Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:27, 25 Наурыз 2020

«Мәңгілік ел» жоспарда жоқ

  Басқасы басқа,«Мәңгілік елді» жоспарға енбей қалады деп кім ойлаған? Осыдан алты жыл бұрын президентжарлығымен Әлмерек елді мекені Талғар ауданының басқаруынан шығып, Алматықаласының Түрксіб ауданына өз алдына бөлек ықшамаудан болып енген еді.

Соданбері шағын ауыл адам танымастай өзгерді. Солтүстік-шығыс бөлігіндегі егістікалқаптарында екіқабатты зәулім үйлер қаптап, көшелер де көбейе түсті. Бүгіндежаңадан он шақты көше пайда болды.

Бас жоспар дұрыс жасалмағандықтан, әлгі жаңа көшелер кесірткеніңқырқылған құйрығындай келте әрі түсініксіз болып тұр. Бұрын қоқыс полигоныболған аумақ Әлмеректен бөлек тұрса да, шағын ауыл болған. Баяғының тіліменайтқанда, көшелері қиқы-жиқы, қырықкепе десе де болғандай. Бірақ ресми құжаттарбойынша, әудем жерде отырған бұл ел-жұрт та «Әлмерек» ықшамауданына қарайды.Қиюы қашқан көшеден әрірек аттасаңыз – терең сайға түсесіз. Сай ішінде күркірепкішкентай өзен ағады. Табиғат осы өзенді жаратқалы бері арнасы тазалаукөрмеген, қоқысқа толы. Бір қызығы, осы өзенде ханбалық пен ондатр дакездеседі. Егерәки, Әлмеректің бір тұрғыны қолына қармақ алып, өзеннен алтынбалық ұстап алса, «жалғыз ғана тілегіңді орындаймын, босат» десе, қандай тілекайтуды да білмей шатасуы кәдік. Өйткені ауылдың  проблемасы шаш етектен. Батпаққа батқан жолдықоя тұрайық. Ең бастысы ол емес. Ең бірінші – толғағы келіп тұрған жарықмәселесі. Тұрғындар 13 жылдан бері электр қуатынан «көресіні» әбден көріпбіткен.

   – Бізде электржелілері салынбаған. Әркім қолынан келгенше домбайлап, сонау МТФ-дағытрансформатордан тартып алған. Трансформатордың қуаты бар болғаны 20-25 үйгеғана жетеді. Ал бүгінде оған 200-ден астам үй «мінгесіп» алғанбыз. Соныңкесірінен күнде кешкілік жарыққа жарымаймыз. Электр қуаты әр үйге 220 вольтпенкіруі керек болса, бізге жететіні 140-120 вольт. Тіпті кейде оның өзі 96-87вольтқа дейін төмендейді, – дейді «Әлмерек» ықшамауданының тұрғыны ХабибБердімұратов.

      Электр қуатыжетіспейтіндіктен, көшелерге жарық орнатылмаған. Оның зардабын қыста сабақтанкеш шығатын оқушылар тартуда. Екінші мәселе – ауызсу мен орталық канализацияқұрылысы. Орталық канализация болмағандықтан, тұрғындар қолдан ор қазып, шайынды суды төгетін септик салып алған.Түрксіб ауданы әкімдігінің ресми сайтындағы ақпарат бойынша «Әлмерек» шағынауданында1100 үй бар. Яғни 1100 септик бар деген сөз. Мұншама септиктің жерасты суына,экологияға келтірер зияны орасан.

Былтыр күзде осы орталық канализацияға қосу мәселесішешілетіндей болған. Сөйтіп, құрылыс жұмыстары қарқынды түрде басталды. Бірақобалы не керек, көп күттірген канализация төрт-бес көшеге тартылып, бірнешеуіқалып кетті. Соның бірі – «Мәңгілік ел» көшесі. О жағы мен бұ жағы біршақырымға жуық үлкен көшенің қалайша ескерусіз қалғаны таңғалдырады.

– «Мәңгілік ел» көшесінде канализация жүргізу мәселесіжоспарға енбей қалыпты.  Жоспарға түзетуенгіземіз бе, әлде сол күйінде қала ма, оны көреміз. Негізінен, көше тұрғындарыдер кезінде үй құжаттарын заңдастырмаған. Соның кесірі тиді, – дейдіпрезиденттік кадр резервінен Түрксіб ауданына әкім болып жақында тағайындалғанБақытжан Ақжаров екіұштылау. – Ал жарықтандыру мәселесі бойынша айтсақ, биылжаңадан трансформатор орнатылып, электр желілері тартылады. Көшелердіжарықтандырамыз. Су мен канализация құрылысы биыл күзде аяқталуы керек. Одан соңықшамаудандағы жолдарды асфальттаймыз. Тротуарлар саламыз. Автобус аялдамаларынжол салып біткесін ұзартамыз. Осы мақсатқа бюджеттен 900 миллион теңге бөлінді.Биыл және келер жылы сол қаржыны түгел игереміз.

      Автобусаялдамасы демекші, жаңа құрылыс тұрғындары соңғы аялдамадан үйіне жеткенше1-1,5 шақырым жаяу жол жүреді. Жалпы, «Әлмерек»ықшамауданының проблемасы бір күнде пайда бола қойған жоқ. Қалаға енгелі берітұрғындар талай мәрте хат жазып, талай мекеменің есігін тоздырды. Бұрынғы қалаәкімі Бауыржан Байбек пен аудан әкімі Сергей Кулагин де Әлмерек ауылы үшін басқатырған жоқ. Барлық проблеманы «келесі жылы шешеміз» деумен басқа қызметтергеауысып кетті. Жаңадан келген қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пен аудан әкіміБақытжан Ақжаров толғауы тоқсан мәселелерге құлақ қойғандай сыңай танытты.Бірақ әкімдердің құрғақ уәдесінен шаршаған жұрттың жүрегі шайлығып қалған. «Мәңгілік ел» көшесі жоспарға енбеген күйінде, мәңгілікпроблемамен қала ма деп қорқады.

ТоқтарЖАҚАШ

Тегтер: