Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:22

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, төрт адам қаза тапты

П
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, төрт адам қаза тапты.

Автобуста жалпы 50 адам болған.

Жол апаты 16 қаңтар күні сағат 01:03 шамасында «Доссор -Ақтау» тас жолында орын алды. Алдын ала мәліметке қарағанда, Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Көлікті 41 жастағы жүргізуші басқарған.

Оқиға орнында төрт жолаушы қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.

Тегтер: