Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
05:47, 02 Маусым 2020

«Мәңгілік ел» ұстанымының ұстыны – біртұтас Алаш идеясы

Демек, біздің заң ғылымымыз да,заң шығарушыларымыз да, қаржылық құқықтанушылар да дербес ойлау жүйесіне иеемес.

Олардың білімі мен пайымы, ғылыми парықтауы мен тұжырымы сырт жұрттыңырқына тәуелді. Біздің нысанамыз – ұлттық дәстүр мен тәуелсіз ғылымға негізделген,заңға сүйенген ұлттық демократиялық мемлекет құру. Сондықтан да барлықзаңдарымыз тәуелсіз ғылымға негізделуі қажет. Неге тәуелсіз ғылымғанегізделген? «Күлтегіннің» кіші жазуында: «Сонда өш адамдар (қағанатты күйресіндегендер) былай иландырып еді: «Жырақ болса, жаман сыйлық берер, Жақын болсажақсы сыйлық берер» деп. Осылай иландырып еді. Білімсіз кісілер сол сөзгенанып, жақын барып көбің… әбден алқындың, арылдың.… Жер-жерге қаңғып өлімшібосқын болдың», – деп назалана атап өтілген, жатқа  «жақын барғызып, жақсы сыйлықтан дәметтіріп,«алқындырып, «қаңғытып, өлімші» етуге мүмкіндік берген «білімсіз кісілеріміз»осы: әйтсек, бүйтсек шетелдік озық ғылымды, үздік өндірістік технологияныигереміз, ананы-мынаны басып озамыз деп, өзінің ақыл-санасынан еш пайым қоспай,өзеуреген, дербес инженерлік ойлау жүйесі жоқ, ойы, білімі, пайымы басыбайлығалымдар.  Соған сеніп біз де «алқынып»,«ала дорба арқалап» «өлімші» күй кешіп жатырмыз. Жоғарыда бізді күдік пен кәдіккекүпті еткен тұжырымдарды да жазған сол ғалымдар. «Мәңгілік ел» ұстанымы дасолардың  қаламынан шыққаны анық.

Осыншама күдік тудырғантұжырымдарды жасаған ғалымдардың ойлау жүйесі тәуелсіз, пайымдары нақты ғылыминәтижеге құрылған, жалған ғылыми пайымдаудан аулақ деп сенім білдіре аламыз ба?Әй, қайдам, әр жерден шиі селдіреп шығып тұрғанына қарағанда, көз күмәнді,көңіл күпті. Мұхтар Әуезов Дж. Нерудiң «Индияны тану»  атты кiтабындағы:  «Индияның бүкiл болмысы менiң қанымда қайнаптұр, оның бойындағы құбылыстардың барлығы менiң жан дүниемдi қатты тебiрентедi.Сонда да мен өз елiме, оның бүгiнiне, өзiм байқаған өткеннiң сарқыншақтарынажаттың көзімен және сондай жеккөрiнiшпен қарадым. Мен өз елiмдi батыстыңкөзқарасы арқылы таныдым және кәдiмгi достық пейiлдегi еуропалық оған қалайқараса – мен де солай қарадым… Өйткенi менiң елiмнiң тарихы ағылшындардыңкөзқарасымен жасалған тарих едi», – деген пікірдің тұсын  көк қарындашпенсызып тұрып: «Менiң халқымның да тарихы солай жазылды», – деп белгi қойыпты.

Иә, ұлылардың ойын ұлылар ғанатерең түсiнедi. Демек, бiз қанша дербес ойлаймыз, тәуелсiз жазушымыз,тарихшымыз дегеннiң өзiнде, жанымыз бен тәнiмiздегi басыбайлылыққа байлаулыекенбiз. Ұлы адамдардың ұлы жүрегiн кеулеп кеткен тәуелдiлiктiң күйдiргiсi –ғұмырын тәуелсiздiк үшiн күреске бағыштаған жандардың жанын шырмап алғанда,Қобан бойында 80 мың ноғайды бала-шаға, шал-шауқан, әйелiмен қосып қырыптастаған Суворовты ұлттық қолбасшымыз деп, аталарымыздан бастап, аналарымызғадейiн шоқындырудың жоспарын жасаған Ильминскийдi халқымызды ағартушы деп пiртұтып келген «советтiк жас пионерлердiң» жүрегiнен тәуелсiз ұлттық сезiмнiңтамшысы табылар ма екен?!

Әрине, озық инженерлік ойға,үздік технологияға, бәсекелі, Абайша айтқанда, «бақас» ғылымға кім қарсыболсын. Бірақ көшірме ойды көсей берсек, түбінде көсеу ұстап қалмаймыз ба?«Жалған ғылым» деген сөзді жай қызыл сөз үшін емес, жаным әбден күйген соңайтып отырмын. Неге? Өйткені  қазірбіздің  ғылым  деп жүргеніміздің көбі, мен бұл арада қоғамтану саласын айтып отырмын,   көпірме идея, көбік нәтиже. Жалған тақырып пен көлгір талдауға құрылған.Нәтижесі ғылыми ой ретінде ұйымаған. Өйткені оның  мәйегі – мәйек емес, шалап. Тура біздіңқазіргі салынып жатқан ғимараттарымыз сияқты. Қабырғаның екі беті алекобондпенәдеміленіп қапталған, ортасында сылақ жоқ, жел аңырап тұрады. Бұл ойымды министрден бастап, қатардағы қарапайым профессорға да   дәлелді дәйектер мен   мысалдар  келтіре аламын. Солардың бірде-біреуі бұлпікірге қарсы келмейтіні кәміл. Қайта менің мысалдарыма мысал қосып,айтқанымнан да асыра талдап беруі мүмкін. Өйткені осы  жайды әр саладағы ғалымдар өзінің басынанкешіріп отыр, ал сол тауқыметті саясатты жасап отырған да ғалымдар немесеғалымсымақ шенеуніктер. Тіпті бұл саясатқа ғылым саласында жиі ауысып тұратынкезекті министр де өзгеріс енгізе алмауы мүмкін.

Неге? Себебі ғылым мен білімсаласы туралы дүниежүзінде қанша келімшарт үлгісі болса, соның бәріне кезіндеқол қойыла берген. Енді одан бас тарта алмайды. Ал соны кезекті министрдіңпәрменімен кезінде жүзеге асырған ұсақ шенеуніктер, қазіргі комитеттер мендепартаменттегі орта шенеуніктер өздерінің қателігін әшкерелеп алмау үшіннығыздағанның үстіне нығыздап, қасарысып дес бермейді. Жұмырланып кеткен олтамырды үзіп тастау тек қана президенттің қолынан келеді. Ол үшін тәуелсіз ғылымтуралы жарлық керек. Ал ғылым туралы жаңа заңның үлгісі ғылым мен ғалымдыбасыбайлы етуге бағытталған. Егер де ғылым саласына бюджеттен қаражат бөлінбейотырса, онда әркім өз күнін өзі көрсін деген қатыгез сауатсыздыққа көнуге болареді. Ал қаражат бөлініп отыр ғой. Ендеше, ол неге Қазақстанның тәуелсіз ғылымындамытуға қызмет етпейді? Әртүрлі жобаға конкурс жарияланады. Сол конкурстардыңжетекшілері кімдер дейсіз бе? Комитеттер мен департаменттердің протекциясындағыжолбике ғалымдар, ректорлар мен проректорлар, декандар, институт директорлары.Ал күнделікті тәжірибеде көріп жүргеніміздей, олардың тұрақты ғылымменайналысуға уақыты жоқ адамдар. Ал олардың әрқайсысында кемінде төрт-бес жобабар. Тіпті «Болашақтың» да бағдарламасын солардың өзі алып, әрі басқарып, әрішетелде оқып, екеуін қатар жалғастырып жүргендер де бар. Сонда ғылыммен кімайналысады? Наполеон мен Лениннің қабілеті бойларына бірдей біткен күнніңөзінде де, бір аяғын шетелде, бір аяғын Қазақстанда басып, үнемі талтайып тұраалмайды ғой. Сондай жолбикелер аяғын жимай, ғылым түзеледі деп айта алмаймын.

Бұл тәуелсіздіктің бастынысанасына жасалған бопса. Не  үшін? Сонытүсінбеймін. Нұрлан Темірғалиев деген бұрынғы Одаққа белгілі, қазір дехалықаралық математика ғылымының қабырғалы тұлғасының бірі, профессор.  Сол ғалым осыдан  4-5 жыл бұрын «Қазақстан ғылымы бірте-біртежалған ғылымға бойын үйретіп барады, бұл өте қауіпті бағыт» деп күйіне айтқанеді. Біз ол кезде оған: «Рас, бүгінде жалған ғылым тіршіліктің бар саласына  кеулеп  еніп бара  жатыр. Тоқтату керек. Олүшін қайтпек  керек? Сендерді қойшы, мынақоғамдық ғылым соған бетін мүлдем бұрып алды», – дейтінбіз. Арада екі-үш жылөткенде, басқаны былай қойғанда, сол математика ғылымының өзінен, жаңағы НұрланТемірғалиев зар илеп  айтқандай, бесдиссертация жалған формуламен шығарылған есепке құрылыпты. Сұмдық қой! Бұлтеміржолдың бойынан тыс жерде вагон тартып бара жатқан паровоз сияқты. Теміржол жоқ, бірақ паровозбен состав кетіпбара жатыр. Қайда кетіп бара жатыр, қандай жолмен кетіп бара жатыр, жалпы,орнынан қозғалды ма, оны ол араға кім көтеріп апарды – ешкім  білмейді.

Мен қазір жаратылыстануғылымының нәтижелеріне де, олар дайындаған инженерлер мен мамандарға дакүмәнмен қарай бастадым. Дипломына, ғылыми атағына емес, солардың біздіңқоғамды ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыта алатынына. Оқытушылар студенттердіоқытуын оқытады-ау. Шартты түрде Қазақстан бойынша жылына 5000 студент инженер(барлық техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік, қолданбалы ғылым саласыбойынша) мамандығын алып шығады. Ширек ғасырдың ішінде пәленбай мың инженершықты. Ал ғылыми-инженерлік ой сол пәс деңгейінде. Менің байқауымша, солардыңбарлығы кәдімгі колледж дайындауға тиісті механиктердің міндетін атқарып жүр.

Қарабайыр мысалмен келтірейін,инженер мамандығы бар адам өндіріске өзі ойлап тапқан тетікті енгізуге мүдделі.Онсыз механиктен қандай айырмашылығы бар? Біздің инженерлер дайын бұранданы(гайканы) бұрайды, аккумуляторды, дайын дөңгелекті орнына салады, ал бірбұранда жетпей қалса ісі тоқтайды. Өз бетімен өзгеріс енгізуге мұршасы да, құқыда, мүмкіндігі де жоқ. Өйткені ол жалдамалы сауатты жұмысшы ғана. Қай заводтақандай ғылыми шеберхана бар, әлгі инженер әуелі сол заводтың ішіне кіріп көрдіме екен? Егер дайын жабдықтарды әкелу тоқталса, біздің әлгі он мыңдағанинженеріміз екі қалтасына қолын салған жұмыссыздардың қатарына қосылады дашығады.

Оу, сонда біз инженер емес,механик дайындасақ, онда неге жалған маманға шығын шығарамыз? Жоғары мамандықиесі міндетті түрде өз саласы бойынша қоғамды алға жылжыта алатындай ғылымиәлеуетке, дербес ойлау жүйесіне, инженерлік шешімге қабілетті болуы тиіс. ҚанышСәтбаевтың, Шафик Шокиннің, Шаһмардан Есеновтің, Евіней Букетовтің, ӘбілқасымСағыновтың даналық қуаты – инженерлік ойды өндіріске енгізуінде. Ғылымды өндірістенажыратып, алшақтатып, маманның білімін сұраусыз қалдыру арқылы еш нәтижебермейтін ғылыми тәуелділікке, жалған ғылымға жол аштық.

Ал енді  қоғамтану ғылымына, оның ішінде тарих пенәдебиетке келсек, біз жалған ғылымға толығымен көшіп болдық. Бір мысалкелтірейін. Қазақ  АвтономиялықРеспубликасы 1920 жылы қазан айында жарияланды. Соның алдында қазақ  жерінің шет-шегін  белгілеу  үшін Ахмет Байтұрсынов  пен  Әлихан Бөкейханов,  Әлімхан Ермеков  (баяндамашы) Ленинге,  бірде  Сталинге кіріп  жүріп, 1920  жылы 24  тамыз  күні Қазақстанның ұлттық мемлекеттік территориясын бекіттірді, оған Ленин менСталин  қол  қойды. (Біз сол  бекітілген  территорияның қазір  15  пайызынан айырылып  қалдық. Қарақалпақстан,Шыршық – Өзбекстанға, Елек, Алтайдың арғы беті,    Жазатыр жотасы Ресейге берілді). Бүкіл әлеммемлекеттері 1991 жылы сол территорияны Қазақстан мемлекетінің жері ретіндетаныды. Сондай тарихи оқиғаның  90  жыл толуы атаусыз қалды (бес-алты жылданкейін 100 жыл толады). Қазіргі геосаясат тұрғысынан алғанда, аса маңызды дата.Үнсіз қалдық. Үнсіз ғана қалып қоймай, барлық тарихи-саяси, жағырапиялық ресмибасылымдарға қазақ мемлекетінің территориясы 1991 жылдан кейін бекіді деп жазды. Сонда бұл Қырымның кебін құшуғаұрындыратын тарихи долбар екені әлгі «оқымыстысымақтардың» ойына келмегені ме?

Тарихи фактілерге сүйенсек,Алашорда 1917 жылы тамыз айында болашақ үкіметтің жобасын бекітіп, желтоқсанның13-ші жұлдызында өз тәуелсіздігін жариялады. Яғни олар саналы түрде ұйымдастыружұмысын үш айға  кешіктірді. Ал кеңестарқаған тұста, 1991 жылы тамыздың 24-інде өзбектер, одан кейін түрікмендер,соңынан қырғыздар тәуелсіздігін жариялады. Біз ғана желтоқсанның 16-сына создық. Екі жағдайда да:біріншіде Николай мен Ленин, екінші жолы Ельцин мен Горбачев  басқаға мойын бұра алмай жатқанда,тәуелсіздіктің сәті түсті. Ал Алаш асықсын-асықпасын, енді бір ай кешіксе,Кеңес өкіметі орнап, автономия ала алмайтын еді. Қалың жұрт, соның ішіндетарихшылар түркі идеясы мен кеңестік Түркістан республикасы арасындағы түбірліайырмашылықты түсінбей, Алашорда үкіметін Түркістанды қостамағаны қателік болдыдеп сәуегейсиді. Ахмет Байтұрсыновтың: «Тұрар Рысқұлов пен  Сұлтанбек Қожановтың   Түркістан мемлекетін құрамын дегенінеқарсымын», – деген жауабына орай, Рысқұловты жақтаушылар Ахаңды түкке алғысызқылып тастады. Бұл факт. Мұстафа Шоқайдың да ортақ Түркістан идеясынаБайтұрсынов пен Бөкейхановтың қарсы болғаны дұрыс. Өйткені алашордашылардыңәрекеті арқылы Қазақстанның солтүстігіндегі және оңтүстігіндегі  бес облыс еліміздің құрамына енді. 1920 жылы4-17 тамызда Кремльде Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Ахмет БайтұрсыновЛенинмен мәмілеге келіп, Қазақстанның бүгінгі аумағын қорғап қалған. Егер деТұрар Рысұловтың Түркістан мемлекеті жүзеге асса, онда Алматы, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда және Хиуа(Маңғыстау) облыстарының жері Түркістан республикасына (бүгінгі Өзбекстанға),Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Ақмола, Семей және Өскемен Батыс Сібірдіңаумағына қарар еді. Тек Қостанай, Торғай, Орал облыстары Қазақ автономиясыныңнегізін құрап қалар еді. Сонда кімдікі дұрыс? Менің бір түсінбейтінім, осындайжалған идея мен жалған тұжырым, жалған намыс, жалған ғылым кімге керек? Тарихиоқиға бүгінде неге бұрмаланып айтылады? Ал орыс баспасөзі бұларды арандату ретінде пайдаланып, Жириновскийдіңаузымен жидітіп отыр. 

Бұл  жасырып қалуға  болмайтын ащы  шындық. Тәуелсіз күшті заңның бопсаға шыдапберетіні туралы тағы бір уәж келтірейін. Жүз жылға жалға берген Тайуан аралынҚытай өткен ғасырдың аяғында қайтарып алды. Ол үшін «Бір мемлекет – екі түрліқоғам» деген тұжырым енгізді. Яғни Қытайдың бір бөлігі – социалистік, екіншібөлігі капиталистік қоғамда қатар өмір сүріп жатыр. Қытайдың тұтастығын сақтауүшін Дэн Сияу Пин осыған да барды. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Шуақ пен көлеңке»атты мемуарында шекараны анықтау тұсында, әсіресе Өзбекстанмен арадағы жайлардыкейінге қалдыруға болатынын, бірақ сауатсыз елшілердің кесірінен оның әділетсізшешімге барғанына өкінетінін ашып жазды. Демек, 50 жылға жалға берілген жердіхалықаралық заң арқылы қалпына келтіруге мүмкіндіктің кезінде болғаны ғой.Мақтаарал ауданы Қазақстанға қайтқан тұста да осындай асығыстықтардың жасалғаныанық. Біз Алтай үшін, Мұзтау үшін мақтанамыз. Ал ол шыңға баратын жер де, жолда Ресейге өтіп кетті. Соның кесірінен баянөлгейлік қандастарымыздың қанынқарайтып, жанын жаналқымға келтіріп отырмыз. Тіпті қорғаныстық, халықаралықмаңызды нүктені қолдан беріп алдық. Десек те, біз  сол  Ленин қол  қойған  жердің негізін  сақтап  қалдық.

Ал енді  осындай маңызды оқиғаны  мемлекеттік тұрғыдан  ескеруге  болар ма  еді?!  Болар еді.  Өкініштісі, біздегі  барлық саяси партиялар өзінің қайдан  шыққанын білмейді, білгісі  де  келмейді. Сондай-ақ «Алаш»  партиясының құрылғанына 90  жыл  толып кетті. Оның бағдарламасымен кім  танысып, кім  есіне  алды? Мемлекет  болар-болмас    кішкентай ғана  қаулы  шығарды. Ол  қаулы  сол қалпы  қалды.  Оны ескеріп,  іске  кірісіп жатқан  ешкім  жоқ. Сол  Алаштың   идеясы не  еді? Ешқандай  партия есіне де алмады, тіпті кейбірініңқаперінде де болған жоқ. Оның есесіне халық ассамблеясының атын жамылғанмәжіліс депутаттарының бірі «Алаш» партиясын жеккөрінішті етіп еңбек жазып, оныжариялауға ұмтылды. Менің бір досым «Қазақстан – казактардың да Отаны, олардемократиялық принциптерді орнату үшін, интернационалдық борышын өтеу үшінқоныстандырылған» деген мағынада кітап жазуға тапсырыс берілгенін айтты.Ұмытпасам,  осыдан  бес жыл бұрын студенттер  кездесуге шақырды. Оларды біртұтас Алашидеясымен     таныстырдым.  Бір ай өткен  соң, жаңағы  балалар тағы келіп: «Біз екіге  бөлініп таласып  жатырмыз. Тең жартымыз«Қазақ  халқының  жауы – Әлихан Бөкейхан. Алашорда үкіметі –қазақ  мемлекеттігін  сатқан үкімет. 1991  жылға дейін  Қазақ  мемлекеттігі де, шекара да болған  жоқ. 1991 жылы  Қазақстан тәуелсіздік  жариялаған соң  ғана шекара  анықталды» дейміз.   Ал қалған жартымыз      шыр-пыр  болып оларға  қарсы  шығып жатырмыз. Қайсымыздыкі дұрыс?» – дейді.Сөйтсем, сол жылдары Қазақстан тарихынан берген оқытушы жалған ғылыми негізге сүйеніп дәріс оқып, осы пікірді жалғаноқулықсымағына енгізіпті. Бұл әлгі халықтар өкілі ретінде сайланған депутаттыңАлашорда үкіметіне қарсы жазылған пікірінен де асып түскен арандату.

Мұны түртіп  отырған түйнек құрты – білім жүйесінде. Өзбасым несиелік технология дегенді Қазақстан үшін сауатсыздықтың басы депесептеймін. Өйткені бізде онымен оқитындай негіз де, менталитет те, оқулық та,білім де жоқ. Өз бетіңше оқитын оқулығың болмаса, бірінші курстан бастап қандайтәжірибелік жұмыс туралы айтуға болады? Біз студент кезімізде Л.Толстойдың«Соғыс және бейбітшілік» романын бір семестр оқығанбыз. Ал қазір 40-60жылдардағы қазақ әдебиетін бір блок оқимыз. Бір блок дегеніміз – 1 ай 20 күн.Оның ішіне Әуезовің де, Мұқановың да, Мүсіреповің де кіріп кетеді. Бір блоктабасқа емес, М.Әуезовтің «Абай жолын» оқып шығуға мүмкіндік бар ма? Сөйтсек,біздің оқыту жүйеміз Ресей мен Болон жүйесіне бейімделген бакалаврлықпен,магистрлықпен сәйкестендіріліп қойылған көрінеді. Тәуелсіз ғылым жоқ. Онсызтәуелсіздік те, зиялы да, болашақ та жоқ.

Яғни бір сөзбен түйіндесем,Алаштың осы бес аманаты жүзеге аспай, қазақ қоғамы қалпына келеді, қазақ алғабасады деу бекершілік.  «Мәңгілік ел»ұстанымы тәуелсіз ғылымға жол аша ма, жоқ па, оның өміршеңдігі соған тікелейбайланысты. Менің бұл пікірлеріме осыдан бес жыл бұрынғы алқалы пікір алысудаАманкелді Айталы ағамыз айтқан: «Әрине, Алаштың барлық идеясымен келісеміз.Бірақ жоғарыдағы бес мұратқа жете алмай отырмыз. Ғасырлар бойы қордаланғанмәселелерді 18 жылда шеше аламыз ба? Мүмкін, шын мәнінде уақыт аз болып жатқаншығар. Бірақ осы уақытта біраз мәселені шешуге болмайтын ба еді деп те айтуғаболады. Біз бүгін орысша ойлаймыз, орысша сөйлейміз. Біздің көп адамдарукраиндықтарды, грузиндерді, шешендерді айыптайды. Неге олай? Себебі біз әлгіорысшалағанда, «зомбыланғанбыз». Бұл, міне, бар дүние. Неге сол Украинада,Грузияда біздің бір телеарнаның журналисі отырмайды? Олай емес, бұлай деп.Мәскеуде бар. Өйткені оларға тиімді, ал біз толық ақпарат ала алмай отырмыз.Осылайша көптеген жағдайларда біз орыстың жетегінде кеттік. Содан соңішіміздегі орыстар Ресейдің Осетия, Абхазия, Грузиямен қақтығысын түгелдейқолдап отыр ғой. Біздің сыртқы саясатымыз бар. Бірақ орыстар оны қолдамайды.Жаңағы ақпараттың да ықпалы бар. Сондықтан Тұрсын Жұртбай айтқандай,ұлт-азаттық күрес (рухани тұрғыдағы – Т.Ж.) барлық салаларда жалғасып кележатыр деуге болады. Шекара бар, ал рухани салада шекара жоқ. Содан кейінқол-аяғымызды байлап тұрып, ЕҚЫҰ «Діни сенім және діни бірлестіктер туралы»заңымызды қабылдатпады ғой. Ол да соның кесірі. Ал бір жыл төрағалық етеміздеп,  мыңжылдық құндылықтан айырылыпқаламыз ба? Құрсау – сол. Сондықтан көтерілген мәселелер өте орынды, ойланатынжағдайлар көп. Бір жағынан, «уақыт аз» деп ақтауға болады, бір жағынан, сол 18жылда басқа мемлекеттермен салыстырғанда көп жағдайда бітіретін істердісалғырттыққа салдық. Енді мәселе, шын мәнісінде философиялық тұрғыдан айтқанда,«не страшно то, в каком обществе мы живем, а страшно то, из какого общества мывышли». Коммунистік, атейстік психология, ұлтқа деген салқындық жалғасып кележатыр әлі. Иә, бұрынғы саясаттың ықпалы жүріп тұр деуге болады», – дегенпікірлері өзінің күшін әлі жойған жоқ деп есептеймін. 

Тұрсын ЖҰРТБАЙ

Жалғасы бар.

Тегтер: