымысты Аманкелді Айталы дегдар:«Тұрсын Жұртбайды қолдасақ, біраз уақыт көптеген мүмкіншіліктерден айырылыпқалдық. Қадіріміздің қашқанын енді біліп жатырмыз ғой деймін. Мысалы, жермәселесінің бұдан да әрі ушығуы мүмкін. Бір жағынан алғанда, Ресеймен шекараныанықтау үлкен жетістік. Жалпы, орыстар қазақтармен шекараны анықтауға ешқашанда көңіл бөлген жоқ. 2005 жылы қараша айында Ресей мен Қазақстанның шекарасынанықтауға арналған отырыс болды. Бірінші нүктесінен бастап, көлі бар, сайы бар,суы бар, орманы бар, тауы бар – әрбір метріне дейін екі тілде жазылған 500 беткітап екен. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин осы мәселені бір күндекелісіп шешкен. Біз өте үлкен құлшыныспен ратификация жасадық қой. Сонда «жерберілмесін» деп Ресейдің 36 депутаты өре түрегелген. Путин болса «қазақ дегенжақсы халық» деп тоқтатыпты. Өйткені қазақтан басқа Ресейді қолдайтын ешкімқалмады ғой. Украинасы анау, Балтық жағалауы анау, Кавказы анау. Соның өзіндекүні бүгінге дейін шекараның әлі шешілмеген мәселелері бар. Десек те, бұл үлкенжетістік. Осы хаттама БҰҰ-ына кетті ғой. Халықаралық күшке енді. Қытаймен десол сияқты. Ал еншімізді алғанмен, ел ішіндегі мәселені келістіре алмайжатқанымыз рас. Балқаштан былай қарай 30 млн гектарға жуық жер әскери полигон.Оның жалдық ақысы да көп емес. Сол жерлерге де қазақ малын жая алмай отыр. Бұл зымырандықполигондар. «Бұл да еліміздің қорғанысы, бұл зымырандар тек Ресейді емес, біздіде қорғайды» дейді. Өз еліміздің байлығына ие болу, жерді тиімді пайдалану жәнерухани мәселелерді шешпеу – бұл, әрине, әсіресе Ресейдің ақпараттық үстемдігі»,– деп бізді қостап еді.
Әулие екен. Міне, енді Қырым оқиғасынкөзбен көрген соң, көңіліміздегі күдік пен кәдік бұрынғыдан да ұлғайып отыр.Жер мәселесі – қазақтың тәуелсіздігінің кепілі. Ендеше, бұл мәселеге қайтыпоралу керек. Бәлкім, бұл мәселені бүкілхалықтық референдуммен шешкен дұрысшығар. Әйтпесе біздің бүгінгі күйімізбаяғыда біз оқыған мектептегі тарих пәні оқулығындағы бір аяғымен жер басыптұрған орыс мұжығының суретіне ұқсайды. Әлихан Бөкейханов айтқандай, «Қазақтың байырғыжерін қашан ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жекеменшікке де,қоныстанушыларға да берілмеуі» тиіс. Өйткені жер – Отан, ал Отанды сатуға да, жекеменшіккеайналдыруға да болмайды. Қазір қазақ жері өзінің тарихи иесінен айырылып қалды. Ал«Мәңгілік ел» ұстанымының ұстыны – жерсіз ұстын емес, «қағылған қазық» қана.
Тұрсын ЖҰРТБАЙ