Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:13, 21 Мамыр 2020

Мәңгілік ел ұстанымының ұстыны - біртұтас Алаш идеясы

(Басы өткен санда) 

«БІР ТОБЫЛҒЫЖҮЗ, ЖҮЗТОБЫЛҒЫ МЫҢБОЛА АЛА МА?»

Көне түркі қағанаты тұсындамәйегі ұйыған «Мәңгілік ел» идеясы мен біртұтас Алаш идеясының күретамырланаұстасатын да, ұштасатын екінші тамыры – «мәңгілік Өтүкендегі» «мәңгілік елдің»құзырындағы  «жердің астындағы, үстіндегі,аспанындағы қазынаға» мәңгілік иелік туралы аманат.

Ел абыздарыныңөсиеттерi де мәңгiлiк. Бiлге қаған да, Күлтегiн де, Тоныкөк те, Құлашор да,Мойыншор да «барлық айтар сөзiн мәңгi тасқа басты». (Балбал тастарды қарияларқасиеттi санап, «мәңгi тастың киесi атады» деп, балаларды оған жолатпаушы едi.Сонда бiзге «мәңгi тас» – «мәңгүрт тас», «мәңгiртас» деген ұғым беретiнсияқты көрiнетiн. Сөйтсек, бұл үлкендердiң «мәңгi тасты» мәңгi сақтау үшiн жүгермектерденқорғаудың амалы екен-ау!)

Жылқайыруымыздан жетi ғасыр бұрын өмiр сүрген Анақарыс данышпанның кiсiмсiнгенэлладалыққа: «Мен үшiн елiм қайғы, ал сен – елiңнiң қайғысысың», – деп жауапберуiнде сондай тәңiрлiк сыпат жатыр. VIII ғасырда қағаз бетiне түскен ең көнетүрiк жазуы «Ырық бiтiктегi»: «Хан таққа отырып, сарай тұрғызды. Оның елi мықтыболды. Айналадан жақсылары жиналып келiп сүйiншi сұрады, қуанды… Соны бiл.Бiр тобылғы жүз болды, жүз тобылғы мың болды, мың тобылғы түмен болды, соныбiл. Пайдасы бар игi iс ол», – деген  өсиетте мәңгiлiк елдiң ұрпаққа аманаты. Мұндағы «Бiр тобылғы жүз болды, жүз тобылғымың болды, мың тобылғы түмен болды, соны бiл. Пайдасы бар игi iс ол» деп отырғаны – өзгеемес, тура жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық шикізат.

Сол«мәңгiлiк ел» мен жер, қазынасын игеру үшiн қағандар мен бектер, оғландар «Бiресеiлгерi шапты, бiресе керi шапты. Қаны судай құйылды, сүйегi таудай үйiлдi.Әкемiз, ағамыз құрған халықтың аты, даңқы өшпесiн деп, түркi халқы үшiн түнұйықтамады, күндiз отырмады», «төрт бұрыштағы иесiз көк түрiк халқының жаңылғандарын, көшкендерiн жиып, Өтүкенқойнауына қоныстандырып ел еттi, ілгерi – күн шығысында, оң жақта – күнортасында, кейiн – күн батысында, сол жақта – түн ортасында ел ұстап, төрелiкеттi», көркейттi, көтердi, «мәңгiлiк ел» орнатты.

Қағанқағанатты (елін, жерін), сол арқылы қағанат жерінің астындағы, үстіндегі,аспанындағы қазынаны қорғайды. Қаған – қағанаттың азаттығы мен амандығының,ырысының кепілі.

Міне, бұл – «Мәңгілік ел»ұстынының да ұстанымы. Біртұтас Алаш идеясының екінші ұстанымы да осы «мәңгілік ел»аңсарымен тікелей ұштасып жатыр. Жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағыбарлық шикізаттық игілікті игеруде қазақ мемлекетінің үлес салмағы үстем түсуікерек, яғни Ә.Бөкейханов айтқандай, «оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңірінетүйме болып қадалуы» тиіс.  Жер байлығыәуелі қазақ мемлекетінің игілігіне жұмсалуы қажет. Яғни бұл өз жеріміздіңигілігін әуелі өз еліміздің игілігіне айналдырсын, одан асса ғана жатқасалауат. Одан асса, шетелге инвестицияға шығаруға болады» деген емеурін. 

Мен үнемі статистикалық мәліметтердіжиып жүремін. Мысалы, Ресейге барып, компьютерді қосып қалсаң, Қазақстанныңэкономикасы туралы ақпараттар самсап шыға келеді. Түркияға, Моңғолияға,Қытайға, Америкаға барсаң да, сайттардан барлық статистикалық цифрларды ашықоқи аласың. Ал біздің сайттарымызда ондай ақпараттар неге жоқ? Барыбар-ау, бірақ ол   ақпараттар бір-бірімен неге сәйкескелмейді? Басымызға ұрып тұрып өткізген халық санағының нақты есебініңанық-танығын  шығару үшін алты ай жұмсап,нәтижесін екі рет өзгертіп барып, бір жылдан соң  ресми жария еттік қой.  Ал өнеркәсіптің нақты өнімі мен ресми көрсеткіші сай келмейтін, ресмикөрсеткіші мен көлеңкелі жасырын көрсеткіші сай келмейтін, үш түрлі қиқыматқақұрылған статистика арқылы қазақ жерінен  өндірілген қазынаның көлемі қанша, оның қаншасы кімге тиесілі, түсіміқайда жұмсалып отыр –  мұның барлығы«мәңгілік елдің» тұрғындары үшін «мәңгілік құпия» мәліметтер. Меніңаннан-мұннан шым-шымдап жиған там-тұм мағлұматыма қарағанда, жеріміздің астымен үстіне, оның қазынасына иелік ететіндердің қатарынан «мәңгілік елдің»мұрагерлері некен-саяқ қана.

Аманкелді Айталы ағам жоғарыдағы«Алаш аманаты» атты пікір алысуда:  «Жерастыбайлығымыздың қолды болып кетуі мұнай, газ, металл шығатын жерлерде… Бірақмынадай бір ақиқат бар екен. Ақтөбедегі Дөң кен байыту комбинатының еншілестерітек шетелдіктер ғана емес. Өзіміздікі де бар екен. Жергілікті ұлттық буржуазия шетелдіктерменбірігіп жұмыс істеп жатқан көрінеді. Бірақ бұл құпия. Десек те, қанша құпияболса да, шығып қалады», – дегені ғана медеу. Аспанды айтпай-ақ қояйын, өйткені «Қазсаттың» қайда қаңғып жүргенінбілмеймін. Қара металлургия Машкевич пен Ибрагимовтің, Шодиев үшеуінің, түстіметаллургия мен мыс Ким, Нилердің, мұнай мен газдың 40 пайызға жуығы қытайкомпанияларының қолында, ал қанша жүрек жұтқан болсам да, уранның иесін тәуекелетіп ашық айта алмаймын. «Екібастұздың» көмірі Ресейдің ауыр стратегиялықөнеркәсібінің қазандығын тегінге жуық жылытып жатқаны анық. Қай өндірісті алсаңда, қожайынының жүнді қолы шекараның ар жағынан сұғынып тұр. Әйтеуір, қазақ ұлтыныңөкілі емес. Сонда бабаларымыз «Бiртобылғы жүз болды, жүз тобылғы мың болды, мың тобылғы түмен болды, соны бiл.Пайдасы бар игi iс ол» дегендегі «игілігімізді»таландатып жібергеннен саумыз ба? Әлгі Еуразиялық одақ, Еуразиялық экономикалықодақ, «ақылға бірлік», «малға бірлік»», «антұрған бірлік» деп таңдайымызтақылдап жүрген «бірлігіміздің» мына «жүз тобылғы мен түмен тобылғыға» қатысықандай? Әй, қайдам, менің бұған да күдігім мен кәдігім бар.

Бізге нақты статистикалықақпараттар мен талдаулар керек. Халық Қазақстанның нақты экономикалықкөрсеткішін білсін. Бюджеттегі ашық қаржыдан «қарабауыр қаржының» көлемі 1-1,5есе көп деген мәліметті айтып жүрген бұрынғы министрлердің сөз рас па, жоқ па? Мұны бейресми үкімет құруғашақыру деп те түсінулеріңізге болады. Сол «қарабауыр қаржы» да Еуразиялықэкономикалық одақтың қоржынын толтыра ма, жоқ, Қайрат Келімбетов айтқандай, «Мәңгілікелдің» бүйірін бұлтита ма? Бұған  күдігіммен кәдігім тіпті көп.

                      «САУДАМЫЗ – АР МЕН ИМАН БА?»

     «Мәңгілікелді» мәңгілік ел ететін үшінші ділгір мәселе – экономикалық тәуелсіздік.Кезінде айбынды көк түрік қағанатыэкономикалықтәуелділікке ұшырап, «алтынды, күмiстi, дақылды, жiбектi соншама шексiз берiпжатқан табғаш халқының сөзі – тәттi, бұйымы асыл табғаштарға (қытайларға)алданып, бектерiнiң, халқының ымырасыздығынан, табғаш халқының тепкiсiне көнгендiгiнен, арбауына көнгендiгiнен,iнiлi-ағалының дауласқандығынан, бектi халқының жауласқандығынан түрiкхалқы елдiгiн жойды, қағандығынан айырылды, табғаш халқына бек ұлдары құлболды, пәк қыздары күң болды. Түрiк бектерi атын жоғалтып, табғаш бектерiнiңтабғаш атын тұтынып, табғаш қағанына бағынды, елу жыл iсiн-күшiн бердi».

Ал біз 50жыл емес, 250 жыл (!)iсiміз бенкүшiмізді бердiк және дәл сондай күйдi бiз қазiр де басымыздан кешiп отырмыз.Жайма мен қара базар толған табғаштардың заты. Сөзi жылы, iшi суық.Қағанатымызды ежелгi Кунзының тұсындағы тақыс саясатына салып, «жапырақтыбiлдiрмей жеген жiбек құртынша»  кемiрекеулеп барады. Ақыл-санамыз да, жүрiсiмiз бен тұрысымыз да, бөзiмiз де, сөзiмiзде жаттың үлгiсiне ауысты.  Енді «қайысноқтаны» басымызға киіп тұрып, енді оған «темір ноқтаны» еуразиялық еркін одақарқылы (Анна Иоановнаға өз еркімізбен қосылмап па едік) қайтадан кисек,«мәңгілік еркін еліміз» қайда қалады? «Жигули» мен «Газельді»,  «Ниваны»қайтадан ауыздықтармыз-ау, бірақ енді соған тақымымыз үйрене қояр ма екен? Ендіқазақ теледидары көрсеткеніндей, әуелі өздері шомылып барып, денесінің кірінқосып, бізге жіберген орман жұртының сүтін шайға қатып ішу қалды ма? Сүт екешсүтті өндіре алмаған елдің «Мәңгілік ел» атануға қақысы бар ма, өзі? «Мәңгілікел» ұстанымында бұл мүттәйімдікті жоюдың жолы қарастырылған ба?

Алашидеясының үшінші ұстанымы сол «саудасы – ар мениманы» (Абай) болған  «антұрғандықты»жоюға бағытталған. Яғни, Әлихан айтқандай, «қойдың үстінен қырқылған бір уысжүн қазақ халқының үстіне тоқыма болып тоқылуы керек» еді. Мұның себебін Алашкөсемдері «Отарлық жүйеде басқаға қарайлаумен күніміз өтті. Тәуелсіз экономикажасамасақ, емінсек ел боламыз. Ол біздің алған тәуелсіздігімізді он бес жылдаекінші бір тәуелді мемлекетке айналдырады» деп түсіндірмеп пе еді?!

Ал біздің тәуелсіздігіміз ширекғасырға жуықтады. Біздің бүгінгі күйіміз – шарасыз мүттәйімнің күні.  Қашаған сияқты алып заводымыз бен үйқұбырындағы нәзік бұранда сынып қалса, қолымызды қусырып, иығымызды қағыпмүттәйім бола қаламыз.  Өйткені әлгібұранда елімізде шықпайды. Демек, шәйек пен шәугімге де тәуелдіміз бе?Тәуелдіміз. «Тым болмаса кеттің ғой мал баға алмай», – деп Абай айтқандай, ХХІғасырдың өзінде мал баға алмай отырмыз. Ауылда мал жоқ. Ең болмаса малды да баға алмай отырмыз. Ресейге жылсайын өткізетін 60 мың тонна етті доңыздың етімен өтеп отырғанымыз туралы«Егемен Қазақстанда» жарияланған мақала біразымыздың шымбайымызға батты, алресми мекемелер үнсіз дымын ішіне тартумен тыйылыпты.

Өз көзіммен көргенімді айтайын.Менің ауылым Шыңғыстау мен Абыралының түйіскен тұсындағы Көксеңгір дегенбұрынғы егіндік пен шабындықтың, жайлаудың етегінде. Ондағы ел малына қыстықазыққа шөп таба алмай қиналады. Екі-үш жыл бұрынғы қалың қарда біразының малыжұтап қалды. Ал әлгі Көксеңгірде қаншама жердің шөбі шабылмай бос жатыр. «Әй,мына шөпті неге шаппайсың?» деп ағайыныма ұрыссам, ол «болмайды»  дейді. Неге? Өйткені біреудің жері. Ойбай-ау,қазақ өзінің жеріне шыққан шөпке өзі ие болып, өз малын өсіріп, өзінің үстінекиетін тоқыманы өз қойының жүнінен есе алмаса, күні не болмақ? Жұмыссыздықдеген осы емес пе?!.. Тағы да сол Абай дегдардың «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,Аздырар адам баласын» дегенінің кебін құшып тынбаймыз ба?

«Мәңгілікелдің» ұйытқысын ұйытқан көне түркі жазуындағы бас ерiктерiнен айырылған түркібектерiне: «Тәтті сөз, асыл қазынасын беріп, жырақтағы халықты (өзіне) соншажақындатты. Жақын қонып, сосын (олардан) әдепсіз қылықтарды үйрендің… Тәттісөз, асыл дүниесіне көп алданып, түркі халқы қырылдың, түркі халқы жойылдың»(«Күлтегін» жазуы), «Хан бердiм. Ханыңды тастап, бағындың. Бағынғаның үшiнТәңiрi сенi өлiмшi еттi. Түркi халқы қырылдың, әлсiредiң, жойылдың. Түрiк сiрхалқы жерiнде тiршiлiк қалмады» («Тоныкөк» жазуы ), – деп  ескертпеп пе еді?! Қаһарланып барып, қайтаданелдi ел етуге ант берісіп: бiрлiктiң, қағанын сыйлағандықтың, бауырын бауырынабасқандықтың нәтижесiнде ғана «Елсiреген, қағансыраған халықты, түрiк иелiгiненайырылған халықты ата-баба мекенiне қайта оралтты. Төлiс, тардүш (тарға),жабғы,  шад сайлады», яғни көк түрiкқағанаты тұсындағы  28 дәрежелiмемлекеттiк билiктi  қалпына келтiрдi.

Осыдан 1500жыл бұрын бабаларымыз тасқа жазып тұрып ескерткен, «Өтүкен қойнауында отырсаңғана сен мәңгілік елдігіңді сақтайсың. Онда түркі халқы тоқ. Сен ашсың ғой(кедейсің), Аштықта тоқтықты түсінбейсің, бір тойсаң аштықты түсінбейсің. Соныңүшін алдандың… Түркі, оғыз бектері, халқы, тыңдаңдар! Төбеңнен тәңірібаспаса, астыңнан жер айырылмаса, түркі халқы, ел-жұртыңды кім қорлайды? Түркіхалқы, өкін! Бағынғаның үшін!» («Күлтегін» жазуы) – деген, «жер, су иесіз қалмасын»деген аманатты неге жадымызда ұстамаймыз? Неге ұмытамыз? «Күлтегiннiң»кiшi құлпытасындағы жазуда: «Ақылды кiсiлердi, батыл кiсiлердi табғаштар қозғайалған жоқ… (Егер) бір кісі алданса (онда) руы, халқы тұқымына дейін қалмаседі», – дегенжолдар бар. Иоллық тегiн жыраудың «Мәңгiлiк ел»   ұстанымы  қазір де сондай бір «ақылды, батыл кісінің»шешім қабылдауына мұқтаж.  

АманкелдіАйталы қайраткер  бұл тұрғыда «Тәуелсіз экономикадегенге келсек, бүгін біз өзімізді өзіміз асырай алмай отырмыз. Басқаныайтпағанда, «30 корпоративтік көшбасшы» деген бағдарламада ауыл өндірісінеарналған жоба жоққа тән. Бір кездері ағылшынның бір премьері Үндістанға қатыстыбылай депті: «Тәуелсіздікті алу бар да, оған қол жеткізу бар. Үндістан әлібіраз уақыт бізден кетпейді». Біз де сол тәуелсіздікті алдық, бірақ шынайытәуелсіздікке қолымыз жетпей жатыр», – деген еді. «Мәңгілік ел» ұстанымында сол«қолымыз жетпей жатқан шынайы тәуелсіздікке» қол жеткізетін кепілдікқарастырылуы тиіс.

 Қош, сонымен, елдiң елдiгiн сақтап қалуүшiн  «Тәңiрi, Ұмай, жер, су   түрiк жұртына мәңгiлiк жеңiс» пен жер, яғнишикізат, қазына  берді». Сол «пайдасы баригiлікті («Тоныкөк» жазуы),  шикізатты,жер қойнындағы қазынаны  қорғап, олигіліктің қызығын жатжұрттықтар көрмес үшін  «ақылды кiсiлер, батыл кiсiлер» «Iнжу өзенiн кешiп, Тiнесi ұлыныңмекенiндегi Мәңгiкөк тауынан мәңгi асыра қуады». Сол үшін  «түрiк халқы үшiн түн ұйықтамаған, күндiзотырмаған, қызыл қанын төккен, қара терiн ағызған, күш-қуатын аямай жорыққашыққан» Тоныкөк пен Күлтегiндi  «Тәңiржарылқады, бақ бердi, сәтiн түсiрдi», сөйтiп, «өлiмшi халықты тiрiлттi, жалаңашхалықты тонды, кедей халықты бай қылды. Аз халықты көп қылды, тату елгежақсылық қылды». 

«Бәрiбейбiт, бәрi тату, бәрi қағанды»  («Күлтегiн»жазуы)  болса деп тiледi. Соны тiлейотырып түрiк елiн де сыйлауды, онымен санасуды талап еттi. Елiнiң «… басынидiрiп, тiзесiн бүктiрмедi. Көп екен деп қашпады, аз екенбiз деп қорықпады.Неге басындырады? Шапты! Қуды! Кiнәлi жауды алдына келтiрдi. Бүкiл түрiкхалқына қарулы жау келтiрмедi. Атты әскер жолатпады. Елтерiс қаған жауламаса,оған ерiп Тоныкөк пен Күлтегiн жауламаса; елi, халқы жойылар едi… Соләрекеттiң нәтижесiнде: елi қайта ел болды, халқы қайта халық болды. Өзiқартайды, халқына көсем болды» («Тоныкөк» жазуы). Ақыры «құл – құлды болды, күң– күңдi болды». Құл мен күң ұстау «мәңгiлiк ел» нысанасының мүддесi емес, солзамандағы ұлт пен ұлыстың бәрiне ортақ соғыс заңдылығы болатын.

«Мәңгiлiк ел» нысанасының руханимәйегi – елдiк қасиет, яғни ел бiрлiгi идеясы. Ықылым заманнан берi әлемдiкөркениеттiң ажырамас бiр бөлшегi ретiнде қанаттаса өмiр сүрiп келе жатқанкөшпелi түрiк дүниесiнiң барлық рухани мұраларының негiзгi түйiнi – «Ел»,басты құлақ  күйi мен мазмұны – «елдiк,бiрлiк» деген ұғым. Ал соны түрiк қауымы сияқты ұлттық аңсарына айналдырып,заманалар бойы әпсаналарына арқау еткен.  Жоғарыда аталған жазбалардың бәрi де «бiрлiк» мәселесiн «мәңгiлiк елдiң»түрiктiк кепiлi ретiнде бағалайды. Сол береке-бiрлiк, ынтымақ, елдiк қасиет үшiндұшпанына да бейбiт өмiр тiлейдi. «Бектерi жау болды. Тиiспейiн деп ойладым.Тиiскенi үшiн жандым, соғыс жүргiзе үйге қарай беттедiм. Жауға тиiп, iнiме,ұлыма өсиет қалдырып: Елтерiс қағаннан айырылма, Тәңiр тектi Бiлге қағаннанайырылмайық, азбайық дедiм. Солай оқыттым. Керi кеттi. Бiлге қағанның халқы(берекесiз боп) кеттi. Өз бақытын,күш-жiгерiн өз қағанына жұмсады» («Құтлық қаған» жазуы).

                                  «ЕЛІҢДІ  СЫЙЛАУДЫ ТАЛАП ЕТ!..»

Мұндағы бірлік  – «малға бірлік емес» (Абай), рухани бірлік.Ал рухани бірліктің ұйытқысы – төртінші және киелі идея – тіл, дін, ділтәуелсіздігі. Осы үштік тоғыстың тұтастығы үшін «Мәңгілік ел» ұстынында   «түрк елін сыйлауды талап етті», сол үшінтүрк жұртының «басын идiрiп, тiзесiн бүктiрмедi...» Өйткені  «Тәңiр жарылқады». Елдіктің – елдік кепілі –рухани азаттық.   Бұл кесіргеұшыратқандар «түрк бектері атын жоғалтып, табғаш бектерінің атын, табғаш атынтұтынғандар», солардың сатымсақтығының, Абай айтқандай, «Қолына алып, Пәлесалып, Аңдығаны өз елi» болған «төрден үрген итке ұқсағандардың» салдарынантағы да «түркі халқы елдігін жойды», «бек ұлдары құл болды, пәк қыздары күңболды».

Рухани азаттыққа   қарсы тұру – өз бақытына, өз елiне, өзiңніңрухыңа қол салу. Бұл үш тоғыс – «Мәңгiлiк ел» нысанасының ең басты киеліқасиеті. Сондықтан да оған ешкімнің сұғын қадауға, сұғына килігуіне, сұқсаусағын сұғуға қақысы жоқ. Біртұтас Алаш идеясында да тәуелсіз  мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, ділүстемдігі анық салтанат құруы тиіс. Х.Досмұхамедов айтқан «ұлттық мәдениетүстемдігі» дегеніміздің мағынасы да осы мәңгі тасқа қашалған «түркі елін (Алашжұртын) сыйлауды талап ету», сол үшін түркі жұртының «басын идiрмеу, тiзесiнбүктiрмеу...» (рухани тәуелді етпеу), «Тәңiрі жарылқау» (дінін сақтау) дегенұстаным. Осы үстемдік «Мәңгілік ел» ұстанымында сақтала ма, жоқ па?

Біз тіл мәселесін әу баста  «түркі елін (Алаш жұртын, қазақ тілін)сыйлауды талап етудің» құралына айналдырмай, саясаттандырып алдық.  Бүгінгіұлтшыл деп жүрген адамдарымыз ол кезде өзінің ұзақты ойлай алмайтынын байқатты.Яғни «белсенді коммунистен» белсенді ұлтшыл шықпады. Мен бір-ақ нәрсе айтайын.1992 жылы бірінші Конституция қабылданған кезде қазақ тіліне бүгіннен бастапкірісу керек деді. Кірісіп кетуге болатын еді. Үлкен қайшылықтар да туындауымүмкін еді. Бірақ қиналып барып жеңетін едік. Сол кезде Олжас Сүлейменов айтты:«Жоқ, бұл нәрсені ойланайық. 1949 жылы қабылданған халықаралық келісім бар.«Отарлаудан босанған елдерге өз тілін игеру үшін 10 жыл мүмкіндік берілсін»деген. 1949 жылы Израильға 10 жыл берілді. Иврит деген тіл – өлі тіл болатын. Оларбір жылдың ішінде мемлекеттік тілде сөйлеп шыға келді. Біз де он жыл уақытберейік. Он жылдан кейін қазақ тіліне бәленбай күні, бәленбай сағатта көшеміз.Ол күні бүгінгі бірінші сыныпқа барған бала оныншы сыныпты бітіреді. Ертең олқазақ тілінсіз күн көре алмайтынын біледі. Бүгінгі отыз жастағы адам қырыққакеледі, мемлекет ісіне араласады. Елу жастағы адам зейнетке шығады. Оғанмемлекеттік тілдің онша керегі жоқ. Біз осылай шешейік», – деген еді. Ойпырмай,«Олжас дегенің орысшыл, сатып кетті» деп «қағаз жолбарыстың» бәрі жамырады. МенОлжас ағаға барып: «Мұныңыз не?» – деп сұрап едім. «Бұл нәрсе осы бетіменкетсе, енді жиырма жылдан кейін де Қазақстанда қазақ тілі жалпыға ортақмемлекеттік тіл болмайды. Өйткені онда тіл саясатқа айналып кетеді. Ал саясаттаешқандай нақты шешім болмайды. Бүгінгі айтып жатқандар айта берсін, негізі,солай болғаны тиімді. Мен дүниежүзін аралап жүрмін, білемін ғой. Әлемдіксаясатты пайдалануымыз керек», – деді. Құрып кеткенде, соған ие бола алмайқалдық. Саясат өзінің  түпкі шешімінесендіру керек. Онсыз саясат «қу тілмен қулық сауғанның» (Абай) кәсібі ғанаболып қалады. Ал біз, міне, ширек ғасыр болды, тіл саясатын жылдан-жылғасуалған сиырдың желіні сияқты «қу сөзбен сауып келеміз». Осыдан кейін саясатқақандай сенім болмақ? 

Ал ертеңгі күні не күтіп тұр, бірАллаға ғана аян.  Қырым оқиғасынан кейінбойымыз түршігіп қалды. Мемлекетаралық ұлттық саясат  тұрақты, өтімді,пайымды болса керек еді. Ал империялық өктем де озбыр пиғыл арандатумен аранынаралап отыр. Ал енді  біздегі казактарҚазақстанда «өз армиямызды құрамыз», орыстар «орыстардың партиясын құрамыз» депшапқылап жүр. Осы ретте қазақ ойының қормалы Айталы оқымыстының мына пікірінназарға іліктіре кетейін: «Мәселе Австралия одағы туралы болып отыр. Австралиямен Қазақстанның тарихы әртүрлі болғанымен, оларды көпұлттылығы жақындатады.Австралияның негізгі халқы Еуропадан, Америкадан қоныс аударғанағылшынтілділер, оларды австралиялықтар деп толық айтуға болады, өздеріне тәнқұндылықтары, өмір салты, мінез-құлқы, мәдениеті қалыптасқан. Бертін келе, ХХғасырдың 70-жылдары демографиялық дағдарыс және экономиканың дамуы шетелдіңжұмыс күшін пайдалануды талап етті. Австралияға ағылып арабтар, вьетнамдықтар,қытайлықтар, басқалар қоныс аудара бастады. Оларға қойылатын басты талап –Конституцияны мойындау, ағылшын тілінде сөйлеу. Қоныс аударушылардыңмәселелеріне байланысты мемлекет қыруар қаржы бөлді: ұлттық тілдерде кітапхана,мектеп, БАҚ жұмыс істеді. Бүгін Австралияда радио 68 тілде, теледидар 60 тілдехабар таратады. Бұл аздық етіп, диаспораларға парламентте, үкіметте, оқуорындарында квота бөлінді, диаспора кәсіпкерлеріне салықтардан жеңілдікберілді. Австралияға қоныс аударушылардың саны одан сайын көбейді. Енді бюджетоларға деген шығынды көтере алмайтын жағдайға жетті. Елде қылмыс көбейді жәнеол этностық сипат алды: вьетнамдықтар героин сатумен, арабтар әйелдерді сатуменайналысса, қытайлықтар мемлекеттегі лауазымды қызметтегілермен ауыз жаласып,қылмыстық топтар құрды. Сонымен, бұл ұлттық саясатқа елдің басым көпшілігіқарсы болды, себебі бірте-бірте байырғы еуропалықтар шеттетіле бастады, елдісенімсіздік пен күдік жайлады, ал диаспоралар Австралия мемлекетінің тұтастығынұмытып, өзара бәсекелестікке түсті» («Егемен Қазақстан», 19 сәуір 2008 жыл).

«Мәңгілік ел» ұстанымын жүзегеасырамыз және соның ұйытқысы –  Алаштыңаманатын адал жүзеге асырамыз десек, Айталы дегдарды алаңдатып отырған қосөкіметтік саяси құрылым, Қазақстан халқы ассамблеясын өзінің мәдени орталықдеңгейіндегі орнына қоймай, қазақ қоғамында тыныштық болмайды. Халықассамблеясы жалған ғылым, жалған идеология, жалған насихатты дамытып отыр.Қазіргі кезде қоғамдық пікірді мысымен емес, пысымен басып, наразылық пенкірбің қабақ етіп, алаңдаушылық тудырып отырған осы ассамблея «толеранттық»дегенді бетіне бүркеу емес, шіркеу етіп, әртүрлі деңгейдегі саяси науқандардыбелсене ұйымдастырып, мемлекет құрушы ұлттың төзімін (толерантность) егепкеледі. «Ел бірлігі» доктринасындағы қазақты этностың қатарында болса да, атапөтпей, «қазақстандық ұлт жасаймыз» дегені не масқара? Америкалық үлгідегі ұлтжасау үшін байырғы үндістердің кебін құштырып,  бүгінде Қазақстан халқының 77 пайызын құрап отырған қазақты қырып тастаукерек пе?! Осыдан біраз бұрын Аманкелді Айталы ағамыз айтқандай, халықассамблеясы 5-6 жылда емес, парламентке дербес депутат сайлау арқылы билікбасына бүгін шығып алды. Неге мемлекет оларды басқару аппаратымен біргебюджеттен қаржыландырып отыр? Неге ол қоғамдық бірлестік бола тұра, мемлекеттікидеологияға  араласып, Қазақстанныңболашағын анықтайды? Неге ұлттық мүддені қозғайтын  доктриналар немесе әлдебір үлкен саяси науқан«Нұр Отаннан» бұрын, әуелі халық конгресінде талқыланады? Сонда мемлекет құрушыұлт  өкілдерінің  дауыс беру құқын қамтамасыз ететін баламалысаяси ұйым қайда, партия құру керек пе? Мұның басты себебі не және қайданбасталды дейсіз бе? Ашық айтайын, ол ұлттық-азаттық бағытты ұстанған алғашқымәжіліс депутаттарын таратып, соның орнына келген «Ли көкем»: «Сенің жауың – өзұлтың, сенің досың – біз» деген ұранды ұстанған және оны санаға сіңірген,сөйтіп, бүгінгі күнде  билік жүргізіпотырған халық ассамблеясының құрылуынан басталды. «Халық ассамблеясы өмір сүріпотырғанда қазақ ұлты толық рухани бостандыққа жетпейді» деп, осыдан бес жылбұрынғы халықтық доктрина мен дін туралы заңның алғашқы жобасы дайындалғантұста айтқан едім. Сонда менің бір сенатор және екі депутат досым маған «ТұрсынАсанқайғы» деп атақ тағып еді.

Міне, барлық күдік пен кәдікосыдан туып отыр. Олар өзімен-өзі тегін кетпейді, солардың шылауына ерген,Шәмшіге емес, «Битлзге» Көктөбеден ескерткіш қойған, Алматыны – Алма-Атағаөзгертуге өзеуреген, Қазақстанда мұсылман дінін насихаттамау туралы баспасөз құралдарына нұсқау берген«рухы шоқынғандар», «төрден үрген ит» құсап «федеральдатып»,  «конгрестетіп»   шыға келмей ме?! «Келгенде Жиенқұлғашықпайды үнім», – деп Сара ақын айтқандай, бұған келгенде менің де үнім шықпайқалады.

Осындай ырықсыз ықпалдыңкесірінен қазір біздің діліміз: қала мен дала қазақтары, дәулеттілер мендәулетсіздер және шала қазақтар боп үшке бөлініп кетті. Дәстүрсіз ұрпаққалыптасты. Сағыз шайнап отырып емтихан тапсырады. Ал бұрыш-бұрышта емес, турадәлізде: екі бұтын ашып жіберіп, жақтауға шалқая қалатын қыздар мен оның екібұтының арасына аяғын тығып жіберіп, күйлеп жатқан ұлдардың бес-алтауын өзімажыратқаным үшін, бұл әңгіменің ақыры әке-шешесінің араласуымен аяқталған еді.Сонда шешесі қызының көзінше: «Ну, что же...» – дегені бар. Ақырында мұны әкесітүсініп, қызына да, әйеліне де тыйым салып, тындым етті. Иә, ұсақ мәселе. Бірақкөргенсіз мәселе. Қазіргі ұрпақтың санасын жаулап бара жатқан рухани індеттің,«Күлтегін» жазуындағы: «Тәтті сөз, асыл қазынасын беріп, жырақтағы халықты(өзіне) сонша жақындатты. Жақын қонып, сосын (олардан) әдепсіз қылықтардыүйрендің...» – деген салындылықтың нақ өзі. Ол – ар-ұятқа, дәстүрге қарсы«індет» емес, «қазақ» деген сөзге жиіркенте қарататын мерез.

Мемлекеттік тіл мемлекеттікмекемелердің қолданымынан шеттетіліп отыр. Қазақ мектептерінің оқушылары орыстілінде қабырға газетін шығарады. Орыс тілін үйрену үшін немеремізді қазақбалабақшасына беретін болдық. Демек, қазақ мектептерінде, бастауыш қазақсыныптарында ұлттың мәйегі ұйымаған. Кезінде, осыдан жиырма бес жыл бұрынӘ.Әлімжанов: «Ей, Тұрсын! Сен қазақты рушылдығы құртады дейсің. Ал мен осы«орыстілді қазақ, қазақтілді қазақ» боп бөліне ме деп қорқамын. Қала даланыжұтып қояды. Сонда ұлтсыздықтың көкесі басталады», – деп еді. Дегдарым-ай, солкүдігің күдік күйінше қалмай, шындыққа айналып бара жатыр ма, мен соның куәсіболып отырған жоқпын ба? Мәдени тексіздікке ұшырап кеткен жоқпыз ба депқамығамын. Шағынып отырғаным жоқ, қорланып отырмын.

Мысалы, Астанадағы мен тұратынорамда мың жанұя тұратын болсақ, соның 999-ы қазақ. Бірақ ауладағы ойыналаңында екі-үш үйдің балаларынан басқалары қазақша сөйлемейді. Немересімен бірге мыж-мыж болған кемпірмен шалдар қоса шүлдірлесіп жүреді. Тым болмаса не «кәлимаға», не «спаси нашотчьимға» тілі толық келсеші.  «Түркіжұрты, аздың, тоздың, бір тойсаң аштықтың қадірін білмейсің, ұмытшақсың ғойсен» деген Иоллық тегіннің назасы да сондай күйініштен туғаны анық. ӘнуарӘлімжанов ағамыз айтқандай, дала мен қаланың баласы  тіл табыса алмайтын күйге жетті. 

Жерге, тілге, дінге  ие болмаған соң, діліміз бұзылды. «Саудасы –ар мен иманы», – деп Абай айтқандай, дін саясат пен бизнестің құралына айналды.Ұлттың өз дінін өзіне жиіркенішті көрсету ұстанымы жүргізіліп отыр (жаңа заңжобасы солай деуге негіз қалайды). Мұсылман дінін насихаттамау туралы нұсқаушығыпты. Әй, мұндай нұсқауды кім берді? Ондай идеологияны басқарып отырған кім?Әрине… Біздің ислами фундаментализмге қарсы күресіміз, жігіттің бес талсақалымен, жіліншігіне көтерілген шалбардың балағымен, қыздардың шәші менбалтырын  жапқан қапамен шектеледі.«Көргенсіз ұл әкесінің сақалымен, шешесінің етегімен алысады» дегендімемлекеттік тыйым саясатына айналдырды деген осы емес пе? Әдепті сақтауғамәжбүр еткіміз келсе, онда шалқайса – кіндігі, еңкейсе – таңы көрінетін,қарауға көз ұялатын әдепсіздікке неге заң арқылы тыйым салмаймыз?!. 

Осындай жөнсіз жосық көрсетуімен мемлекетөз ұлтынан ажырай бастады. Халық пен мемлекет екеуінің ойы да, жолы да екібасқа. Енді ол екі жолдың басы қайта біріге ме, жоқ па? Әй, қайдам.  «Кітап шығарудың қажеті қанша? Оны кім оқиды?Электрондық нұсқа бар» дейтін ақпарат министрі мен ректорлар пайда болып,кітаптың өзінен жерінген «ағартушылар» оқу-ағарту саласына вирус боп кіріпкеткен заманда үміттенудің өзі күпірлік сияқты. Егер қоғамның дамуы осы бетіменкете берсе, күні ертең біз алыс-жақынымызға арналған  құранды да орыс тілінде оқыттыратын шығармыз.Онда сол тілмен, ділмен, дінмен бірге «Мәңгілік ел» ұстанымы да әдіра қалады. 

(Жалғасы бар) 

Тұрсын ЖҰРТБАЙ

Тегтер: