Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 09:41

Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты

жол
Фото: kolesa.kz

11 қыркүйек күні Қарақия ауданына қарасты Сенек ауылынан 90 шақырым жерде ірі жол-көлік апаты болды. Салдарынан 10 адам көз жұмды.  

Алдын ала мәлімет бойынша, «Toyota Hiace» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол шетіне шығып кетіп, көлік аударылған. Автобуста жүргізушіден бөлек 12 жолаушы болған. Сегіз адам оқиға орнында қаза тапса, тағы екеуі ауруханаға барар жолда жан тапсырған. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Белгілі болғандай, жолаушылар Бекет-Ата әулие мешітіне зиярат етуге бара жатқан. Барлығы – Қазақстан азаматтары, әртүрлі өңірден келген.

Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы анықталып жатыр.