Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:41

Маңғыстау облысында «Жалғызтөбемұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады

1
Фото: скриншот

Маңғыстау облысындағы «Жалғызтөбемұнай» компаниясының қызметкерлері ұжымдық шарттың орындалмауына байланысты Президентке бейнеүндеу жолдады.

Жұмысшылар не дейді?

Видеода сөйлеген мұнайшылардың айтуынша, компания басшылығы ұжымдық шарттың бірнеше тармағын — 3.8, 5.93 және 5.95-баптарды орындамай отыр. Олар бұл баптардың нақты қандай жеңілдіктер мен міндеттемелерге қатысты екенін ашып айтпағанымен, мәселе ең алдымен жалақы мен үстемеақыларға байланысты екенін аңғартады.

Жұмысшылардың сөзінше, олар бір жылдан бері еңбек инспекциясына, прокуратураға және Еңбек министрлігіне бірнеше рет шағымданған, алайда нәтиже жоқ.

Ал Еңбек министрлігі биыл мамыр айында:
«Компанияда еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ», - деп жауап берген.

Жұмысшылардың шағымынан кейін жергілікті билік компанияға тексеру жүргізе бастады.

«Тексеру жүріп жатыр. Қорытынды кезең 2025 жылғы 2 желтоқсанда аяқталады. Барлық іс-шаралар заң аясында жүргізіліп жатыр. Жағдай уәкілетті органдардың бақылауында», – делінген хабарламада

«Жалғызтөбемұнай» Түпқараған ауданындағы Жалғызтөбе кен орнында мұнай өндіреді. Компанияда 136 қызметкер бар. Ресми ақпарат бойынша, орташа жалақы – 722 734 теңге.

Өткен жылы да осы компанияның жұмысшылары ереуілге шыққан. Олар басшылықтың қысым көрсеткенін, еңбек құқықтарын бұзғанын және заңсыз жұмыстан шеттетулер болғанын мәлімдеген. Сол кезде уақытша келісімдер жасалғанымен, мұнайшылардың айтуынша, негізгі мәселелер шешілмей қалған.

Тегтер: